1789-1799 жылдар аралығында Францияда қандай өзгерістер орын алды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 6.1
IV бөлім. Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі.
Сабақ тақырыбы: 1789-1799 жылдары Францияда қандай өзгерістер болды?
Оқу мақсаттары:
7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;
7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;
7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын тарихи оқиғаны жан-жақты түсіндіру үшін қолдану
Тарихи концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру.
Оқушылардын жұмысқа қолайлы психологиялық көзқараста болуын қамтамасыз ету маңызды.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Шарль Тевененның «Бастилияны алу» картинасын көрсетіңіз. Олардың суретті мұқият қарастырып, оны сипаттауды ұсыныңыз, келесі сұрақтар арқылы талұылау үйымдастырыңыз: Картинада кімдер бейнеленген? Суреттелген адамдардың көңіл-күйлері қандай? Олардың сыртқы бейнелерін сипаттаңдар. Арғы фонында нені көруге болады? Бұл қандай ел тұрғындары болуалры мүмкін? Қандай тарихи оқиға бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың барлық пікірлерін қабылдаңыз, олардың пікірлерін жоққа шығармаңыз не әзірше келіспеңіз. Осындай «миға шабуылдың» соңында картинаның авторын және атауын хабарлағыз. Суретте көрсетілген оқиға туралы қысқаша баяндап беріңіз.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Франциядағы абсолюттік монархия дағдарысқа ұшырады. Ауыл шаруашылығы құлдырап, шаруалар аштық пен феодалдардың шексіз билігінен айырылу мақсатында ауылдарды тастап, қалаларға қоныс аудара бастады. Ағылшын тауарларының таралғанының себебінен көптеген кәсіпорындар жабылды. Бұл жағдай жалдамалы жұмысшылардың жұмыссыздықтануы мен кедейленкіне әкелді. Қаржылық жүйе өте қиын жағдайда болды. Қазына бос болды. Салықтан босатылған ірі жер иелері мен дінбасылардың артықшылықтары өзгеріссіз сақталды. Қазынаны толықтыру үшін король XVI Людовик 175 жыл жиналмаған Бас штаттарға жаңа салықтар енгізуге келісім беруін ұсынынды.
1789 жылдың 5 мамырында Бас штаттардың отырысы ашылды. Буржуазия, қолөнершілер, шаруалар, жұмысшылар атынан келген, барлық салықтарды төлейтін қоғам таптарының өкілдері - үшінші сословиенің депутаттары артықшылыққа ие табының депутаттарынан бөлек орналастырылды. Бұл үшінші сословиенің құқықтары бойынша пікірталас туғызды және корольге қарсы бағытталған қақтығысға жол ашты. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялады, яғни король олар қабылдаған шешімдерді жою құқығынан айырылды деп жариялады. Король халықтың мүддесін қорғаған депутаттарды құып шығаруға бұйрық берді, бірақ бұл шешім парижде көтерілістің басталуына себеп болды. 1789 жылдың 14 шілдесінде король билігінің символы - Бастилия бекініс-түрмеге шабуыл жасалды. Халықтың Бастилияны басып алуы Францияда революциясының алғашқы оқиғасы болып табылды.
3. Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.
Оқу мақсаты мен критерийлерге негізделген сабақтың мақсатың оқушылармен бірге анықтаңыз:
- XIX ғасырдың аяғындағы Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын сипаттау,
- 1789-1793 жылдары Францияда болған өзгерістерді анықтау.
- Буржуазиялық революцияның Францияның дамуына әсерін бағалау.
4. Карточкалармен жұмыс. Оқушыларды тақырып бойынша берілген оқулық материалдарымен танысуды сұраңыз. Содан кейін Француз буржуазиялық революцияның оқиғаларын сипаттайтын топтарға карточкалар беріңіз, оларды дұрыс хронологиялық тәртіпт бойынша орналастыру керек.
Карточкаларда жазылған оқиғалардың мысалдары:
- Бас Штаттардың шақырылуы.
- Бас Штаттар Ұлттық жиналысқа айналуы.
- Париждегі көтерілісі. Бастилияны басып алу.
- Абсолютизмді жою. Конституциялық монархияның құрылуы.
- Адам және азаматтың құқықтарының декларациясын қабылдау.
- Якобиншілер клубы құрылды.
- Конституцияның қабылдануы.
- Шаруалар көтерілістері, қалалық кедейлердің бүлігі.
- Францияға қарсы Австрия мен Пруссиянын коалициясы құрылды.
- Революциялық соғыстардың басталуы. «Отанға қауіп төніп тұр!» ұраны.
- Монархияның құлдырауы. «Марсельеза» жазылды.
- Францияда Республиканы жариялау.
- Король XVI Людовиктің өлім жазасының іске асырылуы.
- Француз әскерінің коалиция әскерлерімен шайқастарда жеңіліске ұшыдары, халықтың экономикалық жағдайы нашарлады.
- Дантонның басқаруымен Қоғамдық қауіпсіздік комитеті құрылды.
- Якобиндіктердің билікке келуі.
- Барлық феодалдық төлемдер мен міндеттемелерді толық және ақысыз жою туралы Декрет қабылданды.
- Қоғамдық құтқару комитеті өзіне төтенше өкілеттіктерді беруды талап етті және өзін революциялық үкіметі деп жариялады.
- Королева Марии-Антуанеттаға қатысты өлім жазасы іске асырылды.
- Франция аумағы коалиция әскерлерінен тазартылды.
- Ірі буржуазияны билік басына келтірген термидориандық төңкеріс. Француз революциясы аяқталды.
- Якобиндіктердің жетекшілері Робеспьер, Сен-Жюст, Кутон және тағы 22 адам террор құрбандарына айналды.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
- оқушы Француз революциясы оқиғаларының хронологиялық реттілігін дұрыс анықтайды;- оқушы топтың жұмысына белсенді қатысып, ортақ нәтижеге өз үлесін қосады.
Осы жұмысты бітіріп, топтардың жұмысын тексергеннен кейін, оқушылардаң сұраныз: «Бұл революцияны неліктен буржуазиялық революция деп атайды?
Жауабы: Революция буржуазиялық деп аталады, себебі бұл революцияның көшбасшысы буржуазия (капиталистер) болды және революцияның нәтижесінде бойынша буржуазияның барлық мақсаттары орындалды. Францияда капитализмнің дамуына қолайлы жағдай жасалды.
5. Жұптық жұмыс: Оқушыларды Француз буржуазиялық революциясының себептерінің тізімі жазылған таратпа қағаздар ұсыныңыз. Осы себептерді жұптық жұмыс барысында екі топқа: субъективті (жеке адамға байланысты) және объективті (адамдардың іс-әрекетінен тыс жағдайларға) себептер етіп іріктеуді ұсыныңыз.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы:
- революцияның субъективті себептерін дұрыс анықтайды;
- революцияның объективті себептерін дұрыс анықтайды.
Оқушылардың жауаптары:
Субъективті себептер:
- халықтың кедейшілігі мен ақсүйектердің шексіз байлығы қатар қалыптасуы
- шаруаларға қатысты мәселелердің шешілмеуі
- корольдің билігінің әлсіреуі (жігерсіз король, королеваның шамадан тыс ысырапшылдығы)
- Корольдің кадрлық саясатының дұрыс еместігі: дарынды әкімшілер Тюрго, Неккер, Калоннға экономикалық реформаларды жүргізуге мүмкіндік берілмеді.
- 1786 жылы Англиямен жасалған сәтсіз сауда келісім шарт британдық тауарларға салымдарың қысқартты; бұл Францияның өндірісін әлсіретіп, жұмыссыздықтың таралуына себеп болды.
- Солтүстік Американың мемлекеттнің тәуелсіздігі үшін революциялық күресінің үлгісі және АҚШ Конгресі жариялаған «Тәуелсіздік декларациясының» Францияға әсері,
- философ-ағартушылар (Монтескье, Вольтер, Дидро, Гельвеций, Руссо, Ламетри, Мабле және т.б.) философиялық-экономикалық трактаттары, өнер туындылары, брошюралары елдегі жақдайды сынға алып, өзгерістер енгізуді талап етті.
Объективті себептер:
- Экономикада капиталистік дамуға сақталып қалған феодалдық қатынастыр бөгет жасады- 1788 жылғы құрғақшылық (астықтың шықпай қалуы) тамақ өнімдерінің бағасының өсуіне әкелді- ішкі кедендік алымдардың болуы сауданы дамытуға кедергі жасады
- Цехтік жүйенің сақталуы қолөнерді дамытуға кедергі келтірді
- әртүрлі салмақ өлшемі мен салмақтар жүйесі: әр процинцияда ерекше болуы
- жер үлестерді сатуға шектеу қойыды
- экономика қатынастарындағы протекционизм
- биліктің заңмен шектелмеуі
- шіркеу билігі мен діни сананың басымдылығы.
Осы жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылардаң мына сұраққа жауап беруін сұраңыз: Осы себептердің қайсысы ең маңызды деп ойлайсыңдар? Неліктен олай деп ойлайсыңдар?
Оқушыларды келесі қорытынды жасауға жіткізіңіз: Француз буржуазиялық революцияның негізгі себебі – елде феодалдық абсолюттік тәртіптің сақталумен капиталистік даму қажеттілігі арасындағы қайшылықтар.
- Жеке жұмыс. Оқушыларға революцияның тарихи маңыздылығымен танысып және олардың маңыздылығына байланысты ретпен орналастыруды ұсыныңыз.
Маңыздылық тұрғысынан революцияның нәтижелерін іріктеу мысалы:
- Капитализмнің дамуын жеделдетті және феодализмнің күйреуіне әкелді.
- Абсолютизм жойылды, демократия мен қағамдық теңдік принциптері тарады.
- Басқа елдердегі буржуаздық революцияларға және капиталистік өзгерістерге үлгі болды.
- Француз халқының ұлттық санасының дамуына ықпал етті.
Дескрипторлар:
- Оқушы революцияның нәтижелерін маңыздылығын бағалайды
- Оқушы революцияның нәтижелерін маңыздылығын өзі жасаған іріктеу үлгісін дәлелдейді.
Уақыт аяқталғаннан кейін, кейбір оқушыларды өз жұмысын оқып беруді сұраңыз.
- Рефлексия. Оқушыларға тақтада жазылған тұжырымдамалардың бірін таңдап, оны аяқтауды сұраңыз:
Бүгін мен білдім ... Бұл қызықты болды ... Қиын болды ... Мен келесі міндеттерді орындадым ... Мен түсіндім ... Енді ... мен аламын ... Мен сезіндім ... Мен өзіме түйіп алдым ... Мен үйрендім ... Мен жасай алдым ... Мен ... жасап көремін ... Мен тырысамын ... Мен таң қалдым ... Меңін өмірім үшін бұл сабақ ... және т.б.
Үй тапсырмасы ретінде оқушылар Франция революциясына арналған көркем әдебиет оқуды ұсыныныз, мысалы:
- Бачко Б. «Террордан қалай шығуға болады. Термидор және революция». М., 2006.
- Чудинов А.В. «Француз революциясы: тарих және мифтер». М., 2007.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру