Қауіп-қатерлерді анықтау. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Ғарышқа саяхат» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Мерзімі: 4-тоқсан 17.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||||||
Сынып: 4В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіп қатерлерді анықтау | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.4.3 Түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау. 4.1.4.4 Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау. | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Жасанды ортадағы қауіпті жағдайды анықтау; Қауіпсіздікті жоспарлау. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Қауіп-қатерлі жағдайларды біледі және қауіпсіздікті жоспарлайды. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Ғарыш тақырыбында сөздерді үш тілде айтып үйренеді. | ||||||||
Миссия. Пайымдау. Аз Жаһандық азаматтық. | Құқық пен жауапкершілік ұғымдарын түсіндіре алады. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік туралы түсінік алады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс жүзеге асады. | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жасанды ортадағы қауіпті жағдайлардың туындау себептерін біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Оқушылармен қауіпсіздік шаралары тақырыбында әңгімелесу.
|
| |||||||
Сабақ ортасы 35 минут | (МК) Зымырандар ғарышқа ұшу кезінде ауаның ластануы және озон қабатының тесілуі туралы мағлұмат беру. Ой шақыру Зымырандар ұшу кезінде қандай қауіптер болады? Осы сұрақты қойып, екі бағанаға бөліп, оқушының түсінігін, пікірін білу немесе жазбаша дәптерге орындау. Қоршаған ортаға тигізген әсерін, сондай-ақ біз өмір сүретін ауданға қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылауды сұрау.
(Т, Дифф.) Анықтаған мәселелерді қалай шешуге болады. Әр топ өз ойлары мен шешу жолдарын ұсынып, өз ойларымен бөліседі. (Т) Экологиялық мәселелер адамның денсаулығына кері әсер етеді. Әр адамның денсаулығы үшін кім жауапты? Оқушы пікірін тыңдау.
Оқушылар адамның өзі деп жауап беруі мүмкін. Сіз осы жерде мемлекетіңдегі жауапкершіліктері туралы айтып кету. (Ж,ҚБ) Жасанды ортадағы өз қауіпсіздігіңді жоспарла. Қауіпті ортада қалай сақтану керек? Оқушылар жасанды ортадағы қауіпсіздігі туралы алдыңғы сыныптарда алған білімдеріне сүйенеді (үйдегі, мектептегі қауіпсіздік) |
| |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Желкенді бояңыз. Қауіпсіздікті жоспарлаймын. (жасыл түспен) Қауіпсіздікті жоспарлауға қиналамын. (қызыл түспен) | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Қабілеті жоғары оқушылар анықтаған мәселелерді қалай шешуге болатынын ұсынады. | Жасанды ортадағы өз қауіпсіздігіңді жоспарлайды. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Жасанды ортадағы қауіпсіздік ережелері айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?