Болашақтағы сәулет өнері. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Бөлім Болашаққа саяхат

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақтағы сәулет өнері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.4.1

Шығармашылық идеялар мен сезімдерді әртүрлі жұмыс техникаларын қиыстыра отырып, жеткізу.

4.2.2.1

Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.

4.2.4.1

Қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;
  • Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;
  • Ғимараттардың суреттерін салыстыру;
  • Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;
  • Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

  Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Болашақтағы ғимаратты жасау үшін арналған бір идея ретінде өткен сабақта жасалған суреттерін қарастырды;
  • Қазіргі және болашақтағы ғимараттардың айырықша ерекшеліктерін анықтады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: болашақтағы сәулет өнері, ғимараттың кинетикалық моделі
  • Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: өзімнің ғимаратым үшін материалды таңдағанда, мен …

Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу, келесі адамның ойын құрметтеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика

Бастапқы білім

Сәулетшілердің шабыт көзіндерін білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1 Ұйымдастыру. Сабаққа материалдарды дайындау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Өткен сабақтағы жұмыстарын қарастыру- болашақтағы ғимарат;
  • Ғимараттың кинетикалық моделін қарастыру;
  • Ғимараттардың суреттерін салыстыру;
  • Болашақтағы ғимаратты жасау үшін материалдарды қолдану;
  • Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақтың ортасы

34 минут

8 минут

10 минут

17 минут

2 Өткен сабақта орындалған жұмыстарын қарау:

А) Жұмыстарымен ауысу. Дескрипторлар бойынша өзара бағалау:

- болашақтағы ғимаратты бейнеледі;

- шабыт алу үшін … пішінді, … затын қолданды;

- жұмысы әсерлі шықты.

Б) Жұмыстарын тақтаға қою;

С) «Екі жұлдыз, бір тілек»

Кері байланыс. Өздеріңіздің ғимараттарыңызды жасау үшін сіздер қоршаған ортадағы білімдерді қолдандыңыздар. Сіздерге осы тәжірибе пайдалы болды ма?

3 Балалар қазір біз сіздермен болашақтағы сәулет өнері- болашақтың кинетикалық модельдері туралы қызықты видеоролик қараймыз.

А) Видеороликті қарау;

Б) сұрақтарға жауап беріңіз:

- Берілген модельдің артықшылықтары туралы айтып беріңіз?

С) Қолда бар материалдарды қолдана отырып берілген модельді қалай жасауға болатындығы туралы мұғалімнің көрсетілімі.

Кері байланыс. Бүгін сіздер өздеріңіздің ғимараттарыңызды жасау үшін қажетті материалды таңдайсыздар.

Ғимараттың кинетикалық моделін жасау үшін қандай материалды және қалай қолданатындығыңыз туралы ойланыңыздар.

4 Практикалық жұмыс.

А) Ғимаратты салыстыру үшін тапсырманы орындау;

Б) Жұмыстың басында оқушыларға қайшы мен ыстық желіммен жұмыс істеу туралы қауіпсіздік ережесін ескерту:

1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;

2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;

3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;

4. Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;

5. Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;

6. Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.

7. Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;

8. Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.

С) Сыныпты 3 оқушыдан топтарға бөлу;

Д) Ғимараттың макетін жасау бойынша жұмысты бастау:

- қолда бар материалдардың құрамына байланысты ғимарат моделіне тоқтау;

- топтағы міндеттерді бөлу;

- ғимараттың бөлшектерін өңдеу және жасау.

Е) Дескрипторлар бойынша өзара бағалау:

- ғимаратты жасау бойынша үдеріс жоспары бар;

Кері байланыс. Оқушылардың жұмыстарын қарау. Ғимараттың макетін жасау бойынша ұсыныс беру.

Кинетикалық архитектура –

Болашақтағы сәулет өнері

https://www.youtube.com/watch?v=x1Jrls1yQ6E

Ғимараттың екі түрімен презентация

Түрлі қолданыстан қалған материал, қайшы, ыстық желім

Сабақ соңы

3 минут

5. Рефлексия:

Сабақта не қолынан келді?

Қолынан не келмеді?

Жұмысты жетілдіру үшін не істейсіз?

6. Жұмыс орнын жинау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау.

Кейбір оқушыларға мұғалімнің көмегі тиеді, ал кейбіріне оқушылар көмек көрсетеді.

Мұғалімнің бақылауы.

Дескрипторлар бойынша өзін- өзі бағалау.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары іске асырылатындай болды.

Барлық оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді.

Саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Уақыт кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылқтар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жұмыстың практикалық бөлігі.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу