Фалес теоремасы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: сабақ № 31 | Мектеп: НЗМ Семей қаласы | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тұрсынғазин Нұрғазы Сеитқазыұлы | |||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Фалес теоремасы | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.6 Фалес теоремасын біледі және қолданады 8.3.1.7 пропорционал кесінділер туралы теореманы біледі және қолданады; (жалпыланған Фалес теоремасы) | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Фалес теоремасын біледі Фалес теоремасына сүйеніп теңдік құрады Жалпыланған Фалес теоремасын дәлелдейді | |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген сызбалар арасынан фалес теоремасын қолдануға болатын жағдайларды анықтайды Фалес теоремасын қолданып есеп шығарады Үшбұрыштың орта сызығы табанының жартысына тең екендігін дәлелдейді (кейбіреуі) Жалпыланған Фалес теоремасына сүйеніп прапорция құрады | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы геометриялық есептерді Фалес теоремасын дәлелдеу барысында математикалық тілді қолданады. Фалес теоремасы – теорема Фалеса - Thales' theorem Тең бөліктер – равные части - equal parts Параллель түзулер – Параллельные прямые - Parallel lines | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілігін, бір-біріне деген құрметін арттыру. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бөлім алгебраны әрі қарай зерттеуге негіз береді (Мысалы: 9-класста үшбұрыштардың ұқсастығын дәлілдеу барысында қолданады). | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Geogebra ИМО, Youtube, интерактивті тақта | |||||||||||||
Бастапқы білім | Параллель түзулер, кесінді, бұрыш, үшбұрыштар теңдігі, 300 бұрышқа қарсы жатқан катет туралы теорема | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 6 мин | Амандасу Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін таныстыру Сұрақ жауап. келесі мәселелерді еске түсіру мақсатында сұрақтар қою қажет: параллель түзулер, кесінді, бұрыш, үшбұрыштар теңдігі, 300 бұрышқа қарсы жатқан катет туралы теорема | 1-3 слайд | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 7 мин 7 мин 15 мин 20 мин 15 мин | Оқушыларды 3 топқа бөлу Оқушыларға үшбұрыштар таратып, олардың түрлеріне байланысты топтарға бөлу (бұрыштарына байланысты) 1 тапсырма: Әр топқа Фалес теоремасы және дәлелдеуі келтірілген қағаз тарату (дидактикалық материал). Оқушылар теоремамен танысу үшін 7 мин беру. (Таймер орнына келесі видеоны қосып қоюға болады) Фалес теоремасын қаншалыққа ұққандығын бағалау мақсатында келесі тапсырманы ұсыну. 3-суретке назар аудару қажет. 2 тапсырма: Көрсетілген жағдайлардың қайсысында Фалес теоремасын қолдануға болатынын анықтау. Слайдта көрсетілген 4 жағдайдың қайсысыларында Фалес теоремасын қолдануға болатындығын әр оқушы жеке жеке анықтап, номерлерін дәптерге жазу қажет(1 мин). Топ ішінде ақылдасып әр топ өз жауабын айтады(2 мин). Класста талдап бір жауапқа келу қажет(2 мин). Фалес теоремасын қолдану арқылы келесі тапсырманы орындау қажет. Алдын ала дайындалған таратпа материалдарды әр топқа таратып беру қажет. 3 тапсырма: берілген есепті (таратпа матерал 2) топпен шығару. Оқушыларға берліген тапсырманы топта орындауға 10 мин уақыт беру. Негізгі тапсырманы барлығы орындау қажет Тапсырманы талдап дәлелдеуін қарастыру Фалестің жалпаланңан теоремасын дәлелдеу 4 тапсырма: Фалестің жалпыланған теоремасын дәлелдеу таратпа матерал 3-те көрсетілген сызба бойынша әр топ сыныпқа өзінің дәлелдеуін ұсынады. Дәлелдеудің бірнеше жолын қарастыруға болады. 5 тапсырма: Есеп шығару Есепті топ мүшелері жеке-жеке шығарып(7 мин), топ ішінде талдау қажет(4 мин), соңында сыныпта талдау қажет(4 мин) Берілген есепті шығару үшін алдыңғы сабақарда өтілген 300 бұрышқа қарсы жатқан катет туралы теорема қажет | таратпа матерал 1 дидактикалық материал 4 слайд таратпа матерал 2 5 слайд – Дәлелдеуі таратпа матерал 3 6 слайд | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Қорытынды. Үй тапсырмасы: Қосымша тапсырманы барлығына үй тапсырмасы ретінде беру. Мәтін түрінде және сызба түрінде берілген 2 тапсырма Фалес теоремасын қолдануға 2 есеп құрастыру: 1. Сызба түрінде (Фалес теоремасы) 2. Мәтін есеп түрінде (Фалестың жалпыланған теоремасы) Рефлексия: келесі кестені толтыру
| |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру