1-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.2 әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру;

9.1.5.1 күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау;

 Сабақ мақсаттары

  • Мерекелік безендірудің ролін түсіну;
  • Интерьерді безендірудің концепциясын құрастыру.

 Бағалау критерийлері

  • Безендіру не екенін біледі;
  • Белгілі бір мерекеге сай безендіру шарттарын түсінеді және алған білімін қолдана алады;
  • Интерьерді безендіруде композиция заңдылықтарына, стильдік шешімдерге негіздеме жасай алады;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

безендіру концепциясы, инсталляция, аэродизайн

концепция оформления, инсталляция, аэродизайн

design concept, installation, aero design

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бөлменің көлемін және стилистикасын ескере отырып, мен .... ұсынамын.

Инсталляция ... мерекесінің тақырыбын ашып, оны визуалды түрде қабылдауға көмектеседі.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Осы сабақта балалардың бойына отансүйгіштік, құрмет, салт-дәстүрді жаңғырту сияқты құндылықтар практикалық жұмыстар орындау арқылы жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, тарих пәндерімен салт-дәстүр, тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалар туралы білімдерін қолдану бойынша кіріктіріледі.

 АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта оқушылар интернет ресурстарынан ақпарат жинау арқылы АКТ дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім

Интерьерді стильдік шешімі мен жарық көзі, кеңістік пен заттардың орналасуын ескере отырып, жасыл желектермен безендіру тәсілдерін қарастырды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен сәлемдесу.

Көзге арналған айырмашылықтарды табу бойынша жаттығуларын орындау.

Сабақтың тақырыбы мен ОМ анықтау.

Слайд 1-4

Сабақтың ортасы

35 мин

3 мин

25 мин

7 мин

Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу үшін талқылау сұрақтар:

  • Наурыз мейрамының атрибуттары не?
  • Сахнадағы қойылым не мерекенің тақырыбын қалай анықтаймыз?

Оқушыларды мерекенің тақырыбына қатысты кілтті сөздер арқылы топтарға біріктіру.

1-топ: «Ұлы жеңіске – 75 жыл»

2-топ: «Соңғы қоңырау - 2020»

3-топ: «Ұлыстың ұлы күні - НАУРЫЗ»

4-топ: «Үйлену тойы»

Оқушыларды тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы – шығармашылық жоба жұмысының тақырыбы және талаптарымен таныстыру.

Жоба тақырыбы: мерекелік іс-шараға интерьерді/экстерьерді безендіру.

Оқушылар қандай да бір мерекені топ ішінде талқылау арқылы таңдайды.

(Т) (Қ) Тапсырма. Зерттеу

Оқушылар интерьер және сахнаны жоспары мен қызметін ескере отырып, мерекеге байланысты безендіру бойынша ұсыныстар/талаптармен танысатын экспресс зерттеу жүргізеді.

Дескрипторлар:

  • Мерекенің тарихын зерделейді;
  • Сахна не бөлмені таңдайды, оның жалпы стилистикасын анықтайды;
  • Үйлесімді түстердің іріктейді;
  • Безендіру элементтерін анықтайды;
  • Мерекені безендіру концепциясын ұсынады.

 

1-топ – концерт залын, қалалық мерекелік іс-шараларға арналған сахналарды және т.б. мата мен таспалармен безендіру;

2-топшарлармен безендірілетін балалар мерекесі, үйлену/қыз ұзату той мерекесі, қалалық мерекелік іс-шараларға және т.б. арналған сахналарды безендіру;

3-топ – интерьерді Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күніне немесе Наурыз мерекесіне арналған мерекелік инсталляциямен безендіру.

4-топ – үйлену той салтанатын, концерт және конференц залдарын және т.б. флористтік композициялармен безендіру;

 

(Ұ) (Т) Оқушылар мерекелерге арнап интерьерді безендіру нұсқаларын (шарлармен – аэродизайн, гүлдермен – флористикалық композициялар, түрлі маталар және таспалармен, аспалы және түрлі мерекелік инсталляциялармен безендіру) қарастырады.

 Олар бұл әшекейлердің қандай іс-шараларға арналғандығын, ерекшеліктерін анықтайды. Мысалы, шарлармен безендіру ашық, жарқын, көңілді көңіл-күй сыйлайды, гүлдермен безендіру іс-шараның салтанаттылығын, интерьер дизайнына кербездік, асқан талғампаздылықты қосады.

 

 Оқушылар мерекелік безендіру барысында есепке алынатын аспектілерді анықтайды. Мысалы:

  • бөлменің жалпы стилистикасы;
  • үйлесімді түстердің іріктелуі;
  • мерекенің бағытын айрықша басып көрсетілуі.

Саралау тақырып мазмұнын ашуда қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарды өз бетінше, дағдысы мен қажеттілігіне қарай таңдау бере отырып жүргізіледі.

Тапсырма соңында оқушылар өз зерттеулерімен сыныпты таныстырады. «Тапсырыс беруші-дизайнер» рольдік ойын арқылы әр топ бір-біріне түсіндіріп, кері байланыс береді, бағалайды.

Қосымша 1. Топтарға біріктіру

Слайд 5

Сәнді безендіру https://studbooks.net/667981/kulturologiya/dekoratsionnoe_oformlenie

Мерекелерге арнап сахнаны безендіру

https://stranamasterov.ru/node/634811

Түрлі материалдарды қолданып мерекені безендіру бойынша кеңестер

https://svoimirukamy.com/idei-ukrasheniya-zala-k-prazdnikam.html

Слайд 6-11

Жіптер мен желімнен жасалған шарлар

https://svoimirukamy.com/shary-iz-nitok-i-kleya.html

Залды қалай сәндеуге болады: қағаз және қиял

http://snova-prazdnik.ru/kak-ukrasit-zal-bumaga/

ноутбук, сурет дәптері, А3 форматы, қалам, журналдар мен безендіру, қазақтың СҚӨ бойынша кітаптар

Слайд 12

Түстік шеңбер

Қосымша 2.

Бағалау парағы

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар өз жұмыстарына кері байланыс беріп, сабақтың мақсатына жетуі туралы тапсырыс беруші мен дизайнер ретінде (өз таңдауы) қысқаша сайтқа арналған кері байланыс жазады.

Үй тапсырмасы: жоба жұмысының тақырыбын анықтау, мәлімет жинау.

Сурет дәптері

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тақырып мазмұнын ашуда қолданылатын материалдар мен құрал-жабдықтарды өз бетінше, дағдысы мен қажеттілігіне қарай таңдау бере отырып жүргізіледі.

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін рольдік ойын, ашық сұрақтар және бақылау жүргізу арқылы іске асырылады.

Денсаулық сақтау технологиялары – көзге арналған жаттығулар, кабинеттің терезесін ашып, ауасын тазарту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу