Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А

Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы

Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.14 жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- екі нүктенің арақашықтығын фомуланы қорытып шығара алады;

- екі нүкте арақашықтығын табатын формуланы қолдана алады;

 Бағалау критерийлері

  • Координатар жазықтығындағы нүктенің координаталарын анықтай алады;
  • Координатасы бойынша нүктені жазықтықта бейнелейді;
  • Екі нүктенің арақашықтығының формуласын қорытады;
  • Екі нүктенің арақашықтығының формуласын қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- екі нүктенің арақашықтығын табу қадамдарын сипаттайды;

- екі нүктенің арақашықтығын табу әдістерін өзара талқылайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі;
  • нүктесінің координаталары;
  • екі нүктенің арақашықтығының формуласы;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • А(х;у) нүктесінің координаталарын табамыз …;
  • осыдан ...дейінгі қашықтықтарын теңестіргенде ... аламыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылар жаңа жағдайға бейімделеді, мәселені қойып шешімін іздейді, жұпта жұмыс жасай алады, бір-бірінің пікірін тыңдап үйренеді. Барынша өз ойын дұрыс қорыта алады. Ақпартты тауып қорытынды жасай алады. Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланаған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Сызу пәнімен: сызбаны салу дұрыс салу, дұрыс безендіру параллель проекциялау жұмыстары.

Информатика пәнімен: GeoGebra бағдарламасын қолдану арқылы координаталармен жұмыс.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны пайдалану және Geogebra бағдарламасын қолдану

Бастапқы білім

Тікбұрышты координаталар жүйесін білу. Координаталары бойынша нүктені сала алу және берілген нүктенің координаталарын жаза алу. Пифагор теоремасын қолдана алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.

Үй жұмысын талдау.

Декарттық координаталар жүйесін еске түсіру үшін оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді:

Координаталар жүйесі дегеніміз не?

Ширектерді қалай анықтаймыз?

Жазықтықта нүктенің координатасы қалай анықталады?

ОХ және ОУ өстері қалай аталады?

Ширектердегі координаталардың таңбалары қалай болады?

Пифагор теоремасын айтыңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

13 минут

Жұптық тапсырма.

1-тапсырма.

Жазықтықта келесі нүктелерді белгілеңіз:

А(-5;3), B(-2;-4), C(5;0), D(0;-3), E(5;-2), F(3,4)

2-тапсырма.

Жазықтықта көрсетілген нүктелердің координаталарын анықтаңыз.

Бағалау: жұптар жауаптарын ауыстырып өзара тексереді.

Топтық жұмыс.

1-тапсырма.

Сыныпты топтарға біріктіріңіз. А(0;0) және В(4;3) нүктелерінің арақашықтығын табуды ұсыныңыз.

Қажетті жағдайда қолданылатын бағыт-бағдар: Тікбұрышты үшбұрыш құрыңыз. Пифагор теоремасын пайдаланыңыз.

Әрі қарай А(2;2) және В(6;5) нүктелер үшін қарастырыңыз.

Тапсырма нәтижесі бойынша оқушылар белгілі бір заңдылықты анықтап, қорытынды жасайды.

Видео көрсетілім. Bilimland.kz

2-тапсырма.

Әр топ кезекпен тақтада GeoGebra бағдарламасында екі нүктені белгілейді, топпен бірлесе отырып оқушылар арақашықтықты анықтайды. Калькулятор қолдануға рұқсат етіледі, жауаптарды жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз.

Бағалау: Мұғалімнің пікірі, топтардың өзара бағалауы.

Жеке жұмыс.

Екі нүктенің арақашықтығын табыңыз. Жауабыңызды жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз.

Бағалау: Оқушы тапсырмалардың кемінде үшеуін дұрыс орындау қажет.

Оқулықпен жұмыс.

А-деңгей: №380, 382, 383

В-деңгей: №384, 392

С-деңгей: №402

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/geometriya/planimetriya/koordinatalar-zhui-esi-zhane-zhazyqtyqtahy-vektorlar/lesson/zhazyqtyqtahy-nuktelerding-dekarttyq-koordinatalary-eki-nuktening-araqashyqtyhy

Қосымша 3

Геометрия 8-сынып. Атамұра-2012. Шыныбеков А.Н.

Рефлексия

2 минут

Сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.

Мен түсіндім........................

Мен білгім келеді.......................

Менің ұсынысым...........................

Стикерлер

Үй жұмысы

Төбелері А(-2;5), В(3;0), C(-3;-2) үшбұрыштың теңбүйірлі болатынын дәлелдеңіз.

Mymaths.co.uk сайтынан

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

.

Тапсырмаларды орындау барысында кейбір оқушыларға бағыт-бағдар сұрақтары арқылы қолдау көрсетіледі. Деңгейлік тапсырмалар қолданылады. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы ерте орындаған жағдайда, қосымша келесі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру, топтық, жұптық жұмыс барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Тапсырмалар оқушылардың жас-ерекшеліктеріне сай таңдалған. Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы ОМ-на жетті. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді және сабақтың уақыт кезеңдері сақталды

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу