Материалды таңдау және дайындау. Өлшем алу және алжапқыш сызбасының құрылымы. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар 3 бөлімі: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Материалды таңдау және дайындау. Өлшем алу және алжапқыш сызбасының құрылымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау.

6.1.4.1

Уақыт пен басқа да факторларды ескере отырып, іс-әрекеттің реттілігін анықтау және жоспарлау.

6.1.4.2

Материалдық шығынды анықтау (сандық көрсеткіштер)

 Сабақ мақсаттары

  • Үйге арналған бұйым дизайнын орындау;
  • Өлшем алып, бұйымның сызбасын орындау;
  • Жұмысқа жоспар құру;
  • Бұйымға кететін мата шығынын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Бұйым дизайнын құрастыруда бірнеше идеялар ұсынады;
  • Бұйым орындау үшін өлшемді дұрыс алады;
  • Өлшем белгілерін қолданып сызба құрастыра алады;
  • Өз жұмысын жоспарлайды;
  • Матаға орналастыруды ескеріп, шығынды есептей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Алжапқыш – фартук – apron

Шәйнекке арналған жылытқыш – грелка для чайника – hot-water bottle for teapot

Тұтқыш – прихватка – potholders

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен өз алжапқышымды

Құндылықтарды дарыту

Осы сабақта балалардың бойына еңбек, шығармашылық, құрмет құндылықтарын дарыту практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Математика – есеп жүргізу,

Геометрия – пішіндерді тану, пішу.

АКТ қолдану дағдылары

Мәлімет іздеу мен шабыт, идея дамыту үшін интернет желісін қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар қуыршақ орындап, оған түрлі аксессуарлар мен киім үлгілерін матадан тікті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сәлемдесу. Оқушыларға түрлі алжапқыш түрлерін көрсету. Қолдану аясын талқылау.

Презентация

Сабақтың басы

3 мин

Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылау.

Сабақтың ортасы

35 мин

Материалды таңдау және дайындау. Өлшем алу және алжапқыш сызбасының құрылымы.

) Сұрақтар қою:

- «Жобалау» «конструкциялау» және «пішім» дегеніміз не?

- Конструкциялау не үшін қолданылады?

- Пішім сызбасы не үшін жасалады?

Дайын бұйым үлгісінде өлшемді анықтау үшін, денебітімнен өлшем алу қажеттігін түсіндіру. Алжапқыш тігу үшін қажетті өлшемдерді анықтауды ұсыну.

(К) Өлшем алу тәсілін көрсету.

(Т) Тапсырма. Өлшем алу.

Оқушылар бір-бірінің өлшемін алып, өлшемдерін дәптерлеріне жазады.

Дескрипторлар:

  • Өлшем алудың ережесін сақтайды;
  • Өлшем белгілерін дәптеріне жазады.

(Ұ) Оқушылармен жұмысты орындау реттілігін талқылау:

  • Үлкен қағазға алжапқыштың шынайы көлемдегі сызбасын сызу. М 1:1 көлемдегі алжапқыш сызбасының құрылымы.
  • Дайын сызбаны қиып алу.
  • Пішімнің барлық бөліктеріне бөлшек атауын жазу.
  • Барлық бөлшекте бойлық жіп бағытын көрсету.

Әр қиықта тігіске арналған қосымша көлемін белгілеу.

Құрастырылған сызба негізінде мата шығынын анықтау. Оқушылар 1:4 масштабында матаға орналастырады, есеп жүргізеді. Бір-бірімен алмасып, тексереді, ұсыныс айтады.

http://kitchendecorium.ru/accessories-decor/dekorirovanie/shitie-detskogo-fartuka.html

http://kitchenguide.su/remont/obustrojstvo/kak-sshit-fartuk-dlya-kuxni.html

Метр бауы, дәптер

Сызғыш М 1:4, қалам, өшіргіш, лекал дайындауға арналған газет не ватман/тұсқағаз

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу арқылы жүзеге асады.

Оқушылардың орындаған практикалық тапсымалары, сұра-жауабы, өз ойын негіздеп айтуы нәтижелері бойынша бағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

1-топ

2-топ

3-топ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу