Ғарышты игерудегі Қазақстанның үлесі. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Әлемтану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 бөлім: «Ғарышқа саяхат»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатсыпағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғарышты игерудегі Қазақстанның үлесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.3.1 Қазақстанның ХХ-ХХІ ғасырлардағы жетістіктерін (мәдениет, ғылым, білім, экономика) түсіндіру;

4.3.4.1 шығармашылық және еңбек салаларындағы көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндық мәліметтеріне сүйене отырып, елімізге сіңірген еңбегі туралы қорытынды жасау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері туралы біледі;

- елімізде орналасқан ғарыш айлағы туралы әңгімелейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- біздің елімізде орналасқан ғарыш айлағы туралы әңгімелей алады;

- Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері және олардың елдің дамуына қосқан үлесі туралы айта алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері туралы айтып береді.

Терминология:

  • Ғарыш айлағы;
  • Жердің жасанды серігі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ғарыш айлағының қызметі елдің дамуына қалай әсер етеді?

Жазуға арналған сұрақтар:

- Байқоңыр туралы басқа елдің тұрғынына хат жазу.

Құндылықтарды дарыту

Әлемге әйгілі тұлғалардан үлгі алу және құрмет тұту

Еліміздің ғарышкерлерін танып білу, мақтан ету.

Жаһан азаматы екенін сезіну

Өзара көмек және сыйластық

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: ауызша және жазбаша монологтык тілді дамыту

Жаратылыстану: «Ғарыш» тақырыбы

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар кәсіби мерекелермен, Қазақстанның көрнекті тұлғаларымен таныс. Оқушылар өздерінің өмірбаяндық мәліметтерін негізге ала отырып, шығармашылық және еңбек мамандықтарының көрнекті қайраткерлерінің үлесі туралы баяндай алады.

Сабақ барысы

Сабақ тақырыбы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-4

5-7

 1.Болжа (жұппен)

 - Сұрақтарға өз жауаптарыңды тексеріңдер:

  •  Адам жер шарының кез-келген нүктесінен ғарышқа ұша ала ма?
  •  Адам ғарышқа баратын жер қалай аталады?

 

 Оқушылар жұптарға бөлінеді,карточкалардағы жауаптарды, алдыңғы сабақтың соңында берілген деректермен тексереді. Сыныпта жауаптарын оқиды.

 

  •  Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  •  Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  •  Сабақ мақсаты ұсынылады:

 - Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы білу;

 - елімізде орналасқан ғарыш айлағымен танысу.

Өткен сабақтың таратпа парақтары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

№2 Слайд

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

№3 Слайд

Сабақтың ортасы

8-13

14-19

20-24

25-30

31-38

3.Ойлан (фронталь жұмыс)

- Неге вокзалдар қалалардың шалғай аудандарында, ал әуежайлар әдетте қала сыртында салынады деп ойлайсың?

- Ғарыш айлағын салу үшін орынды қалай таңдайды?

-Осы орындар лайықты болатын екі жағдайды тұжырымдаңдар.

- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

- "Ғарыш айлағы", "Жердің жасанды серігі"терминдеріне анықтама беріңдер.

Оқушылар сұрақтарға жауаптарды талқылайды, ғарыш айлағы алаң болатын аумақтың белгілері туралы қорытынды жасайды. Оқулықтағы мәтінді оқиды, сабақтың негізгі сөздерінің анықтамаларын тұжырымдайды.

  • Картаны зертте (топпен)

- Картаны зерттеңдер. Байқоңыр ғарыш айлағын табыңдар.

- Ғарыш айлағы орналасқан аймаққа сипаттама беріңдер.

- Стикерлердегі мамандық атауларын оқыңдар.

- Ғарыш айлағында қажет мамандықтар атаулары бар стикерлерді таңдаңдар. Картаға стикерлерді жапсырыңдар.

Оқушылар топта жұмыс істейді, картада ғарыш айлағын табады және оған зымыранды бекітеді. Содан кейін аймаққа сипаттама береді. Кабинеттен ғарыш айлағымен байланысты кәсіптердің атаулары бар стикерлерді табады және оларды зымыранмен бірге бекітеді.

 5.Зертте (топпен)

- Қызылорда облысындағы Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының себептерін анықтаңдар.

- Ғарыш айлағының қызметі еліміздің дамуына қалай әсер ететінін болжаңдар?

Оқушылар ұсынылған бейнероликпен танысады. Алынған ақпарат негізінде ғарыш айлағын салу үшін Қызылорда облысын таңдау себептері аталады. Сондай-ақ ғарыш айлағының елдің дамуына әсері туралы болжамдар ұсынылады. Идеяларды барлық сынып талқылайды.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар біздің елімізде орналасқан ғарыш айлағы туралы айта алады.

6. Кел танысайық (топпен)

- Ғарышкердің суретін таңдаңдар.

- Сыныпқа арнап ғарышкер туралы хабарлама дайындаңдар.

-Қазақстандық ғарышкер туралы айтып беріңдер. Ол елдің дамуына қандай үлес қосты?

Оқушылар ұсынылған бір фотосуретті таңдайды, өмірбаянын зерттейді, сыныпқа арнап хабарлама дайындайды.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы біледі;

- ғарышкер мен оның елдің дамуына қосқан үлесі туралы айта алды.

 4.Байқап көр (жұппен)

- Жердің жасанды серігі деп нені атайды?

- Жасанды жерсеріктер қандай қызмет атқарады?

- Жердің жасанды серігін жаса. Ол қалай көрінеді?

- Өз жұмыстарыңның тұсаукесерін дайындаңдар.

Оқушылар ермексаздан және басқа да қолда бар материалдардан жасалған Жердің жасанды серігінің үлгісін жасайды. Сабақта алған білімдерін жинақтап, өз жұмысын сыныпқа таныстырады. Жұмысты "Екі жұлдыз - бір тілек" әдісімен бағалайды.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

№4 Слайд

ҚР саяси картасы

Зымыранның суреті

Мамандық атауы бар стикерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

№5 Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=VdeCaUStOWU - құс ұшу биіктігінен ғарыш айлағының түрі

https://www.youtube.com/watch?v=RJtn6Td3rco -Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

№6 Слайд

Ғарышкерлердің суреттері

Тарату парақтары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

№7 Слайд

ермексаз, қайталама материалдар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

№8 Слайд

Сабақтың соңы

39-40

Рефлексия (жеке):

«Мен-ғарышкермін»

-Өзіңді ғарышкермін деп елестет. Сабақ тақырыбын меңгеруіңді бағала. Ғарыш кеңістігіндегі жердің суретіне өз ғарыш кемеңнің суретін бекіт: тақырыпты қаншалықты жақсы түсіндің, соншалықты кемең жерге жақынырақ.

Оқушылар сабақ материалын меңгеру деңгейіне байланысты өзінің ғарыш кемесінің суретін фотосуретке бекітеді.

Ғарыш кемелерінің суреттері

Жердің ғарыштан А3 форматтағы фотосуреті

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

№9 Слайд

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға озық сипаттағы тапсырма ұсынуға болады:

жасанды жер серіктерінің маңызы туралы эссе жазу

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Мен-ғарышкермін" стратегиясы әрбір оқушының сабаққа өзіндік бағасын жүргізуге мүмкіндік береді.Сабақ талдау, ақпаратпен жұмыс дағдыларын дамытады.

Сұрақтардың көмегімен сабақ тақырыбының игерілуін тексеріңіз:

- Жердің жасанды серігі деген не?

- Жасанды жерсеріктер қандай функцияны орындайды?

-Сен қандай қазақстандық ғарышкерлерді білесің?

- Неге ғарышкерлердің есімдері адамзат тарихына мәңгі енді?

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу