1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.16.3
VІІІ бөлім. XІX ғасырдағы Ресейдегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Сабақ тақырыбы: Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды?
Оқу мақсаттары:
7.2.3.1 - Ресейде жаңа қоғамдық-саяси ағымдардың (халықшылдық, либерализм) пайда болу себептерін анықтау;
7.3.1.3 - тарихи оқиғаны түсіндіру үшін «басыбайлы құқық», «декабристер», «халықшылдар», «жеке террор», «пролетариат диктатурасы» ұғымдарын қолдану
Тарихи концепт: себеп пен салдар
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Мәтін: «Ресейдегі жеке террор тактикасы»
1878 жылы 24 қаңтарында революционер Вера Засулич Санкт-Петербург мэрі Ф. Треповқа саяси тұтқындарына қатысты қатыгездігі үшін от атты. Трепов ауыр жарақат алды.
Сот 1878 жылдың 31 наурызында өтті. Сот отырысында В. Засулич: «Адамға қарсы қол көтеру өте қорқынышты, бірақ мен мұны істеуім керек болды», - деді. Залда ақсүйектер мен жоғары лауазымды тұлғалар қатысты.
Бастапқыда жиналғандардың көңіл-күйі айыпталушының пайдасында болмады. Бірақ біртіндеп ол өзгерді. Алқа билер В. Засуличті кінәсіз деп тапты. А.Ф. Кони төрағалық еткен сот ақтау шешімін жариялады. В. Засулич пен оның адвокаты жұртшылықтың шапалағына ие болды. Сол кеште ол шетелге кетуді жөн көрді.
Өмірінің соңында В. Засулич саяси қастандық тактикасының белсенді қарсыласы болды. Бірақ сол кезде, 1878 жылы, оның ату соққысы әуыр салдарға әкелді. Радикалды революционерлер, ұзақ жылдар бойы террор әдістеріне ұмтылды, қоғамның өсы әрекетті түсінушілікпен қарайтынына сенді. Террористік әрекеттердің толқыны, табысты және сәтсіз, бүкіл елге таралды.
1879-1887 жылдары өмір сүрген «Халықтық еркі» партиясы жеке террор тактикасын ұстанды. Оның мақсаты - үкіметті демократиялық реформаларды жүргізуге мәжбүрлеу. Осылайша, олар шаруалардың, жұмысшылардың және елдегі разночинстердің талаптарын орындатуды мақсат етті. Либералды реформалардан кейінгі бқл таптардың жағдай ауыр күйде қалғанына наразылы болды.
«Халықтық еркі» партияның мүшелері социалистер-разночинстер болды. Разночинстер - кішігірім қызметшілерді, мещандарды, зиялы қауымда құрды. Ұйымда шамамен 500 белсенді мүшесі болды. Ұйымды 30 адамнан тұратын Атқарушы комитет басқарды. Оған жергілікті топтар бағынғын.
«Халықтық еркі» партиясы Липецкдегі съезінде қзінің бағдарламасын жасады. Ол орыс халқының «толық экономикалық және саяси құлдық жағдайда» екендігіне сенді.
Осыған орай, халықтық демократтар өз міндеттерін «халықты билікке беру үшін саяси төңкеріс жасау керек» деп есептеді. Содан кейін революционерлер социалистік үкімет құру үшін Құрылтай жиналысты шақыруды ұсынды.
Жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы жекелеген террорлық әрекеттер арқылы халықшылдықтар үкіметтің берекетін кетіруді жоспарлады. Биліктің дағдарысқа ұшыраған жағдайында олар социалистік революцияны ұйымдастыруды ойластырды.
1879 жылдың тамызында халықшылдықтар ІІ Александрге өлім жазасын тағайындады және күзде патшаға қарсы шабуылдар жасауды бастады. II Александр халықты өтірік реформалармен, 1863 ж. Польшадағы ұлт-азаттық көтерілісті аяусыз жаншығаны, демократиялық оппозицияға қарсы қуғын-сүргін іс-әрекеттер жасағаны үшін айыпталды.
Саралап оқуту мүмкіндіктері
1-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.
Прокурор Н.В. Муравьев өз сөзінде «1 наурыздағы іс бойынша» сот отырысында: «...социалистік-революциялық партия халықтың мүддесі мен пайдасын қорғауға сөздерін аямайтын, олар үшін не істеді?...
Ол оған азғырылған көптеген адамдарды адастырып, өлтірді ... Олар тақ пен отанның оңдаған адал қызметшілерін өлтірді және жарақаттады ... Олардың айқын мақсаты - бар әлемді жою және орнында социалистік әлемді құру – бұл химера, қол жетімсіз және ақылсыз ... ».
- Сіз «Халықтық еркі» қызметін осылай бағалауына келісесіңдер ме?
2-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Ақиқат және жалған мәлімдемелерді анықтаңдар:
1. Патшаның өлімі Ресейдегі абсолюттік монархияның құлдырауын тездетті.
2. Декабристер мен халық еріктілер «Отанының шынайы патриоттары» болып табылады.
3. Декабристтердің көтерілісі мен халықшылдықтардың іс-әрекеттері мағынасыз болды.
4. II Александр өзі жасаған реформаларға қарсы болды.
5. II Александрді әділетсіз «ерік беруші патша» деп атады
6. Халықшылдықтар қыйін күйде өмір сүрген шаруалардың мүддесін қөрғады.
7. Либерализм мен жеке террор – үйлесімсіз түсініктер.
8. Халық еріктілер және жеке террор - синонимдер.
9. XIX ғасырдағы Ресейдің барлық қыйындығының себебі - басыбайлылық құқықтың сақталуы.
10. XIX ғасырдағы Ресейдің барлық күрделі мәселеллерінің себебі, самодержавияның сақталып қалуы.
11. Революциялық террор көптеген жазықсыз құрбандарға себеп болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру