Ғарыш. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Ғарыш» тақырыбына арналған сабақта 3.1.3.2 Собирать информацию из разных источников, для развития творческих идей және 3.3.1.1 Өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияларды пайдаланып таныстыру. оқу мақсаттары қаралады. Аталған оқу мақсаттары оқушылардың көркемдік құралдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларын дамытуға, қоршаған ортада (табиғатта) мекен ететің тіршілік иелері туралы білімін толықтыруға, табиғат әлемінде кездесетің сәндік элементтерді тани білуге, оларды шығармашылық жұмыстарда пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, аталған оқу мақсаттары аясында оқушылар өздері жасаған шығармашылық жұмыстарды, суретшілердің туындыларын талдайды, бағалайды және пәндік терминологияны қолдана отырып өз ойларын (пікірлерін) айтады. Сол себепті осы сабақ аясында академиялық тілге және коммуникативті дағдыларды дамытуға аса назар аудару қажет.

 Қажетті материалдар

 А4 немесе А3 форматтағы қағаз, графикалық материалдар (қарандаш, түшь, гельді қалам және т.б.), қара-ала түстегі ғазет пен журнал қалдықтары, желім, қайшы.

 Сабаққа қажетті қосымша ақпарат

 Ғарышкерлер

 1961 жылы 12 сәуірде Жер шарының алғашқы адамы – Кеңес Ода ғының ұшқышы Юрий Гагарин ғарышқа аттанды. Ғаламды бағындырудың ұшқыр да жеңісті ұмтылысы қазақ жерінен бастау алды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің ең алғашқы ғарышкері, ал Байқоңыр ғарыш айлағы ғарышкерліктің отанына айналды.

 Елу бес жылдың ішінде адамзат баласының шамамен бес жүз елу шақтысы ғарышта болып қайтты.

 Олардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батыр лары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовтер де бар.

 Әр ғарышкердің ғарышты бағындыруының өзіндік жолы бар. Осы атаулы оқиға олардың өмірін ғарышқа ұшқанға «дейін» жә не «кейін» деп екіге бөлді. Бірақ бастысы, бұл ерекше адамдарды, жалпы барлық ғарышкерлерді біріктіретін бір күш бар – ол орасан зор патриоттық сезім, Жер-Анаға деген сүйіспеншілік, жаһанның жер кіндігі Байқоңырға, оларды ғарышкер қылған қонақжай қазақ жеріне деген құрмет.

 Осы үш қазақ ғарышкерінің ғарыштық тағдырының қалып тасуына себепкер болған қамқоршы адам бар. Оны Қазақстан ғарышына жол салушы деп атауға толық құқымыз бар. Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев пен А. Айымбетовтердің ғарыштық талпыныстарын тек қолдап қана қоймай, сонымен бірге олардың өз елінде ғарышқа самғауына жол ашты. Ол – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

 Елбасы Кеңес Одағы басшылығының алдына қазақ ұлтының өкілін ғарышқа ұшырудың қажеттілігі туралы мәселені қоя білді. Алғашқы боп сапар шеккен қазақ ғарышкері – Кеңес Одағының батыры, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы Тоқтар Әубәкіров еді. Бұл тарихи оқиға 1991 жылдың қазанында болды.

 Егемендік алған Қазақстанның бірінші ғарышкері Талғат Мұса баев Н.Ә. Назарбаевтың қамқорлығының арқасында ғарышқа үш рет ұшты. Оның 1994 жылғы шілдедегі алғашқы сапарының алдын да, Қазақстан мен Ресей Президенттерінің бірлескен шешімімен оған Қазақстан Республикасының азаматы, Ресей Федерациясы ның әскери қызметшісі деген мәртебе берілді. Бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруі кезеңінде бұл арнайы көтерілген мәселе болатын.

 Жоғарғы кәсіби тәжірибесі мен ұмтылысы Т. Мұсабаевқа халық аралық ғарыш экипаждарының командирі ретінде ғарышқа тағы екі мәрте сапар жасауға мүмкіндік берді. Оның 1994, 1998 және 2001 жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы ұзақты ғы күнтізбелік бір жылға жуық уақытты құрады.

 2015 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның үшінші ғарыш кері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Экономикалық дағдарыс қиындықтарына қарамастан, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев ғарышқа кезекті Қазақстан азаматын ұшыру жөнінде шешім қа былдады.

 Коллаж – бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті.

 Материал https://kk.wikipedia.org/wiki/ сайтынан алынды.

 Сабақ барысы

 Сабақты музыкалық аудиобаспа композициясын, мысалы, «Спейс» тобының жазбасын тыңдаудан бастауға болады. Осындай әрекет арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Сабақтың басында түрлі ақпарат көздерінен мәлімет жинауға бағытталған топтық жұмысты ұйымдастырыңыз. Алдын-ала кітапттар, энциклопедиялар, альбомдар, арнайы әдебиеттер дайындап қойыңыз. Егер мүмкіншілік болса ноутбуктарды қолданыңыз. Ноутбуктың жұмыс аймағына планеталар, ғарыш, ғарышкерлер туралы сайттар сілтемелерінен тұратын файлды енгізіңіз. Сондай-ақ, интернетке шығатын телефондары бар болса бұл мүмкіндікті де қолдануыңызға болады. Осылайша, оқушылар кез келген қолжетімді құралдар және алдын меңгерген өз білімдері, тәжірибесі де ақпарат көздері ретінде қолданыла алатындығын түсінеді.

 Топтық жұмыс аяқталған соң оқушылар өз ақпараттарын келесі формада таныстырады. Оқушылар топта спикерді таңдайды. Ол өз орынында қалып, басқа топтың оқушыларына бүкіл топ дайындаған мәліметтерді түсіндіреді. Спикер сыныптастарына мәліметтерді түсінікті әрі нақты айтып беруі үшін кестелер, жазбалар, көрнекі материалдарды қолдануына болады. Бұл кезде топтың қалған мүшелері сағат тілі бойынша басқа «станцияға» барып ақпарат алады. Осылайша, өз орнында қалған спикерлерден басқа оқушылардың барлығы 3 сұраққа жауап алады.

 Сабақтың келесі кезеңі теориядан практикаға өту, яғни, оқушылар аппликация және коллаж техникаларында орындалған екі жұмысты салыстырады. Ол үшін алдын ала осы техникаларда орындалған үлгілерді дайындап қойып, топтарға үлестіріп беру керек. Оқушылар өз топтарында отыруына болады. Алайда, егер алдыңғы тапсырманы орындауда кейбір топтың оқушылары тиімсіз жұмыс істегенін байқаған болсаңыз, онда топтың жаңа құрамын құруыңызға болады. Бұл сабақтың қортынды кезеңі «аппликация» және «коллаж» терминдерінің мазмұнын анықтау, нақтылау болады.

 Сабақтың соңғы қорытынды кезеңінде шығармашылық идеяны коллаж техникасында іске асыру болып табылады. Ең алдымен, оқушылардан үстел бетіне сабаққа әкелген материалдарын – А3 немесе А4 форматындағы қара түсті картон қағазы, күміс не алтын тектес фольга (немесе сары жүн жіптерін), гуашь, штрих шығарып қоюды сұраңыз. Қысқа мерзімді сабақ жоспарында ғарыш тақырыбына арналған коллаждың ең қарапайым түрі ұсынылған. Сіз басқа материалдар мен тәсілдерді қолдануыңызға болады.

 Келесі қадам, оқушыларға тапсырманы түсінідіру керек, коллаж орындаудың нақты қадамдары нұсқаулығын беру керек. Міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды айтыңыз. Практикалық тапсырма орындау барысында жұмыстың қарқынына, оқушылардың процесске қатысуын бақылаңыз.

Саралау бойынша ұсыныстар

Бұл сабақтың практикалық бөлімінде саралауды материал бойынша қарастыруға болады. Мысалы, планеталарды пенопласт шарларынан жасауға болады. Оларды екіге бөліп, жарты бөліктерді қатты картон-негізге ыстық желіммен жабыстыруға болады. Сондай-ақ, планеталар жасау үшін түрлі түстегі және пішіндегі түймелерді қолдануға болады.

Тапсырмалардың күрделілігі бойынша саралау:

  • Барлық оқушылар күн жүйесінің стандартты бейнесін орындайды.
  • Кейбір оқушылар коллажда объектілердің көп мөлшерін жасауды сұрауы мүмкін. Олар ғарыш кемелерінің суретін салып, қиып алуы, шашырату техникасын қолданып жұлдызды кеңістік эффектісін жасауы мүмкін.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 Бағалау

 Оқушылардың аяқталған жұмыстарын бір жерге жинаңыз.

 Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жұмысты жақсарту үшін қажетті ұсыныстарды айтыныз, жасалған жұмыстардың жақсы шыққан тұстарына көбірек тоқталыныз, бұл әрекет оқушылардын шығармашылыққа деген талпынысын күшейте түседі.

 

 

1 қосымша

Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  • жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  • оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  • құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  • бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  • жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  • жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  • басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  • жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  • жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  • қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  • қайшыны ашық тастама;
  • сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  • қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  • қайшыны керек уақытында пайдалан.

Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  • жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  • арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  • жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  • ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  • желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  • желімді керек мөлшерде ғана ал;
  • артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  • жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  • бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  • жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  • тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу