![]() |
|
![]() |
Жұмыс презентациясы. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, презентация.
Тақырыбы: Жұмыстың презентациясы
Оқу мақсаты:
8.3.1.1 - Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде).
8.3.3.1 - Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану.
Шеңбер бойымен, бір-бірінің қолдарын қысу арқылы жақсы көңіл күй сыйлау. Әрбір қол алысу кезінде бір-біріңе әртүрлі жақсы тілектер айтыңдар.
«Энергетикалық шеңбер»
Тапсырма: топтар қажетті ақпарат көздерін, мысалы, онлайн платформа әлеуметтік желіні қолдана отырып, шығармашылық жұмыс презентациясын ұйымдастыру бойынша идеясын кез келген графикалық материалмен бейнелеуі немесе флипчартқа жазуы қажет.
Бағалау критерийлері:
- жұмыста түсті гамманың қанық болуы;
- біріктіру тігісі мен сәндік әрлеуін орындау кезіндегі жұмыстың ұқыптылығы;
- жобалық бұйымның функционалдығы мен өз қолданылуына сәйкес болуы.
Тапсырма: өз жұмыстарыңды таныстырыңдар
Бағалау критерийлері:
- жұмыста түсті гамманың қанық болуы;
- біріктіру тігісі мен сәндік әрлеуін орындау кезіндегі жұмыстың ұқыптылығы;
- жобалық бұйымның функционалдығы мен өз қолданылуына сәйкес болуы.
презентацияны жүргізу дискрипторы:
- өз жұмысын қажетті ақпараттармен бірге таныстыру;
- жұмысын шығармашылық көрмеге немесе сән шоуына дайындау;
- жобалық бұйымын креативті таныстыру.
Шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу:
- жобалық жұмыстың манекенде орналасуы;
- жұмысты бекіту үшін мектептегі жылжымалы мобильді тақтаны қолдану мүмкіндігі;
- жобалық жұмысты бөлмедегі әртүрлі тәсілмен орналастырылған, көрсетілімге арналған ілгішке орналастыру;
- өз жобалық жұмысының көрсетілімін сән шоуы арқылы көрсету;
- интернеттегі әртүрлі сайттарды, конференцияларды, чаттарды және т.б. қолдана отырып, жарнама жасау.
Тапсырма: түрлі түсті жетондарды қолдана отырып жауап беріңдер, сабақтағы жұмыс ұнады ма?
Жасыл түсті жетон – өте ұнады.
Сары түсті жетон – сұрақ бар немесе кейбір жері түсініксіз.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023