Фалес теоремасы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: НЗМ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тұрсынғазин Нұрғазы Сеитқазыұлы

Чултуков Нартай Советханович

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Фалес теоремасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.7 Фалес теоремасын білу және қолдану;

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану(жалпыланған Фалес теоремасы);

 Сабақ мақсаттары

Фалес теоремасын біледі

Фалес теоремасына сүйеніп теңдік құрады

Жалпыланған Фалес теоремасын дәлелдейді

 Жетістік критерийлері

Берілген сызбалар арасынан фалес теоремасын қолдануға болатын жағдайларды анықтайды

Фалес теоремасын қолданып есеп шығарады

Үшбұрыштың орта сызығы табанының жартысына тең екендігін дәлелдейді (кейбіреуі)

Жалпыланған Фалес теоремасына сүйеніп прапорция құрады

 Тілдік мақсаттар

Оқушы геометриялық есептерді Фалес теоремасын дәлелдеу барысында математикалық тілді қолданады.

Фалес теоремасы – теорема Фалеса -  Thales' theorem

Тең бөліктер – равные части - equal parts

Параллель түзулер – Параллельные прямые - Parallel lines

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілігін, бір-біріне деген құрметін арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Бөлім алгебраны әрі қарай зерттеуге негіз береді (Мысалы: 9-класста үшбұрыштардың ұқсастығын дәлілдеу барысында қолданады).

 АКТ қолдану дағдылары

Geogebra ИМО

Бастапқы білім

Параллель түзулер, кесінді, бұрыш, үшбұрыштар теңдігі, 300 бұрышқа қарсы жатқан катет туралы теорема

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Ауызша сұрақ-жауап арқылы мына тақырыптарды еске түсіру:

Параллель түзулер, кесінді, бұрыш, үшбұрыштар теңдігі,

300 бұрышқа қарсы жатқан катет туралы теорема

№ 1-4 слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

Топтық жұмыс.

Оқушыларды 3 үшбұрыштарды таратып, сол үшбұрыштардың түрлеріне байланысты топтарға бөлу (қосымша 1).

Фалестің өмірбаянынына қысқаша шолу.

Оқушылар үшбұрыштың бұрыштарына байланысты топтарға бөлінеді:

1-топ: Тік бұрышты үшбұрыштар;

2-топ: Сүйірбұрышты үшбұрыштар;

3-топ: Доғал бұрышты үшбұрыштар.

1 тапсырма: Әр топқа Фалес теоремасын беріп, оны дәлелдеуді топтарында жүзеге асыруын үсыну. Оқушылар теоремамен танысуға және оны өз топтарында талқылап, дәлелдеу үшін 7 мин беру.

Қосымша 1

№5 слайд

Қосымша 2

Сабақтың ортасы

20 мин

2 тапсырма. Есептер шығару. Ұжымдық жұмыс.

Барлық сынып оқушыларымен бірлесе отырып Фалес теоремасына берілегн есептерді шығару

№ 9-13 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

Рефлексия: келесі кестені толтыру

Сабақта қарастырылған ұғымдар

Мен түсінген ұғымдар

Мен түсінбеген ұғымдар

Үй тапсырмасы:

Қосымша 3.

Мәтін түрінде және сызба түрінде берілген 2 тапсырма

Фалес теоремасын қолдануға 2 есеп құрастыру:

1. Сызба түрінде (Фалес теоремасы)

2. Мәтін есеп түрінде (Фалестың жалпыланған теоремасы)

Қосымша 3

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылар 3-тапсырманы орындау барысында, осы тапсырма негізінде берілген қосымша тапсырманы орындауға мүмкіндік алды. Яғни тапсырманы орындап болған оқушылар осы тақырыптың келесі тақырыпқа негіз болатын қатынасты дәлелдейді. Әр тапсырманы орындау барысында, тапсырманы орындаудың бірнеше әдіс-тәсілдері талқылану нәтижесінде әр деңдейдегі оқушылар өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік алады.

Берілген тапсырмаларды жеке-жеке талдап содан кейін топ арасында қарастыру барысында топтың әр мүшесінің топ жұмысына қосқан үлесі бағаланады.

Құндылықтар:

Оқушылар командада жұмыс істей алады, шығармашылық және жалпы тәсілдер

Оларда сөйлесу, мұғалімнен және тұстастарынан білім алу және басқаларын оқуда демеу мүмкіндігі болады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу