Үшбұрыштың тамаша нүктелері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

8.1A көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: НЗМ ФМБ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смаилова Б.Т.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медианалар, биссектрисалар, биіктіктер және орта перпендикулярлар қасиеттерін білу және қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушы:

  • Үшбұрыштың тамаша нүктелерін біледі.
  • үшбұрыштың медианаларының, биссектрисаларының, биіктіктерінің және үшбұрыш қабырғаларына жүргізілген орта перпедикулярлардың қасиеттерін біледі;
  • үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары, биіктіктері және үшбұрыш қабырғаларына жүргізілген орта перпедикулярлардың қасиеттерін қолданады

 Бағалау критерийлері

  • Үшбұрыштың медианалары бір нүктеде, биіктіктері бір нүктеде, биссектрисалары бір нүктеде және орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысады екендігін түсінеді.
  • Үшбұрыштың медианаларының, биіктіктерінің, биссектрисаларының және орта перпендикулярлардың қасиеттерін біледі;
  • Үшбұрыштың медианаларының, биіктіктерінің, биссектрисаларының және орта перпендикулярлардың қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Үшбұрыштардың биіктігін, медианасын, биссектриссасын және қабырғасына жүргізілген орта перпеникулярды анықтайды және әрбірінің қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттай алады. Үшбұрыштың тамаша нүктелері деген не, олар қалай аталады екенін біледі. Олардың ортақ қасиеттері мен айырмашылығын біледі.

Пәнгетән лексика мен терминология:

Үшбұрыштың биссектрисасы, медианасы, биіктігі, үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикуляр

Ауырлық центрі, ортоцентр, іштей сызылған шеңбердің центрі, сырттай сызылған шеңбер центрі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Үшбұрыштың биіктіктері ... қиылысады, қиылысу нүктесі ... деп аталады;
  • Үшбұрыштың медианалары ...қиылысады, қиылысу нүктесі ... деп аталады.
  • Үшбұрыштың биссектрисалары ... қиылысады, қиылысу нүктесі ...деп аталады.
  • Үш медиана қиылысу нүктесінде төбесінен бастап ... қатынасында бөлінеді.

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы жүзеге асады. Сыныптастардың бірлесіп проблема шешу, басқалардың ойын тыңдау, санасу, қадірлеу сияқты дағдыларының қалыптасуына ықпал ету.

 Пәнаралық байланыстар

Физика, сызу

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация,Bilimland.kz сайты

Бастапқы білім

Үшбұрыштың биіктігі, медианасы, биссектрисасы және үшбұрыш қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

5 ми

2 мин

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа жағымды орта қалыптастыру.«Жетістікке жету өз қолыңда!»

Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырма үшбұрыштың орта сызығына байланысты есеп берілген. Үй жұмысының жауабы экранға шығарылады. Оқушылар көршілес оқушымен дәптерлерін алмасып, үй жұмысын өзара тексеріп шығады.

Қызығушылықтарын ояту

Тапсырма-1.

Бұл тапсырма оқытуды бағыттаушылық ақпаратты ашу (guided discovery learning) әдісі арқылы ұйымдастыруға және үшбұрыштың тамаша нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. Берілген тапсырмада оқушылар үшбұрыштың центрлерін таба отырып, ойын-сауық саябағының орналасуы орнын анықтау керек болады. Бұл центрлерді табу кезінде оқушылар қиындыққа тап болады. Бұл үшбұрыштың центрлері оқушыларүшін жаңа түсінік болады.

1.Оқушыларға картаға назар аудара отырып, ойын-сауық саябағы үшін ең тиімді орналасу орынды таңдауды және жауаптарын негіздеуді ұсыну.

Ескерту. «Бұл жерде картаға назар аудару» өте маңызды.

Оқушыларға қалаларға назар аудару және шешім қабылдау үшін уақыт беру және бағыт беру.

Оқушыларға құрылыс орнын таңдау үшін бірнеше математикалық түсініктерді қолдану керек болады. Берілген мәселені зерттеу үшін келесі салуларды орындау керек:

a) үшбұрыштың үш медианаларын жүргізу;

b) үшбұрыштың үш биіктіктерін жүргізу;

с) үшбұрыштың үш биссектрисаларын жүргізу;

d)үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген үш орта перпендикулярларын жүргізу. Осы кезде меңгерілген білімді тексеру үшін қайталау сұрақтарын қою.

Қайталау сұрақтарын қою.

Үшбұрыштың биіктігі;

үшбұрыштың медианасы;

үшбұрыштың биссектрисасы;

үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлары дегеніміз не?

Слайд 2

Слайд 3

Қосымша1

Слайд 4

Слайд 5

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

13 мин

 2 мин

 

20 мин

10 мин.

5 мин

Практикалық бөлім.

2.Оқушыларға төрт жағдай үшін «тапсырма 1» бейнеленген үлестірме материал тарату. Ойын-сауық саябағының орналасуын анықтау үшін үшбұрыштың үшбиіктіктерін, медианаларын, биссектриссаларын және қабырғаларына жүргізілген орта перпеникулярларын жүргізу тапсырылады.

Салулар барысында тапсырманың орындалуы бойынша нәтиже экранға шығарылады.

Сыни тұрғысынан ойлау

3. Осы салуларға байланысты ойын-сауық саябағының орналасу орнын таңдауы. Өз жауабыңызды негіздеуі.

Оқушылардың жауаптары әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ бұл жерде маңыздысы оқушылардың өз шешімдері үшін негіздемесінің бар болуы. Мысалы, олар орта перпендикулярлардың қиылысу нүктесін (сырттай сызылған шеңбердің центрін) алулары мүмкін, себебі, ол үш қаладан бірдей қашықтықта жатыр. Немесе олар биссектрисалардың қиылысу нүктесін(іштей сызылған шеңбер центрін) алуы мүмкін, себебі, ол әр автомагистральдан бірдей қашықтықта жатыр. Олар медианалардың қиылысу нүктесін (ауырлық центрі) алуы мүмкін, себебі ол екі қалаға жақынырақ, бірақ Лейзитауннан алысырақ жатады.

4.Оқушылардың тапсырманың 1-ші бөлігінде таңдап алған орны (нүкте) мен соңғы «зерттеу» арқылы 3-ші бөлікте таңдап алған орнының (нүктенің) қаншалықты сәйкес келетінін салыстыру.

Оқушылардың зерттеуден байқағаны әр салу жүргізу кезінде үшбұрыштың үш медианасы бір нүктеде, биссектрисасы бір нүктеде, биіктіктері бір нүктеде және қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярлар бір нүктеде қиылысатыны.

Сонымен, үшбұрышпен төрт нүкте байланысты болып шықты.

Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын, сабақ мақсатын,бағалау критерийлерін экраннан көрсету.

Жаңа білімді меңгерту. 

Жаңа мәлімет экраннан презентация арқылы түсіндіріледі және Bilimland.kz сайтынан видеороликтер көрсету.

5.Оқушылар анықтамаға негізденіп, өздері таңдаған нүктенің атын атайды, мысалы, үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер центрі, үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі, үшбұрыштың ауырлық центрі немесе ортоцентр.

Берілген «Тапсырма» бойынша оқушылар бағалау критерийлері арқылы өздерінің зерттеу жұмысын бағалайды. (бағалау критерийлері тапсырма соңында көрсетілген)

Бекіту.

Топтық жұмыс. Топқа біріктіру үшбұрыштың түрлері бойынша жүзеге асады. (Кез келген үшбұрыш, тең қабырғалары үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, тікбұрышты үшбұрыш). Топ ережесі бекітіледі.

Тапсырма - 2

Бұл жерде үшбұрыштың ауырлық ценрі мен үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер центрінен басқа ортоцентр мен үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер центрі доғал бұрышты, сүйір бұрышты және тік бұрышты үшбұрышта әр түрлі орналасуы мүмкін болғандықтан, осы тапсырманы оқушылар топта талдап, қорытындыға келуі тиіс.

Әр топ өз жұмыстарынының қорытындысын ортаға салып талдайды. Уақытты үнемдеу үшін әрбір топқа дайын күйінде үшбұрыштың сызбалары бар альбом беттері беріледі. Қажет кезде мұғалім қосымшалар мен түзетулер енгізеді.Топтық бағалау жүзеге асады. Бағалау парағы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.

Тапсырма-3. Оқушылардың үшбұрыштың медианалары, биссектрисалары, биіктіктері және үшбұрыш қабырғаларына жүргізілген орта перпедикулярлардың қасиеттерін қолданып, есеп шығару дағдыларын жетілдіру. Тапсырма есептері сыныпта талданады.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы

Тең қабырғалы үшбұрыштың биіктігі 3 см. Оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын анықтаңдар.

Слайд 6

Қосымша2

Слайд 7

Қосымша2

Слайд 8-9

Слайд 10

Слайд 11-12

Слайд 17-22

Қосымша4

Қосымша5

Әр түрлі түстегі үшбұрыш түрлері

Сүйірбұрышты доғал бұрышты жәе тік бұрышты үшбұрыштың сызбалары бар альбом беттері, фломастерлер

Слайд 24

Қосымша7

Қосымша 8

Қорытындылау:

1 мин

Рефлексия

2 мин

Үй тапсырмасы

2 мин

Өзіндік бағалау.

«Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

Бүгінгі сабақта …

а) Бүгінгі жұмысыма ризамын, менде барлығы дұрыс болды.

б) Менде қателер болды, бірақ мен өз ісіме ризамын.

в) Мен теориялықматериалдыбілемін, бірақ мен практикалықжұмыстақиналдым.

г) Мағанқиынжәнетүсініксізболды.

Оулықтан тапсырма №193,199

Қосымша

8 сынып геометрия Шыныбеков Ә.Н.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардыңжинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу