алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Нобай және материалды таңдау . Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.


Өткенге сабаққа қысқаша шолу. Талдауға арналған сұрақтар:

1. Мозаиканы жасауға қандай материал қолданады?

2. Мозаика техникасын қай жерде пайдаланады?

3. Мозаикалық жұмыстар қалай жасалады (жасалу кезеңдері)?

4. Мозаика жұмыстарын қандай материалдардан жасар едіңіз?

Мозаиканы дайындау жолы. https://www.youtube.com/watch?v=1H5216c1ljM

Бенефильм көріп болғаннан кейін қойылатын сұрақтар:

Бейне роликтен не байқадық?

Қандай ой түйдіңіздер?

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Сабақ тақырыбы:

Нобай және материалды таңдау

1- бөлім: Сәндік- қолданбалы өнер.

Сабақтың мақсаты:

Сәндік панноны (мозаика) дайындау кезектілігін және ұтымды тәсілдерін анықтап, АКТ қолданып нобай жасау.

Сәндік панноны дайындауға қажетті технологиялық құжаттар дайындау.

Бағалау критерийлері:

Әртүрлі графикалық тәсілді қолданып, нобайын орындайды;

Мозаика панносын дайындауға қажетті технологиялық құжат дайындайды.

Пәндік лексика және терминология:

Мозаика, әктеу, сылау, құрастыру, қаптау, панель, панно, сюжет, контур, түстер үйлесімі, өрнекті тас, жазықтық, тегістік, түстің жарқырауы, тізу, желімді негіз, жік, тегіс, жылтыр қабат;

Мозаика, белить, штукатурить, сборка, покрытие, панели, панно, сюжет, контур, цветовая гармония, узорчатый камень, плоскость, гладкость, цветной блеск, нанизывать, основа клея, стык, плоская, глянцевая отделка;

Mosaic, whitewash, plastering, assembly, coating, panels, panels, plot, contour, color harmony, patterned stone, plane, smoothness, color shine, string, glue base, joint, flat, glossy finish;

Мозаика орындаудың бірнеше әдістері

Тікелей әдіс.

Атауынан-ақ бұл әдіс беткі қабатқа тікелей жатқызуды талап ететіндігін байқауға болады. Бұл әдіс үлкен мозаика жасау үшін қолданылады. Тікелей әдіс ең алдымен қабырға панельдерінің панносын орындауда қолданылады. Біркелкі емес беттері және элементтердің түрлі беткейлері жарықтың ерекше жарқырауын тудырады, ал ол болса өз кезегінде мозаиканың негізгі ерекшелігі болып табылады.

2. Кері әдіс.

Мозаиканы алдымен жабысқақ негізге беткі қабатын төмен қаратып орналастырады, содан кейін желім жағылып дайындалған жазықтыққа ауыстырылады. Желім құрғағаннан кейін, субстрат (бұл резеңкеленген қағаз немесе өзі жабысатын пленка болуы мүмкін) алынады, содан кейін жіктер сүртіледі. Бұл әдіс дайын мозаиканың тегіс және жылтыр бетін жасау қажет болған жағдайда қолайлы.

3. Қарама-қарсы әдіс

Қарапайым суреттермен панель жасау үшін пайдаланылады.

Сонымен, сіздер мозаикалық терминдермен және техникалармен таныс болдыныздар.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс:

Сәндік панно нобайын (мозаика) орындау

Сәндік панноға қажетті материалдар таңдау.

Мозаика орындауға қажетті технологиялық құжат дайындау.

Суретіңізде сіз түрлі - түсті және қара контур сызығын байланыстырып, өрнекке айналдыруларыңыз керек.

Нобай орындау реттілігі:

Сюжет ойластыру;

Композициялық үйлесімділігін табу;

Контурлы сурет орындау;

Түстер және бояулар палитрасын дайындау;

Кескінді бояу;

Мозаикалық элементтің контурын бастыру;

Жұмыс нәтижесін таныстыруға дайындау.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс:

Сәндік панноны орындауға байланысты техникалық құжаттың кестесін дайындау. Мысалы;

Тапсырманы бағалау критерийлері:

АКТ қолдана отырып графикалық тәсілде нобай орындайды;

Жұмыстың композициялық үйлесімділік шешімін табады;

Жұмыстың орындалу реттілігі мен дайындауға қажетті материалдарды (технологиялық құжат дайындайды) анықтайды;

Уақытты тиімді пайдаланады.

Рефлексия: «2 жұлдыз және бір тілек»

Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);

Тілекжұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы