Жеке бөлшектерді өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


7 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке бөлшектерді өңдеу.

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдеу ережелерімен танысады;
  • тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;
  • иық бұйымы бөлшектерін өңдеуді орындайды.

Жетістік критерийлері

- жеке бөлшектерді өңдеудің қажетті операцияларын кезең бойынша орындау реттілігінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру, стиль, халықтық пішім, пішім …

Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Біз мұндай материалдар қолданылған киім бұйымдары, өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ...

Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.

Мұндай материал түрін қолдану, бізге ... түсінуге көмектеседі. Модельді модельдеу бізге … мүмкіндік береді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Бастапқы білім

Бұл үшінші тоқсанның жетінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс және модель сызбасын дайындау кезінде модельдеуді және бөлшектерді пішуді орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

2-3 минут

1 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • «Дәйексөзді тап» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды: белсенді оқу іс-әрекетіне ынталандыру үшін электронды презентация слайдтары немесе сынып тақтасына ілінген қазақ тіліндегі аудармасымен ағылшын тіліндегі әртүрлі дәйексөздер жазылған флипчарт қолданылады, мысалы, A dream becomes a goal when action is taken toward its achievement. - Жетістікке жетуге ұмтылғанда, арман мақсатқа айналады. The future belongs to those, who believe in beauty of their dreams. - Болашақ өз арманына сенетіндерге тиесілі
  • Success doesn't come to you. You go to it. - Табыс (жетістік) сізге өзі келмейді, сіз оған ұмтыласыз. Success is not in what you have, but who you are - Жетістік сендегі бар дүние емес, өзіңді қалай елестетуіңізде. Fortune favors the brave. - Батылдарға тағдырдың өзі жол ашады.

Мұғалім сайттағы ақпараттарды қолдана отырып, басқа сөздерді де қолдануына болады: https://statusycitaty.ru/statusyi-na-angliyskom/motiviruyuschie-tsitatyi-na-angliyskom-s-perevodom.html

Оқушылар бірнеше топқа бірігіп, өз таңдауларын дәлелдей отырып, өз таңдауына сәйкес дәйексөзді таңдайды. Әр топ таңдаған дәйексөз мағынасын осы сабақтағы іс-әрекетпен салыстырады.

  • Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар сынып тақтасында жазылған сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады және оның мәнін түсіндіреді.

Электронды презентация 1-слайд.

Сабақ тақырыбына сәйкес, әртүрлі тақырыпқа музыкалық композиция.

Электронды презентация 2 слайд.

Қазақ және ағылшын тіліндегі әртүрлі дәйексөздер туралы ақпарат бар сайт:

https://statusycitaty.ru/statusyi-na-angliyskom/motiviruyuschie-tsitatyi-na-angliyskom-s-perevodom.html

Сабақтың ортасы

1-2 минут

1-2 минут

1-2 минут

15-20 минут

2-3 минут

1-2 минут

    • минут
  • Миға шабуыл

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың сұраққа жауап беруі қажет:

Бұл сабақта тігін бұйымының қандай жеке бөліктерін өңдеу қажет?

Оқушылар топта бұл туралы өз ойлары мен идеяларын үлкен қағаз бетіне немесе флипчартқа жаза отырып, талқылайды және бір-біріне айтады. Бұл ақпаратты кабинеттегі көрнекті жерге орналастыруға және оған сабақ барысында қажеттілігіне қарай қарауға болады.

  • Жаңа ақпарат. Топтық жұмыс.

 Оқушылар артқы бетінде тігін бұйымын өңдеу түрінің атаулары жазылған карточкалар бойынша топтарға бірігеді.

Қолтық ойындысы немесе жең аузын өңдеу

Мойын ойындысын өңдеу

Бұйым қиықтарын өңдеу

Топтағы оқушыларға тәжірибелік жұмысты орындаудың кезеңдік реттілігі берілген нұсқаулық-технологиялық карта ұсынылады. Әр топ жаңа ақпаратты қарастырады және өз сыныптастарына ұсынады.

  • Жұмысқа дайындық

Оқушылар тігін бұйымы – қамзолдың алған ақпаратқа сәйкес жеке бөлшектерін өңдеу бойынша қажетті операцияны орындау үшін, қажетті материалды, құрал-жабдықтарды таңдап, дайындайды.

  • Тәжірибелік жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.

 Оқушылар таңдаған тәсілдері мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, тігін бұйымының жеке бөлшектерін өңдейді. Жұмысты орындау алдында оқушылар келесілерді:

  • орындау ұқыптылығы;
  • бұйымның жалпы қолданылуына таңдалған операцияның сәйкестігі;
  • жұмысты орындау кезінде техника қауіпсіздігін сақтауды ескере отырып, жұмысты бағалау критерийлерін бірлескен әңгімеде талқылайды.
  • Ылғалды-жылумен өңдеу.

Оқушылар ЫЖӨ тәсілдері туралы жаңа ақпаратпен танысулары және қажетті операцияларды орындаулары қажет.

Бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу тәсілдері.

Бөлшектер мен дайын бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу үтік немесе прес арқылы орындалады. Бұйымды қолмен ылғалды-жылумен өңдеу арнайы үтіктеу столы немесе тақтасында орындалады.

Ылғалды-жылумен өңдеу процесі үтіктеу, пресстеу және булау болып бөлінеді.

Жүн немесе жібек маталар үтіктеуге арналған мата (зығыр немесе мақта мата кесегі) арқылы үтіктеледі. Үтіктеу кезінде үтіктің жылу режимін сақтау қажет.

Киімді ылғалды-жылумен өңдеу мата түріне байланысты. Тігу процесі мен бұйымды соңғы өңдеу кезінде бұйымның сапасы мен олардың сыртқы түрі көбінесе ылғалды-жылумен өңдеу сапасына байланысты болады.

Ылғалды-жылумен өңдеу процесінде матаға ылғал, жылу мен қысым әсер етеді.

Өңдеу процесі үш кезеңнен тұрады.

  • Талшықты ылғал мен жылумен жұмсарту.
  • Қысым арқылы белгілі бір пішінге келтіру.
  • Ылғалды-жылу мен қысым арқылы пішінін бекіту.
  • Өзіндік бақылау

Оқушылар:

  • қаттама енінің бірдейлігін;
  • тігісінің түзулігін;
  • ылғалды-жылумен өңдеу сапасын тексеруі қажет.
  • Бағалау

Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарының ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.

Электронды презентация 3 слайд

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Матамен жұмысқа арналған бор, арнайы маркер немесе қарындаш, қайшы, қамзол пішімінің бөлшектері, бөлшектерді өңдеуге арналған қажетті жабдықтар.

Үтік, үтіктеу тақтасы

Мата, көшіру қағазы, ағылшын түйрегіші, бор, сабын. Қарындаштар, маркерлер, кескіш-дөңгелекше.

Үтік, үтіктеу тақтасы, үтіктеуге арналған мата

Сабақтың соңы

1-2 минут

Рефлексия

Оқушылар сабақтағы іс-әрекеттің қаншалықты ұнағанын карточка түсімен көрсетеді – жасыл карточка – өте ұнады, сары карточка – сұрақтар бар. Оқушылар бұл карточкаларды кабинеттен шығарда үлкен қағаз параққа немесе сынып тақтасына жапсырады.

Жасыл және сары түсті карточкалар.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу