Пропорционал кесінділер. Геометрия, 8 сынып, дидактикалық материал, 10 сабақ.


Дидактикалық материалдар

Қосымша 1

Пропорционал кесіндіні салу

Суретте a, b, c кесінділері берілген. Осы суретте көрсетілген қатынас (сары түстті жазу) орындалатындай жаңа бір x кесіндісін қалай саламыз?

Мынадай екі жағдай болуы мүмкін.

1-жағдай

2-жағдай

Біз соның біріншісіне тоқталамыз.

Берілген a, b, c кесінділерін бірінші сызбаға салып көреміз.

Ол үшін:

1 қадам. бұрышын саламыз.

2 қадам. бұрышының ұшынан бастап, оның бір сәулесіне b, a кесінділерін тізбектей, ал екінші сәулесіне с кесіндісін салайық.

3 қадам. b және с кесінділерінің ұштары арқылы k түзуін жүргізейік.

4 қадам. а кесіндісінің екінші ұшы арқылы k-ға параллель l түзуін жүргізейік.

5 қадам. l түзуі k-ға параллель болғандықтан, біз қатынастан х кесіндісін таба аламыз. Бұл Фалес теоремасынан шығатын қатынас.

Өзіндік жұмыс.

2-жағдайды салу.

Қосымша 2

Кесіндіні тең бөліктерге бөлу

Берілген АВ кесіндісін тең 7 бөлікке бөлу керек.

Ол үшін:

1 қадам. АВ кесіндісін салу.

2 қадам. АВ кесіндісінде жатпайтын АС сәулесін жүргізу.

3 қадам. АС кесіндісінің бойынан өзара тең 7 кесінді салу, бұл кесінділердің А1, А2, А3, А4, А5, А6, А7 деп белгілеу.

4 қадам. А7 нүктесін В нүктесімен қосу.

5 қадам. А1, А2, А3, А4, А5, А6 нүктелерінен А7В түзуіне параллель түзулер жүргізу.

Қорытынды:

Бұл түзулердің АВ-мен қиылысқан жерлері АВ кесіндісінің тең 7 бөлікке бөледі.

Қосымша 3

Дидактикалық материалдар

Есептер шығару

Оқу мақсаттары:

8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану;

8.1.1.9 циркуль мен сызғыштың көмегімен кесіндіні бірдей n бөлікке бөлу;

8.1.1.10 пропорционал кесінділерді салу;

Қосымша 4

Үй тапсырмасы

Тақырыбы: «Пропорционал кесінділер. Фалес теоремасына кері теорема»

1

2

3

4

Ағаш көлеңкесі ұзындығы 12 м. Ұзындықтағы бір жарым метрлік таяқтың көлеңкесінің ұзындығы  0,9 м. Ағаштың ұзындығы қандай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу