Қайталау. Аудандар. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 4 сабақ.
Қысқамерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Аудан | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||
Сабақ: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қайталау. Аудандар | |||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Оқушылардың білімін жүйелендіру және жалпылау, практикалық есептер шығару үшін оқыту және зерттеу дағдыларын қалыптастыру. | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.9 көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу; 8.1.3.11 параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; 8.1.3.12 үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану; 8.1.3.13 трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Көпбұрыш аудандарын есептеу формулалары тақырыптары бойынша білімін тестілеу және жүйелеу; практикалық мәселелерді шешудегі оқушыларға формулаларды қолдану қабілетін нығайту; әртүрлі көпбұрыштардың аудандарын есептеуге қатысты мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -үшбұрыш аудандарының формуласын біледі; -квадрат аудандарының формуласын біледі; - параллелограмм аудандарының формуласын біледі; -трапеция аудандарының формуласын біледі; -есеп шығаруда формуланы дұрыс қолдана алады. Жеке жағдайларды қарастыра отырып, жалпы формуланы шығарып алады. | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - фигуралар аудадандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді. Пәндік лексика мен терминология -шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас,тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - үшбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; - трапеция ауданы; - Герон формуласы. - Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет - үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сұрақтар қою, салыстыру жүргізу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал ету, бірлесіп проблеманы шешуге, өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға дағдыландыру. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | экономика | |||||||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш анықтамаларын және олардың элементтерін білу. Үшбұрыштар және төртбұрыштардың түрлерін ажырата алу. Квадрат пен тік төртбұрыш ауданының формулаларын қолдана алу | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды. Үй жұмысына берілген тапсырманың шешімін екі оқушы ауызша түсіндіріп айтады, басқа оқушылар өз жұмысын тексеріп, білімінің деңгейін анықтайды Сабақ тақырыбы мен мақсатын орнату 2. Оқушылардың негізгі субъективтік тәжірибесін өзектендіру (теориялық тестілеу және өзара тестілеу бойынша өзіндік жұмыс) 3. Мәселені шешу (дайын сызбалар бойынша жұмыс) 4. Қолданбалы мәселелерді шешу (кәсіптік ойын) 6. Сабақтың қорытндысы. Үй тапсырмасы | |||||||||||||||||||
Сабақтың Ортасы 10 мин 22 мин | ІІ. Оқушылардың білімін нақтылау Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың, трапецияның аудандарын есептеулерде формулаларын еске түсіру мақсатында жазбаша жұмыс орындалады.
ІІІ. Тақырыптарды қайталау Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың, трапецияның анықтамалары мен қасиеттерін еске түсіру Теориялық тест 1. Дұрыс нұсқауды таңдаңыз: a) Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі қабырғасының көбейтіндісіне тең. б) квадрат ауданы оның қабырғасының квадратына тең. в) Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі көршілес қабырғасының екі еселенген көбейтіндісіне тең.
2. Тұжырымды толықтырыңыз: Ромб ауданы ... жарым көбейтіндісіне тең болып табылады. а) оның қабырғаларының. б) оның қабырғасы және осы қабырғасына түсірілген биіктігі в) оның диагональдарының.
3. S = a • hа формуласын пайдаланып, ауданды есептейді: а) параллелограмм. б) үшбұрыш. в) тіктөртбұрыш. 4. Табандары АВ және CD, биіктігі BH болатын ABCD трапеция ауданы формула бойынша есептеледі. a) S = AB: 2 • CD • DH. б) S = (AB + BC): 2 • BH. в) S = (AB + CD): 2 • BH. 5. Тұжырымды аяқтаңыз: Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы: а) оның қабырғасының кез-келген биіктікке көбейтіндісі. б) оның катеттерінің көбейтіндісінің жартысы. в) оның қабырғасының оған түсірілген биіктігінің көбейтіндісі.
6. S = ½ a • ha формуласымен ... ауданы есептеледі: а) параллелограмм. б) квадрат. в) үшбұрыш. 7. Дұрыс нұсқауды таңдаңыз: a) Тіктөртбұрыштың ауданы оның қабырғаларының көбейтіндісіне тең. б) Тіктөртбұрыштың ауданы оның қарама-қарсы қабырғаларының көбейтіндісіне тең. в) Тіктөртбұрыштың ауданы оның көршілес қабырғаларының көбейтіндісіне тең.
ІV. Білімдерін бекіту мақсатында күрделі тапсырма орындайды. 1. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 96, ал диагоналі 100. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз. 2. Квадраттан тіктөртбұрыш қиылып алынды. (Суретте) Пайда болған фигураның ауданын табыңыз. 3. ABCD параллелограмм ауданы 56. E нүктесі — CD қабырғасының ортасы. AECB трапеция ауданын табыңыз. 4. Ромб қабырғасы 10, ал оның бір диагоналі 10, ал оған қарсы жатқан бұрышы 30°. ромб ауданын табыңыз. (Берілгендері артық есеп). 6. Стандартты емес фигураның ауданын табыңыз.
Қосымша теория. Пик формуласы туралы қысқаша еске түсіру
В=12, Г=4. S=В+Г/2-1=12+2-1=13.
5. Топтық жұмыс «Құрылысшы» ойынын фигуралар аудандарын: үшбұрыш, квадрат, параллелограмм, ромб және трапеция аудандарын есептеулерде теорияны практикада қолдану мақсатында ұйымдастырылады. Әртүрлі пішінде берілген фигуралардан паркеттелген еден жасау ұсынылады. Еден ауданы 5,75 * 8 м.
Сынып үш топқа бөлінеді 1-топ пакет дайындаушы 2-топ пакет жеткізуші 3-топ пакет төсеуші 1. Жолақтың өлшемдері 20см және 575см S = 20 · 575 = 11 500см2. 2. Бір үшбұрыш ауданы S = ½ · 15 · 20 = 150см2. 3. Бір параллелограмм ауданы S =35 · 20 = 700см2. 4. Бір трапеция ауданы S = ½ · (50 + 20) · 20 = 700см2. 5. Бір жолаққа сиятын параллелограмм мен трапеция саны (11 500 – 2 · 150) : 700 = 16 . 8 параллелограмм мен 8 трапеция. 6. 800: 20 = 40. 7. 40 · 2 = 80. Тексеру: S = 800 · 575 = 460 000см2. 2. 320 · 700 + 320 · 700 + 80 · 150 = 224 000 + 224 000+ 12 000 = 460 000см2 Әр топ өзіне тиісті тапсырмасы орындайды. Ойын соңында жауаптарының дұрыстығын тексереді. Шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады. Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды, жіберген қателерін сыныппен талдап, талқылайды. Жұмыстарының қателіктерін талдауда оқушылардың көпшілігі игере алмаған тапсырмалар тақтада қарастырылады. |
| ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | V. Кері байланыс Біз қайталадық – …. Біз білеміз – … Біз жаңалық болды - ... Қорытынды Үй тапсырмасына сараланған тапсырмалар беріледі. Өз бөлмеңді жөндеу кезінде қанша қаражат жұмсалатынын есепте. Линолеум, түсқағаз жапсыру. Есептеу үшін берілгендерді интернеттен, ата-анасынан немесе дүкеннен алу. Кері байланыс Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстарды қолдануда өзіңізді енді суреттегі қандай адаммен сәйкестендіресіз? Неліктен? Стикерге нөмірі мен себебі қысқаша жазылады. | |||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Оқушылардың тақырыпты бекітуде сараланған тапсырмалар орындау барысында қабілеті жоғары оқушыларға жоғары талап қойылады. | Оқушылар ауызша есептер, сараланған тапсырмалар орындау арқылы өзін-өзі, бірін-бірі бағалайды. | Сергіту сәтін ұйымдастыру | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||
Әдебиеттер:
- Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
- Геометрия. Задачи на чертежах. 7-9кл._Э.Н.Балаян_Ростов на Дону. Феникс. 2013 -223с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру