Жұмыс презентациясы. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Жұмыс презентациясы

Оқу мақсаты:

8.3.1.1 - Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

8.3.3.1 - Жасалған өнімнің (шығармашылық жұмыс) сапасын қолданылған әдіс-тәсілдерін бағалау және талдау үшін критерийлерді қолдану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар өздерінің жобалық жұмыстарын көрсету тәсілдерін таңдайды, презентация жасайды және өзінің шығармашылық идеясына бағалау критерийлері бойынша талдау жасайды.

  • Үйымдастыру кезеңі:

Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Энергетикалық шеңбер» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттауы қажет, сонымен қатар қазақ ұлттық аспаптары орындауымен музыкалық сүйемелдеу қосуға болады. Белсенділік басында мұғалім оқушыларға оны жүргізу ережесін түсіндіреді: шеңбер бойымен, бір-бірімен қол алысу, әртүрлі жақсы тілектерін айту арқылы жағымды энергия сыйлауы тиіс. Бұл тәсілді қолдану көрсетілім алдында оқушыларды нығайтып, өздерінің жобалық бұйымын жақсы қорғауға көмектеседі.

  • Мақсатты тұжырымдау

Бұл соңғы сабақ болғандықтан, оқушылар бірлескен талқылауда сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтай алады, қажеттілігіне қарай мұғалім түзетулер енгізеді.

  • Шақыру

Бұл белсенділікті өткізу үшін мұғалім алдын ала графикалық материалдар, үлкен қағаз парағын немесе флипчарт дайындауы қажет. Оқушылар өз ойларын жазып немесе бейнелей отырып, өз жұмысын қалай көрсететіні туралы ойланады. Бұл тәсіл оқушылардың бірлескен жұмысында өзінің жобалық бұйымының презентациясын көрсету тәсілдерін анықтауға көмектеседі.

  • Шолу әңгімесі

Бірлескен шолу әңгімесі кезінде оқушылар бір-біріне шығармашылық жұмыстарын көрмеге қалай дайындауға болатынын айтады және оны орындау үшін ең қызықты әрі креативті нұсқасын таңдауға көмектеседі.

Оқушылардың назарын критериалды бағалауды талқылауға аудару маңызды, сонымен бірге келесілерді ескере отырып:

  • жұмыстың түстік гаммасының қанық болуы;
  • біріктіру тігісі мен сәндік әрлеуін орындау кезіндегі жұмыстың ұқыптылығы;
  • жобалық бұйымның функционалдығы мен өз қолданылуына сәйкес болуы.

Сонымен бірге шығармашылық жұмыстың презентациясын жүргізу дискрипторымен таныс болуы керек:

  • өз жұмысын таныстыруды қажетті ақпараттармен бірге жүргізу;
  • жұмысын шығармашылық көрмеге немесе сән шоуына дайындау;
  • жобалық бұйымын креативті таныстыру.
  • Шығармашылық жұмысты таныстыру. ҚБ арналған тапсырма

Бірінші кезеңді өткізу үшін оқушылардың бірнеше ақпараттық слайдтардан тұратын электронды таныстырылым жасауына қажетті ноутбуктер дайындау қажет. Екінші кезеңде оқушылардың таныстыруға жобалық жұмыстарын дайындауы үшін мұғалім көркем материалдар дайындауы қажет. Үшінші кезеңде шығармашылық жұмыстың ұйымдастырылуы мен өткізілуі жүзеге асырылады. Оқушылар таңдаған әртүрлі тәсілдермен өткізуге болады. Төртінші кезеңде алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес, өз жұмыстарында немесе сыныптасының жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер, шығармашылық идеялар мен жобалық жұмысқа түсініктеме беріледі.

  • Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде оқушылардың презентациясының сәтті шыққан тұстарын, сонымен қатар - жұмысын толықтыру, жетілдіруді қажет ететін оқушылардың жұмысын да атап көрсете отырып, жұмысты жалпы қорытындылайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу