Ағашта орналасқан үкі. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 тарау: Қоршаған ортаны қорғау

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ағашта орналасқан үкі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1

Шығармашылық жұмысты жақсартудың жолдарын ұсынып, критерийлерге сәйкес жұмысты бағалау.

 Сабақ мақсаттары

  • Ағашты жасау үдерісін аяқтау;
  • Үкі мен ағашты бір композициялық суретке біріктіру;
  • Дайын жұмысты критерийге сай бағалау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Шығармашылық жұмысын аяқтады.

 Тілдік мақсаттар

 

Білім алушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: ағаш, үкі, бір тұтас, композиция.
  • Сөз тіркестерін қолдана отырып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: жұмыс барысында мен үкінің тым .. болып шыққанан түсіндім, бұл жағдайда маған …

 Құндылықтарды дарыту

Бір- бірін тыңдай алу және бір- біріне құрмет көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

География

Бастапқы білім

Өмір ағашы туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1 Ұйымдастыру.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Ағашты жасау үдерісін аяқтау;
  • Үкі мен ағашты бір композициялық суретке біріктіру;
  • Дайын жұмысты критерийге сай бағалау.

Сабақ ортасы

34 минут

2. Сабақтағы оқушылардың келесі іс- әрекеттерін бастау нүтесін анықтау. Өткен сабақта ағашты орындау бойынша материал мен техниканы өздігінен таңдау арқылы жұптасып бастады.

- балалар, өткен сабақта қандай ағаш туралы айтылды?

- өз ағаштарыңызды қандай материалдан жасап отырсыздар?

- ағаштарыңыз дайын болуы үшін әлі де не істеу қажет? (6 минут)

Кері байланыс. Жұмыс барысында қиындық болды ма? (1 минут)

3. Практикалық жұмыс. (22 минут) Музыкалық сүйемелдеу үшін құстардың дауысы, судың сылдырлап аққан дыбысын қолданамыз.

 Түрлі материалдарды қолдана отырып, ағашты жасау бойынша үдерісті жалғастырамыз. Бөлімнің екінші сабағында үкіні ағашқа біріктіру. Егер үкі ағаштан үлкен болып шыққан жағдайда, үкіні ағаштың үстіне емес алдына, қағаздың төменгі жағына қоямыз. Сол арқылы композицияның- ағаш пен үкінің перспективалық мәселесін шешеміз.

 Жұмыстың басында оқушыларға қайшы мен ыстық желіммен жұмыс істеу туралы қауіпсіздік ережесін ескертеміз.

1. Ыстық желіммен жұмыс істеген кезде үлкендердің көзінше және олардың рұқсатымен ғана жұмыс істеу;

2. Ыстық желімнің ұшы өте ыстық, қолмен ұстамау керек;

3. Еріген желім өте ыстық болғандықтан 5 минуттан кейін ғана ұстау керек;

4. Ыстық желімні пистолетін қойғыштың үстіне ұшын төмен қаратып қою қажет;

5. Ыстық желімді қосулы күйінде және қараусыз қалдырма;

6. Жұпта жұмыс істеген кезде бір- біріне нақты нұсқаулық бере отырып ыстық желіммен жұмыс істеу керек.

7. Үстелдің үстін бүлдірмеу үшін ыстық желімнің астына қағазды салу қажет;

8. Жұмыс жасап болған соң ыстық желімді сөндіріп қою қажет.

 Жұмыс барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек көрсетеді. Оқушылардың өзара қарым-қатынасын бақылайды. Жұмыс барысында туындаған мәселені қалай шешуде екендігін нақтылайды.

Кері байланыс. Балалар, біз ағашты жасап болдық, үкіні ағашқа біріктірдік. Қазір біз сіздермен барлық жұмыстарды үстелдің үстіне бір қатармен жайғасырамыз және бағалаймыз.

4. Өзара бағалау. (5 минут) Бағалау үшін келесі дескрипторларды қолданамыз:

- ағашқа тән ерекшелікті көрсетті;

- ағашты жасау үшін түрлі материалды қолданды;

- үкіні ағашқы біріктірді (немесе автордың ойы бойынша басқа композициялық орынға орналастырды);

- барлық бөлшектері негізіне мықты біріктірілген;

- жұмысы ұқыпты орындалған.

 Бағалаудан кейін оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы рефлексия өткізеді.

Қалыптастырушы бағалау. Мұғалімнің бақылауы. Жұмысындағы келесі іс- әрекетке итермелеу үшін кейбір оқушыларға ұсыныс сұрақтары ретінде қолдау көрсету.

Өзара бағалау. Оқушылар бір- бірінің жұмыстарын бағалайды.

Саралау.

Жоғарыда айтылғандай кейбір оқушыларға көмек көрсетіледі. Кейбірі өздігінен 3 Д көлемде немесе жазықтықта орналасқан ағашты орындау үшін материалды таңдап жұмыс жасайды.

Нәзік музыка. Құстардың әні. Судың сылдырлап аққан дыбысы.

https://www.youtube.com/watch?v=SR0PGXgUqms

Түсті қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, фетр, жіптер, сулықтар, қарындаш-желім, ыстық желім, қайшы, гуашь, қылқаламдар, су құйғыш, алжапқыш, сым, тістеуіктер.

Сабақ соңы

4 минут

5. Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

6. Жұмыс орындарын жинастыру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау.

Жоғарыда айтылғандай кейбір оқушыларға көмек көрсетіледі. Кейбірі өздігінен 3 Д көлемде немесе жазықтықта орналасқан ағашты орындау үшін материалды таңдап жұмыс жасайды.

Мұғалімнің бақылауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың шығармашылық бөлігі

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу