Бұйым дайындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал, 12 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

2 БӨЛІМ: Сәндік-қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау

Сабақ мақсаты:

6.1.6.4

Материалдардың қасиеттері жайлы білімін және тәжірибелік жұмыс істеу дағдыларын көрсете отырып техникалар, көркемдік материалдарды қолдану және эксперимент жасау.

Сабақ барысы

Бұл сабақ практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын аяқтайды. Жобалық жұмыстарының соңғы кезеңдерін орындап, жұмыстарын бітіреді.

Жобалық жұмыстарының нобайға сәйкес орындалуынан бастап, қолданылған материалдарының тиімділігі туралы әңгіме жүргізіңіз.

Қауіпсіздік техникасы туралы еске салыңыз.

Келесі сабаққа дайындық.

Бұл практикалық тапсырманы орындауға берілген соңғы сабақ болғандықтан оқушыларға сабақтың уақытын тиімді пайдалану қажеттілігі туралы ескертіңіз. Уақытты үнемдеп, тәжірибелік жұмыстарын аяқтау қажет.

Жобалық жұмыс сапалы орындалуы қажет. Келесі сабақта оқушылар жұмыстарын әсемдеп, безендіреді. Сол себепті келесі сабаққа қажетті материалдарды алып келу қажеттілігі туралы ескертіңіз.

Практикалық жұмысты таныстырылым

Практикалық тапсырманы орындап, оны таныстыру үшін шығармашылық жұмыс барысын рефлексивті күнделікке немесе фотосуретке, бейнекамераға түсіріп отыру қажет. Мұғалім ретінде оқушының тәжірибелік жұмысты сапалы әрі эстетикалық тұрғыдан әсем орындағанын қалаймыз. Бірақ практикалық жұмыс барысында ең бастысы оқушының шығармашылық жұмыс соңында жасаған жұмысының нәтижесі емес, жұмыс процессіндегі еңбегі, тап болған қиындықтарды шешу жолдары маңыздырақ. Сол себепті, осы практикалық процессті бағалап, оны таныстырылым барысында оқушыға түрлі сұрақтар қойып, сөйлетіп, айтқызу қажет. Бұл тараудың келесі сабақтары осы дағдыларды дамытуды талап етеді. Сол себепті аса дайындықпен өткізген маңызды.

Бағалау

Сабақ соңында оқушыларға жұмыс орнын жиыстырып, құрал-жабдықтарды орнына қою қажет.

Бағалау өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалау түрінде өткізуге болады. Тәжірибелік жұмысты орындау критерийлері бойынша оқушылардың жұмыстарын бағалау ұсынылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу