Робот дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Робот дайындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1

орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу

6.2.3.2

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

 Сабақ мақсаттары

  • қолмен жұмыс істейтін электр құралдарын пайдаланудың ерекшелігін біледі;
  • алдыңғы сабақтарда алынға тәжірибе мен білімді пайдалана отырып, роботтардың жеке элементтерін жасау үшін әртүрлі эксперименттік әрекеттерді орындайды;
  • роботтарды жасау бойынша өз әрекеттерін талқылайды.

 Бағалау критерийлері

  • Роботтардың тұрмыста қолданудың артықшылықтарын біледі;
  • Шығармашылық жұмысты орындау барысында роботтың функционалдық қабілетін түсінеді;
  • Қол электрлік құралдарды қолдануды біледі.
  • Роботтардың бөлшектерін жасайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі роботтардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Түсініктер: роботтардың қимыл қозғалысы;

Жазу мен сөйлеуге қатысты пайдалы сөз тіркестері:

  • Роботты жасау барысында оның қимыл қозғалысқа келтіретін бөлшектер......ерекшеленеді.
  • Олардың ерекшелігін.....анықтауға болады.
  • Түрлі қол электрлі құрылғылармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасын.......сақтау керек.

 Құндылықтарды дарыту

  • Бір-бірімен жұмыс істей алу;
  • Топта жұмыс істеуде шыншылдықты дәріптеу.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыст қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Информатика немесе робототехника үйірмелерінде робот түсінігімен таныс болуы мүмкін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

1-2 мин

Мотивацияны көтеру.

  • Мұғалім оқушыларды позитивті білім алуына ынталандырады.
  • «Мені тап, мен роботпын» әдісі арқылы оқу үдерісінде жағдай туғызады.

Оқушылар кез келген әдіспен жұптасады. Әрбір жұп стикерге кез келген роботтың атауын бей-берекетсіз жазады. Келесі жұпқа не жазғандары туралы айтуын талап етеді. Жұмыс уақыт бойынша орындалады.

Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін айту.

Ғарыштық тақырыптағы әуен. «Бұл не үшін?» ойынын өткізуге қолдану ұсынылады.

http://ipleer.fm/q/%D0%BA%D0%BE%D1%81%D0%BC%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F+%D0%BC%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B0+%D0%B4%D0%B5%D1%82%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F/

Электронды презентация

Сабақтың ортасы

2-3 мин

5-7 мин

12-15 мин

1-2 мин

Сұрақтарға жауап бер.

Оқушылар өткен сабақта жасаған эскиздерімен, жазбаларын қарастырып, берілген сұрақтарға жауап береді:

  • Роботты жасау барысында алдымен неге назар аудару қажет?
  • Дайын бұйымның пішіні немесе конструкциясы оның функционалдық міндетіне байланысты ма?
  • Роботтың өлшемі оның функционалдық міндетіне байланысты болады ма?

Бейнематериалды тамашалау.

Оқушыларға қолдан әртүрлі материалдардан жасалған роботтардың қимыл-қозғалысы бейнеленген фильмді тамашалау қажет. Фильмді көріп отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беру қажет.

  • Жәндік бейнесіндегі роботтар қандай іс-қимыл атқарады?
  • Оларды қимыл-қозғалысқа келтіретін бөлшектері бар ма?
  • Оларды жасау үшін қандай материалдар қолданылды?
  • Сюжетте көрсетілген жәндік роботтардың функциоаналдылығы мен пішініне қолданылған материалдардың әсері бар ма?
  • Бұл роботтарды тағы қалай жақсарта алар едіңіз?
  • Қандай қосымша функцияны қосуға болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарымен пікірлерімен бөліседі.

Практикалық жұмыс.

1 кезең

Алдыңғы сабақтарда жасалған технологиялық картаға сәйкес оқушыларға роботтың қандай бөлігін алдымен орындайтындығы жайында ойлану қажет.

2 кезең

Практикалық жұмысты орындар алдында жұмыс орнын дайындау қажет. Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау керек.

3 кезең

Практикалық тапсырманы орындауға кірісу:

  • Таңдалған материалдардан қажетті бөлшектерді белгілеу, кесу және аралау;
  • Функционалдық ерекшеліктеріне сай негізгі бөліктерді біріктіру.

4 кезең

Бағалау критерийлеріне сай жұмыстың орындалу сапалылығын тексеру.

Жұмыстың нәтижесін ұсыну.

Сыныптастарының алдында топтар практикалық жұмыстың нәтижесін таныстырады.

Электронды презентация

https://www.techcult.ru/robots/1492-kak-sdelat-robota-svoimi-rukami

Жәндіктер кейіпіндегі роботтар.

Қажетті материалдар:

Желім, қайшы, желім пистолет, канцеляр қайшысы, фольга, қатты қағаз, қағаз, пластик, қорапша және т.б.

Сабақтың соңы

1-2 мин

1-2 мин

Таныстырылым:

  • әрбір топ өз постерлерін таныстырады;
  • әрбір топқа 2 минут беріледі;
  • әрбір топ бір сұрақтан дайындайды.

Кері байланыс:

  • Мен өз пікрімді өзгерттім...
  • Мен білдім....
  • Мені таңқалдырғаны....
  • Мен сезіндім....

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

  • Бірін – бірі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу