Суретшілер картиналарындағы мамандықтар әлемі. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4 С

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Суретшілер картиналарындағы мамандықтар әлемі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.1

Отандық және әлем мәдениетінің әртүрлі өнер туындыларын білу және олардың ерекшеліктерін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Түрлі мамандық иелерін көрсеткен суретші жұмыстарын қарастыру;
  • Практикалық іс- әрекет арқылы нобайларында белгілі бір мамандық ерекшелігін көрсету;
  • Мамандықтардың визуалды ерекшеліктерін көрсетуде киімге, аксессуарға және құралдарына назар аударту.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Суретші шығармаларындағы еңбекқор адамдардың рөлін түсінеді;
  • Белгілі мамандық иелерінің киімдеріне тән визуалды элементтерді анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: мамандық, еңбекқор адам, мамандық иесіне тән киім.
  •   Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту: берілген шығармада мен … мамандық есін көріп тұрмын.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

Бастапқы білім

«Шашырату» әдісі туралы білімі және коллаж техникасында материалдарды араластыру туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал- жабдықтарының әкелінуі)

Үстел үстіне түрлі мамандық иелері бар адамдардың суреттері жайғастырылған.

Стартер- сұрақтар:

- Сіздер не көріп тұрсыздар?

- Олардың іс- әрекеттерін қандай сөз біріктіреді? (Профессия)

Балалар, бүгін біз түрлі мамандық иелері туралы айтатын боламыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:

  • Түрлі мамандық иелерін көрсеткен суретші жұмыстарын қарастыру;
  • Практикалық іс- әрекет арқылы нобайларында белгілі бір мамандық ерекшелігін көрсету;
  • Мамандықтардың визуалды ерекшеліктерін көрсетуде киімге, аксессуарға және құралдарына назар аударту.

Сабақ ортасы

35 минут

2. Қазір біз түрлі мамандық иелері бейнеленген суретшілердің шығармаларын қарастырамыз. (7 минут)

  • Қандай мамандықтарды көріп тұрсыздар, сипаттаңыздар?
  • Оны сіздер қалай түсіндіңіздер?
  • Белгілі бір мамандық иесіне тән ерекшелікті суретшілер не арқылы берді?

Кері байланыс. Неліктен суретшілер түрлі мамандық иелерін бейнелеген? (1 минут)

3. Тапсырма. Түрлі мамандық иелерінің суреті бар карточкаларды тарату. Бір- біріне берілдген мамандық туралы айтып беру. (жұптық жұмыс) (3 минут)

- Суретте қандай мамандық бейнеленген?

- Оны сіз қалай түсіндіңіз?

- Қандай зат, киім осы мамандық иесіне ғана тән?

- Қазіргі заманда бұл мамандық сұранысқа ие ме?

Кері байланыс. Суретте бейнеленген мамандық иесіне тән 3 киім бұйымын атаңыздар. (3 минут)

4. Практикалық жұмыс. Берілген бір мамандық иесін бейнелеңіздер. (Әдісізденушілік, тәсілалған білімдерін практикада қолдану, жеке жұмыс түрі) (18 минут)

Дескрипторлар:

- адамды түгел бойымен, дізеге дейін, иыққа дейін салды;

- адамның бет бейнесін салды: көз, қас, мұрын, ерін, құлақтары және т\б;

- белгілі мамандыққа тән киім, аксессуары, құқралдарын көрсетті;

- адамның портреті әсерлі шықты.

Өзара бағалау. (2 минут) Оқушылар дескрипторлар арқылы бір- бірін бағалайды. Мұғалімнің бақылауы. Жұмыс барысында мұғалім бақылау жасап жүреді, кейбір оқушыларға көмек көрсетеді.

Диффференциация.

Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. Ал қалғандары суреттеріне қосымша нысандар қосады, белгілі мамандыққа тән орналасуы бойынша мекенін көрсетеді.

Кері байланыс. Жұмыс барысында қандай қиындықтар туындады? (1 минут)

АКТ. Қазақстандық және шетелдік суретшілердің шығармалырымен презентация

АКТ, Тарату материалы.

Альбом, жай қарындаш, түрлі түсті қарындаш, фломастерлер, түрлі түсті қалам.

АКТ- дескрипторлар. Немесе тарату материалы.

Сабақ соңы

3 минут

5. Рефлексия: «Екі жұлдыз, бір тілек»

6. Жұмыс орындарын жинау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Диффференциация. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады. Ал қалғандары суреттеріне қосымша нысандар қосады, белгілі мамандыққа тән орналасуы бойынша мекенін көрсетеді.

Мұғалімнің бақылауы.

Өзара бағалау.

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты іске асырылатындай болды.

ОМ барлық оқушылар жетті.

Сабақта саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылық болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Балалардың берген кері байланысы.

2: Практикалық жұмыс.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу