Ежелгі әшекейлер 1. Көркем еңбек, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 тарау: Адами құндылықтар

Мектеп: Көкшетау қаласы, Физика- математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалім аты- жөні: Мухаметкалиева Г.Т.

Сынып: 4 С

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі әшекейлер 1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1Анағұрлым күрделі әртүрлі әдістер мен тәсілдерді сенімді түрде пайдаланып, өздігінен таңдаған құралдар және материалдармен эксперимент жүргізіп, қолдану.

4.2.3.4

Шығармашылық жұмысты орындау барысында, еркін әдіс-тәсілді қолдану.

 Сабақ мақсаттары

  • 2 бөлімге арналған СБ жазу;
  • Сырға жасау үшін дымқыл киіз басу әдісін қолдану;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтау.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Сырғаға арналған дайындаманы «орама» түрінде дымқыл киіз басу әдісі арқылы дайындады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылардың қолынан келеді:

  • Берілген тақырып үшін келесі терминдерді қолдану: зергерлік бұйымдар, сырға, жүзік, өңіржиек, бойтұмар, алқа, дымқыл киіз басу әдісі.
  • Сөз тіркестерін қолдану арқылы сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамыту:

- Зергерлік бұйымдар мұра ретінде … қалып отырған.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Әлемнің түрлі мәдениетін құрметтеу, қазақ халқының дәстүрлі бұйымын зерттеу арқылы ұлттық мәдениеттің дамуына және сақталуына қолайлы жағдай туғызу.

 Пәнаралық байланыстар

Тарих

Бастапқы білім

Қазақ ою- өрнектерін және сандықтағы орналасуын білуі, қатты қағаздан сандықты жасау үдерісін білуі. Ыстық желіммен жұмыс істеуді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

1. Амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру.

Сабақтың мақсатын айту:

  • 2 бөлімге арналған СБ жазу;
  • Сырға жасау үшін дымқыл киіз басу әдісін қолдану;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтау.

.

Сабақ ортасы

35 минут

2. 2 бөлімге арналған СБ жазу. (15 минут) (балалар қысқа уақытта орындап шығуы мүмкін, сондықтан жаңа тақырыпты өту үшін біршама уақыт қалады)

Тапсырма № 1.

  • Сандық сәндік қолданбалы өнер туындысы болып саналады. Оны анасынан қызына мұра ретінде беріп отырған.

Сандықтың суретіне қараңыз. Сандық қандай негізгі бөліктерден тұратындығын жазып қойыңыз.

  • Оюлар — көне халық дәстүрінің бір түрі. Қазақ халқының дәстүрлі заттары оюлармен безендірілетін болған. Қазақ ою—  өрнегінің 4 түрі бар. Берілген нұсқалардың ішінен 4 дұрыс жауабын таңдаңыз. Қажетті жауаптың астын сызыңыз.
  • Зооморфтық;
  • Классикалық;
  • Өсімдік тектес;
  • Көне;
  • Космогениялық;
  • Көне тарихи;
  • Геометриялық.

Тапсырма № 2.

Зергерлік бұйымдарды жасау: білезіктер, жүзіктер, сырғалар және т/б да қазақ халқы қолөнерінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Суретте зергерлік бұйымның бірі – сырға бейнеленген. Оларды өрнектермен безендіріңіз.

3. Балаларға зергерлік қолөнердің үдерісін көру үшін қазақтың зергерлік өнерінің шеберлері жайлы, зергерлік бұйымдарды жасау үдерісі, зергерлік бұйымдардың түрлері жайлы видеоролик қарау. (2 минут)

Кері байланыс. Өз отбасыларыңызда қандай зергерлік бұйымдар сақталады? (1 минут)

4. Балалар, зергерлік бұйымдарды өз қолымызбен жасау үшін қандай материалдарды қолдана аламыз? (мүмкін жауаптары: «Бисерден», «Қағаздан», «Сымнан» және т/б.)

Қазір біз киізді жүннен сырғаны қалай жасауға болатындығы жайында презентацияны қараймыз (презентацияны қарау) (2 минут)

5. Практикалық бөлік. (15 минут) Қазір біз сендермен дымқыл киіз басу әдісі арқылы сырғаны жасаймыз. (Тәсілрепродуктивті; әдіс- алған білімдерін парктикада қолдану; жұмыс түрі - жекеше)

Жасау кезеңдері:

  • Жүннің кішкене бөлшектерін қабаттармен саламыз, әр бір қабаттың қалыңдығы тым жұқа болмауы керек, сонымен қатар тым қалың да болмауы қажет.
  • Жүнді сабындалған сумен алды- артынан сеуіп отырамыз.
  • Жүнді «орама» түрінде жасаймыз. Барлық бағытта жаямыз, сонымен бірге ұзын бойынша тартып отырамыз. «Орама» түрінде жасаған кезде өлшемі кішірейіп, тығыздала үсуі қажет.
  • Жүн киіз түріне келіп қатайған кезде, ыстық және суық су астына тосып сабынын жуып- шайып, кептіреміз.
  • Содан соң біздің «ораманы» өткір пышақпен қалыңдығы 0,5 см етіп кесеміз.
  • Жүннен жасалған моншақтарымызды пластикалық маржандармен біріктіре отырып жіпке тіземіз. Жоғарғы маржанына сырғаның- шеге тәріздес тақпасын жабыстырамыз.

Жұмыстың басында қауіпсіздік ережесін туралы әңгімені өткізу.

1. Жұмыс орынын ұйымдастыру: үстелдің үстіне клеенка төсеп, матеиалдарды дайындау.

2. Алжапқыш кию;

3. Жеңді түру;

4. Сабынның көзге түсіп кетпеуін қадағалау;

5. Тайып құлап кетпеу үшін сабынның еденге төгілмеуін қадағалау.

6. Жұмыс кезінде кескіш құралдармен, канцелярлық пышақпен ұқыпты жұмыс істеу.

7.Жұмысты орындап болған соң, өз орындарын жинастыру.

Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж.

Кейбір оқушылар бір түсті жүнді қолданады. Қалғаны сырғаның конфигурациясы үшін өз қалауы бойынша таңдайды.

Берілген тапсырманы келесі сабақта аяқтау.

Тарату материалы

Фломастерлер

Қазақтың зергерлік бұйымдары жайлы видеоролик

https://www.youtube.com/watch?v=QTH_uIMiBcQ

Презентация «Дымқыл киіз басу әдісі арқылы сырғаны жасау»

Сабақ соңы

3 минут

7. Рефлексия:

- Қолдарыңнан не келді?

- Нені әлі жетілдіру қажет?

8. Жұмыс орындарын жинастыру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация. Кейбірі мұғалімнің көмегіне мұқтаж.

Кейбір оқушылар бір түсті жүнді қолданады. Қалғаны сырғаның конфигурациясы үшін өз қалауы бойынша таңдайды.

Мұғалімнің бақылауы

Денсаулықты сақтау технологиялары.

Физминуткалар және белсенді жұмыс түрлерін таңдау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты іске асырылатындай болды.

ОМ барлық оқушылар жетті.

Сабақта саралау дұрыс ұйымдастырылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқушылық болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың шығармашылық бөлігі

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: сабақ жақсы өтті

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу