Материалды таңдау және дайындау. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Ұзақмерзімді жоспар тарауы: Дизайн және технология
Сабақ тақырыбы: Материалды таңдау және дайындау.
Оқу мақсаты:
6.1.4.1
Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау
Теориялық материал
Асханаға арналған бұйым
Асхана аксессурлары және декоративті элементтері дизайнның әсем бөлігі. Әрі асханадағы тағамдар мен жұмыстарды істеуде қажет ақ. Ғаламтордан пішімі бар бұйымдарды жасауды түрлі әдістері бар. Оқушылар тұтқыш (прихватка) бұйымын жасау үшін өз үйлерінің асханасына бағыттап жасауы керек. Тұтқыштар түрлі формалы болуы мүмкін. Алма, қол, кітап, қоян, тиын және т.б.
Мата таңдау
Асхана жұмыстарына арналған бұйымның матасы тығыз ыстық өткізбейтін матадан жасалуы тиіс. Керісінше тұтқыштың ішкі жағы қолға жағымды жұмсақ матадан жасаған дұрыс. Тұтқыштың сыртқы жағына ситеу, мақта мата және зығыр матасы жақсы.
Зығыр. Тығыз табиғи мата. Бұл матаға 20 пайыз синтетикалық жіптерді қосуы мүмкін.
Мақта мата. Сәтен, ситец, бөз.
Фетр. Тығыз мата. Киізбен жасалған.
Сабақты өткізуге арналған ұсыныстар
Бұл сабақта оқушылар үйге арналған түрлі бұйымдарды жасауды бастайды. Асханаға арналған түрлі бұйымдардың түрлерін ұсынған дұрыс. Оқушыларға үлгілік мысалдар келтірген дұрыс. Тұтқыштардың түрлі түрлерін көрсеткен дұрыс.
- Тұтқыштарды қандай маталардан жасаған дұрыс?
- Қандай маталар ең оңтайлы?
- Оларды қалай тіккен дұрыс?
Сабақ басында маталардың түрлерін қайталап шыққан дұрыс.
Практикалық тапсырма
Оқушылар бұйымды жасау үшін қағаздан лекало дайындайды. Матадан пішім жасайды. Өздігінен матадан пішім орындайды. Бұйымды жасау үшін алты қабат мата қажет болады. Матаны толтыратын толтырғыш та қажет болады. Ол бір жағынан бұйымды толықтырып тұрса, екінші жағынан қосымша ыстық өткізбейтін болады.
Дифференциация. Бұйымды орындау әдісіне қарай жасалады. Тігу, пішу дағдыларына бейім оқушыларға тұтқыштардың қиынырақ формасын жасауға тапсыруға болады. Немесе практикалық тапсырманы жұпта жасатып, тігуге қиналатын оқушыларды өзара біріктіруге болады.
Бағалау бойынша ұсыныстар
Жұптағы бағалау:
Оқушылар жұптасып, жұмыстың нәтижесін бағалайды. Сәтті және түзетуді талап ететін сәттерді талқылайды..
Рефлексия
- Сабақтағы қандай ақпарат саған жаңа болып көрінді?
- Бұйымды безендіру үшін қандай материалдарды қолдануды жоспарлап отырсыздар?
- Асханаға арналған бұйымды жасаған кезде неге мән беру керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру