Жұмыс презентациясы. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


№10 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұмыс презентациясы

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1 - Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

8.3.3.1 - Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • өздерінің жобалық жұмыстарын көрсету тәсілдерін таңдайды;
  • өздерінің жобалық жұмыстарының презентациясын жасайды;
  • өзінің шығармашылық идеясына бағалау критерийлері бойынша талдау жасайды.

Жетістік критерийлері

- ауқымды аудиторияға өз жұмысын көрсетудің маңыздылығын түсінеді;

- бағалау критерийлерін қолдана отырып, өз жұмысының ерекшеліктері мен кемшілігін талдайды;

- таңдаған тәсілі мен презентациялау түрін, сонымен бірге онлайн платформаны қолдана отырып, өз жобалық бұйымын таныстырады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Дизайндық нұсқау: шығармашылық идея қалыптастыру және орындау, бөлшектерді біріктіру, сәндеу, ою-өрнек, халықтық пішім, сәндік әрлеу, тігін өндірісі, пішім ...

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Біз халықтық стильде дайындалған жобалық бұйымымызды ... деп болжаймыз.

Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.

Жұмысқа әртүрлі сәндік материалдарды қолдану бізге … түсінуге мүмкіндік береді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Бастапқы білім

Оқушылар өз жобалық бұйымдарын жасады, бұл сабақта бұйымды таныстырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1-2 минут

1 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • «Энергетикалық шеңбер» тәсілі арқылы оқу барысын ынталандыру үшін, жағдай жасайды:

оқушылар бір-бірінің жанына тұрып, қол ұстасып шеңбер жасап тұрады. Мұғалім оқушыларға оны жүргізу ережесін түсіндіреді: шеңбер бойымен, бір-бірімен қол алысу арқылы жағымды энергия беруі тиіс. Әрбір қол алысу кезінде оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтуына болады. Егер қол алысу басталған кездегі оқушыға жетсе, онда жағымды энергия шеңберінің пайда болғаны, бір оқушыдан екіншісіне өтіп, бір үлкен, ұйымшыл командаға біріктірілгені. Қалауына қарай – белсендендіру үшін музыкалық сүйемелдеу қосуға болады.

  • Мақсатты тұжырымдау

Мұғалім оқушыларға бірлескен талқылауда сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауды ұсынады.

Электронды презентация 1-слайд.

Қазақтың ұлттық музыкалық композициясы.

Сабақтың ортасы

2-3 минут

2-3 минут

20-25 минут

    • минут
  • Шақыру.

Оқушылар жұмысты орындау үшін өткен сабақтағы құрамда командаға немесе топқа бірігуі қажет. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырманы орындайды.

Мұғалім топтарға шығармашылық жұмыс презентациясын ұйымдастыру бойынша әртүрлі идеялар туралы ойланып, қажетті ақпарат көздерін, мысалы, онлайн платформа және әлеуметтік желіні қолдана отырып, қажетті мәліметті үлкен қағаз парағына немесе флипчартқа жазуды немесе кез келген графикалық материалдармен бейнелеуді ұсынады. Оқушылар жұмысты орындау барысында ақпаратты іздеу түріне байланысты бір топтан екінші топқа өтуіне, бірнеше рет әртүрлі құрамда жұптасып немесе топқа бірігуіне болады немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай берілген уақыт соңына дейін сыныптастарына, көрші топқа іздеген материалдарын берулеріне болады.

  • Шолу әңгімесі

Оқушылар бір-біріне шығармашылық жұмыстарын көрмеге қалай дайындауға болатынын айтады және оны орындау үшін ең қызықты әрі креативті нұсқасын таңдайды. Мұғаліммен бірлескен әңгімеде бағалау критерийлерін талқылай отырып, сонымен бірге келесілерді ескереді:

  • жұмыстың түстік гаммасының қанық болуы;
  • біріктіру тігісі мен сәндік әрлеуін орындау кезіндегі жұмыстың ұқыптылығы;
  • жобалық бұйымның функционалдығы мен өз қолданылуына сәйкес болуы.

Оқушылар презентация жүргізу дискрипторымен танысады:

  • өз жұмысын таныстыруды қажетті ақпараттармен бірге жүргізу;
  • жұмысын шығармашылық көрмеге немесе сән шоуына дайындау;
  • жобалық бұйымын креативті таныстыру
  • Шығармашылық жұмысты таныстыру. ҚБ арналған тапсырма

1 кезең

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерін суреттері және сипаттамасы бар слайдтардан тұратын электронды таныстырылым жасауға ноутбуктерді қолдануына болады, жобалық бұйымын қалай орындағанын, қандай материалдар мен құрал-жабдықтардың қолданылғанын түсіндіре отырып, олардың кезеңдерін сипаттайды. Оқушылар бірнеше ақпараттық слайдтан тұратын, шағын электронды презентация дайындайды (1 қосымша).

2 кезең.

  • Оқушылар жобалық жұмыстарын ұсынуға немесе көрсетуге дайындайды.
  • Ақпараттық этикетка жасау және жұмыстың авторы, жасалған материалы туралы ақпаратымен жұмысқа бекіту.

3 кезең.

Әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын, шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу:

  • жобалық жұмыстың манекенде орналасуы;
  • жұмысты бекіту үшін мектептегі жылжымалы мобильді тақтаны қолдану мүмкіндігі;
  • жобалық жұмысты бөлмедегі әртүрлі тәсілмен орналастырылған, көрсетілімге арналған ілгішке орналастыру;
  • өз жобалық жұмысының көрсетілімін сән шоуы арқылы көрсету;
  • интернеттегі әртүрлі сайттарды, конференцияларды, чаттарды және т.б. қолдана отырып, жарнама жасау.

4 кезең.

Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес, өз жұмыстарында немесе сыныптасының жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер, шығармашылық идеялар мен жобалық жұмысқа түсініктеме беріледі.

  • Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде оқушылардың презентациясының сәтті шыққан тұстарын, сонымен қатар - жұмысын толықтыру, жетілдіруді қажет ететін оқушылардың жұмысын атап көрсете отырып, жұмысты жалпы қорытындылайды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады (2 қосымша).

Электронды презентация 2слайд

Үлкен қағаз парағы немесе флипчарт, маркерлер, фломастерлер, түрлі-түсті борлар, қарындаштар

Электронды презентация 3слайд

Сабақтың соңы

1-2 минут

Рефлексия

Оқушыларға сабақтағы іс-әрекеттің қаншалықты ұнағанын жетон түсімен көрсету ұсынылады: барлығына екі түсті - жасыл және сары жетон ұсынылады. Жасыл түсті жетонды таңдау кезінде оқушылар сабақтың оларға өте ұнағанын түсінеді, сары жетонды таңдағаны – сұрақтың болуы немесе кейбір нәрсенің түсініксіз болғаны.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Өзін -өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу