Қайталау. Аудандар. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 4 сабақ.


 Әдістемелік нұсқаулар

 Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Көпбұрыш аудандары. Практикалық қолданыс

 Оқыту мақсаты:

 Фигуралар аудандарын: үшбұрыш, квадрат, параллелограмм, ромб және трапеция аудандарын есептеулерде формулаларды сауатты пайдаланады;

 Дайын сызбалармен берілген есептерді шығаруда толық шешімін көрсетеді

 Сабақтың түрі: Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру.

 

 Бастапқы білім: Оқушылар көпбұрыш аудандарын есептеу формулаларын біледі, есептер шығаруда қолданады.

 І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды.

 Үй жұмысына берілген тапсырманың шешімін екі оқушы ауызша түсіндіріп айтады, басқа оқушылар өз жұмысын тексеріп, білімінің деңгейін анықтайды

 ІІ. Оқушылардың білімін нақтылау

 Үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, квадраттың, параллелограмның, ромбтың, трапецияның аудандарын есептеулерде формулаларын еске түсіру мақсатында жазбаша жұмыс орындалады.

 

 

 

 

 ІІІ. Тест тапсырмасы

 1. Дұрыс нұсқауды таңдаңыз:

 a) Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі қабырғасының көбейтіндісіне тең.

 б) квадрат ауданы оның қабырғасының квадратына тең.

 в) Тіктөртбұрыштың ауданы оның екі көршілес қабырғасының екі еселенген көбейтіндісіне тең.

  

 2. Тұжырымды толықтырыңыз: Ромб ауданы ... жарым көбейтіндісіне тең болып табылады.

 а) оның қабырғаларының.

 б) оның қабырғасы және осы қабырғасына түсірілген биіктігі

 в) оның диагональдарының.

  

 3. S = a • hа формуласын пайдаланып, ауданды есептейді:

 а) параллелограмм.

 б) үшбұрыш.

 в) тіктөртбұрыш.

 4. Табандары АВ және CD, биіктігі BH болатын ABCD трапеция ауданы формула бойынша есептеледі.

 a) S = AB: 2 • CD • DH.

 б) S = (AB + BC): 2 • BH.

 в) S = (AB + CD): 2 • BH.

  

 5. Тұжырымды аяқтаңыз: Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы:

 а) оның қабырғасының кез-келген биіктікке көбейтіндісі.

 б) оның катеттерінің көбейтіндісінің жартысы.

 в) оның қабырғасының оған түсірілген биіктігінің көбейтіндісі.

  

 6. S = ½ a • ha формуласымен ... ауданы есептеледі:

 а) параллелограмм.

 б) квадрат.

 в) үшбұрыш.

  

 7. Дұрыс нұсқауды таңдаңыз:

 a) Тіктөртбұрыштың ауданы оның қабырғаларының көбейтіндісіне тең.

 б) Тіктөртбұрыштың ауданы оның қарама-қарсы қабырғаларының көбейтіндісіне тең.

 в) Тіктөртбұрыштың ауданы оның көршілес қабырғаларының көбейтіндісіне тең.

1

2

3

4

5

6

7

б

b

a

b

б

b

b

 

 ІV. Білімдерін бекіту мақсатында күрделі тапсырма орындайды.

1. Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы 96, ал диагоналі 100. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңыз.

2. Квадраттан тіктөртбұрыш қиылып алынды. (Суретте)

Пайда болған фигураның ауданын табыңыз.

3. ABCD  параллелограмм  ауданы 56.  E нүктесі — CD қабырғасының ортасы. AECB трапеция ауданын табыңыз.

4. Ромб қабырғасы 10, ал оның бір диагоналі  10, ал оған қарсы жатқан бұрышы 30°. ромб ауданын табыңыз. (Берілгендері артық есеп).

6. Стандартты емес фигураның ауданын табыңыз.

 

Қосымша теория.

Пик формуласы туралы қысқаша еске түсіру

 

В=12, Г=4. 

S+Г/2-1=12+2-1=13. 

«Құрылысшы» ойынын фигуралар аудандарын: үшбұрыш, квадрат, параллелограмм, ромб және трапеция аудандарын есептеулерде теорияны практикада қолдану мақсатында ұйымдастырылады.

Әртүрлі пішінде берілген фигуралардан паркеттелген еден жасау ұсынылады. Еден ауданы 5,75 * 8 м.

 

Сынып үш топқа бөлінеді

1-топ пакет дайындаушы

2-топ пакет жеткізуші

3-топ пакет төсеуші

1. Жолақтың өлшемдері 20см және 575см

S = 20 · 575 = 11 500см2.

2. Бір үшбұрыш ауданы

S = ½ · 15 · 20 = 150см2.

3. Бір параллелограмм ауданы

S =35 · 20 = 700см2.

4. Бір трапеция ауданы

S = ½ · (50 + 20) · 20 = 700см2.

5. Бір жолаққа сиятын параллелограмм мен трапеция саны

(11 500 – 2 · 150) : 700 = 16 . 8 параллелограмм мен 8 трапеция.

6. 800: 20 = 40.

7. 40 · 2 = 80.

Тексеру:

S = 800 · 575 = 460 000см2.

2. 320 · 700 + 320 · 700 + 80 · 150 = 224 000 + 224 000+ 12 000 = 460 000см2

Әр топ өзіне тиісті тапсырмасы орындайды. Ойын соңында жауаптарының дұрыстығын тексереді. Шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады.

 Топтар бір-бірінің жұмысын бағалайды, жіберген қателерін сыныппен талдап, талқылайды.

 Жұмыстарының қателіктерін талдауда оқушылардың көпшілігі игере алмаған тапсырмалар тақтада қарастырылады.

 V. Кері байланыс

Біз қайталадық – ….

Біз білеміз – …

Біз жаңалық болды - ...

Қорытынды

Үй тапсырмасына сараланған тапсырмалар беріледі.

Өз бөлмеңді жөндеу кезінде қанша қаражат жұмсалатынын есепте.

Линолеум, түсқағаз жапсыру. Есептеу үшін берілгендерді интернеттен, ата-анасынан немесе дүкеннен алу.

 

 

 Әдебиеттер:

 

  • Ә.Н. Шыныбеков. Геометрия-8. 16-24,78-83 беттер.
  • Геометрия. Задачи на чертежах. 7-9кл._Э.Н.Балаян_Ростов на Дону. Феникс. 2013 -223с.
  • Жумабаев Р.Н, Чултуков Н.С. «Таңдамалы есептерді шешуді үйренейік» әдістемелік нұсқаулық. Семей-2010.
  • Утёмов В. В., Зиновкина М. М. Структура креативного урока по развитию творческой личности учащихся в педагогической системе НФТМ-ТРИЗ // Концепт. - 2013. - Современные научные исследования. Выпуск 1. - ART 53572. - URL: http://e-koncept.ru/2013/53572.htm. - Гос. рег. Эл No ФС 77-49965. - ISSN 2304-120X.(07/05/15)
  • http://krasnoyarsk.dk.ru/firms/98655954/event/trening-razvitiya-tvorchestva-i-kreativnosti-novyj-vzglyad-1033560
  • Зиновкина М. М. Многоуровневое непрерывное креативное образование в школе // Концепт. – 2012. – № 9 (сентябрь). – ART 12116. – 1,0 п. л. – URL: http://www.covenok.ru/koncept/2012/12116.htm. – Гос. рег. Эл № ФС 77- 49965. – ISSN 2304-120X.(08/05/15)


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу