Үшбұрыштың тамаша нүктелері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смайлова М.Т., Кошанов Р.М.

Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар:

8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.

 Сабақтың мақсаты

Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады..

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Медиананың қасиеттерін біледі және қолдана алады;
  • Биссектрисаның қасиеттерін біледі және қолдана алады;
  • Биіктіктің қасиеттерін біледі және қолдана алады;
  • Ортасызықтың қасиеттерін біледі және қолдана алады;
  • Ортаперпендикулярдың қасиеттерін біледі және қолдана алады;

 Тілдік мақсаты

  • үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың анықтамаларын ауызша беру;
  • үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың анықтамаларын жазу;

- үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін қолданып шығарылатын есептерді түсіндіру.

Диалогқа қажетті тіркестер

  • Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарам-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді;

Үшбұрыш медианасын тұрғызу үшін…….;

Екі өрнектің кубтарының қосынды (айырмасы) … тең;

Үшбұрыш биссектрисасы— бір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді

Үшбұрыш биссектрисасын жүргізу үшін…….;

Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген  перпендикуляр;

Үшбұрыш биіктігін тұрғызу үшін…….;

Орта перпендикуляр  (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортсы арқылы өтетін түзу;

Үшбұрыштың ортасызығын тұрғызу үшін……

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пән аралық байланыс

Өмірде қолдана білу

АКТ ны қолдану

Интербелсенді тақтаны қолдану.

Бастапқы білім

Үшбұрыш. Үшбұрыш ортасызығы.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақтың басы

3мин

Жағымды атмосфералық ахуалды қалыптастыру. Мұғалім оқушылардан өздеріне ұнайтын төрт үшбұрыштың біреуін таңдауды сұрайды. Оқушылар өз таңдауларын жасағаннан кейін, таңдалған фигураларда жазылған адамдарға берілген

сипаттамаларды оқиды.

Слайд -1-2

Миға шабуыл Braingym

3 мин

Жауабы:196-1132=130

Слайд -3

Проблемалық сұрақ қою

2 мин

Үшбұрыш элементтерін еске түсіреміз (төбелері, қабырғасы)

Үшбұрышта тағыда қандай кесінділерді білесіздер?

Оқушылар келесі кесінділерді еске алады:

медиана, биіктік, биссектриса

  • Үшбұрыш медианасы — төбесі мен оған қарама-қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.

-Үшбұрыш биссектрисасыбір төбесінен шығып, шыққан төбедегі бұрышты қақ бөліп, оған қарама-қарсы жатқан қабырғаны қосатын кесінді.

-Үшбұрыш биіктігі — төбесінен қарам-қарсы жатқан қабырғасына түсірілген  перпендикуляр.

Үшбұрыштың тамаша нүктелері туралы не білесіздер?

Үшбұрыштың неше тамаша нүктелері бар?

Үшбұрыштың тамаша нүктелерін қалай табуға болады?

Сабақтың мақсатына жету және тақырыпты ашу.

Слайд 4-10

Жаңа материалды меңгеру

15 минут

Практикалық жұмыс. Тапсырма топпен орындалады, мұғалім көмекті қажет етеін оқушыға қолдау көрсетеді

1 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып,АN, ВK,СM медианаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM медианалардың қиылысу нүктесін D деп белгілеңіз. Медианалардың қиылысу нүктесі тірек нүктесі деп аталады. Медианалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

2 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АN, ВM,СK биссектрисаларын жүргізіңіздер.

АN, ВK,СM биссектрисаларының қиылысу нүктесін О деп белгілеңіз. О нүктесі АВС үшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі болады.

Биссектрисалардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

3 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, АG, ВH,СE биіктіктерін тұрғызыңыздар.

АG, ВH,СE биіктіктерінің қиылысу нүктелерін F деп белгілеңіз. F нүктесі АВС үшбұрышының ортоцентрі болады.

Биіктіктердің дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

4 тапсырма.

АВС үшбұрышын салып, орта перпендикулярлар жүргізіңіздер. Орта перпендикуляр  (орта перпендикуляр немесе медиатриса) —берілген кесіндіге перпендикуляр және кесіндінің ортсы арқылы өтетін түзу;

Орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңіз.

Орта перпендикулярлардың дұрыс салынғандығын тексеріңіз.

Практикалық жұмыстарды орындап болған соң оқушылар bilim lend тегі видеоматериалдың көмегімен дұрыстығын тексере алады

Бағалау критерийлері:

Үшбұрыш медианаларын дұрыс жүргізеді

Үшбұрыштың тірек нүктесі (үшбұрыштың тамаша нүктелері) дұрыс анықталған

Үшбұрыш биссектрисаларын дұрыс жүргізеді

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбердің центрін дұрыс анықтаған (тамаша нүкте)

Үшбұрыш биіктігін дұрыс тұрғызады

Үшбұрыш биіктіктерінің қиылысу нүктесін дұрыс анықтайды (үшбұрыштың тамаша нүктелері)

Үшбұрыштың орта перпендикулярларын дұрыс тұрғызады

Үшбұрыштың орта перпендикулярларының қиылысу нүктесін дұрыс анықтайды (үшбұрыштың тамаша нүктелері)

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10091

Слайд 11-21

Үш тілді оқыту 2мин

Бұрыш

Угол

Angle

Үшбұрыш

Треугольник

Triangle

Төбе

Вершина

Vertex

Қабырға

Сторона

Since

Биссектриса

Биссектриса

Bisector

Медиана

Медиана

Median

Биіктік

Высота

Altitude

Бөлу

Делить

Divid

Перпендикуляр

Перпендикуляр

Perpendicular

Слайд -22

Жұптық жұмыс

10 мин

1) DEF үшбұрышында, EM медиана. DE=11,4 см, MF=4,6см. DEF үшбұрышының периметрі 27 см болса, EF-ті табыңыз

Жауабы: 6,4

2) In a triangle KLM, LN is the altitude of the side KM. We draw the angle bisectors LE and LF of angles KLN and MLN respectively. If the angles between the angle bisectors and the altitude are 220 and 160 respectively, find < KLM

Жауабы: 76см

3) Табаны DF болатын DEF теңбүйірлі үшбұрышы берілген. Егер EMF үшбұрышының периметрі 65см, ал DEF үшбұрышының периметрі 100см болса, ЕМ медианасын табыңыз.

Жауабы: 15см

Кезеңнің рефлексиясы :

  •  Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
  •  Қосымша түсініктемелерге қатысты сұрақтарыңыз бар ма?

Слайд 23

Reflection

3 мин

  • Мен бүгін мынаны білдім…
  • Мен мынаны байқадым…
  • Маған мыналар қызық болды…
  • Мен мыналарды тағыда тыңдағым келеді…
  • Тапсырманы орындауда маған мыналар көмектесті…
  • Мені мыналар таң қалдырды…

Менің мыналарға қызығушылығым оянды…

Слайд 24

Homework

2 мин

Анықтамаларды білу

Карточкадағы тапсырмаларды орындау

3 қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеке қолдау көрсетіп, нақты көмектескен оқушының нәтижесінен дифференциация.

Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар жетістік критерийі арқылы бағаланады.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу