Бақытты елдің тұрғындары. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: «Құндылықтар»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатсыпағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бақытты елдің тұрғындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеу;

4.1.1.2 отбасы мүшелерінің функционалдық рөлін талдау.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

-отбасы қоғам үшін неге маңызды екенін түсіндіреді;

- отбасы мүшелері арасындағы міндеттерді бөлуді негіздейді;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-әрбір отбасы мүшесінің рөлі, оның отбасылық берекеге қосар үлесі туралы айтады;

- отбасы қоғамға қандай пайда әкелетінін түсіндіреді;

- кез-келген қоғамның негізі - отбасы екенін негіздейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • отбасының әрбір мүшесінің маңыздылығы туралы талқылайды және отбасының қоғамдағы рөлін талдайды.

Терминология:

  • қоғам
  • қайырымды қала

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Сендердің отбасыларыңда міндеттер қалай бөлінген?

- Сенің отбасыңда қандай міндеттер бар?

Жазуға арналған сұрақтар:

- «Отбасы» сөзіне синквейн құрау

Құндылықтарды дарыту

Құрмет қарама-қарсы пікірлерді талқылау кезінде бір-біріне мейірімді қарым-қатынас арқылы қалыптасады, ата-анаға құрмет өзінің отбасы мүшесі рөліндегі маңыздылығын ұғыну арқылы іске асады.

Патриотизм өз отбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін дамыту арқылы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: монолог тілін, сөйлеу дағдысын дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім

Отбасы, отбасы мүшелері, отбасы мүшелерінің міндеттері, туыстық қатынастар туралы түсінік негіздері қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

6-8

  • «Ойлан да ата»(жеке)

-Ойлан:

- Сен өз қуанышыңмен кіммен бөлісесің?

- Сен ауырып қалсаң, саған кім қамқор болады?

-Жарыста немесе байқау кезінде сені кім қолдайды?

- Бұл адам немесе адамдар кім екенін, саған кім болып келетінін жаз.

- Тақтаға стикерді жабыстыр.

- Осы адамдардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

-Осы тапсырма бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын стикерге жазып тақтаға жабыстырады. Соңғы сұрақтарға жауаптар фронтальды әңгімелесу барысында талданады.

  • Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- отбасының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру;

-отбасы мүшелері арасында міндеттерді бөлуді негіздеу;

Стикерлер, маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сабақ ортасы

9-15

16-20

21-36

  • Ойлан (жұппен, топпен)

Кестедегі ақпаратты оқыңдар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Отбасына қажетті тауарларды сатып алу үшін кімдер шешім қабылдайды?
  • Отбасы мүшелері өз міндеттерін қалай бөліп алады?
  • Қабылданатын шешімдер отбасы мүшелерінің өміріне қалай әсер етеді?

- Кестені толтырыңдар.Бос ұяшықтар үшін өз идеяларыңды ұсыныңдар.

Оқушылар алдымен жұппен жұмыс істейді, содан кейін топтарға біріктіріледі. Толтырылған кестелерді тақтаға орналастырады. Өз шешімдеріне ішінара түсініктеме береді.

  • Түсіндір (жұппен)

-Оқулықтағы суреттерді қарастырыңдар.

-Мәтінді оқыңдар.

-Осы отбасының мүшелері қоғамға қандай пайда әкелетінін бір-біріңе айтыңдар.

«Сұхбаттасу» ойыны.

-Сенің отбасыңның мүшелері немен айналысады?

- Олар қоғамға қандай пайда әкеледі?

Бұл тапсырманы сұхбат түрінде орындаңдар.

Оқушылар өз қорытындыларын дәлелдей отырып, жұппен жұмыс істейді. Алдымен олар оқулықта бейнеленген отбасы туралы айтады. Содан кейін сұхбат форматын пайдалана отырып, өз отбасы туралы айтады. "Үш шапалақ" әдісін қолдана отырып, бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Бағалау критерийлері:

- әрбір отбасы мүшесінің рөлі, оның отбасылық берекеге қосар үлесі туралы айтады;

- отбасы қоғамға қандай пайда әкелетінін түсіндіреді;

- сұхбаттасу әдісін қолданады.

  • Жобалық жұмыс (топта)

-Әл-Фарабидің "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат"атты еңбегінен алынған үзінділермен танысыңдар.

-Барлық адамдарды қалай бақытты етуге болатынын талқылаңдар.

- "Бақытты елдің тұрғындары"тақырыбында жоба жасаңдар.

Оқушылар топта жұмыс істейді. Трактаттан алынған үзіндімен олар видео көру арқылы немесе берілген мәтінді оқу арқылы таныса алады. Содан кейін қоғамның барлық мүшелері қандай жағдайда бақытты болуы мүмкін екенін талқылайды. Осыдан кейін өз идеяларын плакатта сызбалар, кестелер, суреттер, жазулар түрінде бейнелейді. Дайын жұмыстарды сынып қабырғаларына орналастырады.

Бағалау критерийлері:

-оқушылар қоғамның барлық мүшелерінің моральдық-этикалық нормаларды сақтауын бақытты ете алатынын түсінеді;

- өз идеяларын графикалық белгілерді пайдалана отырып бере алады;

- Бақытты отбасы мен бақытты қоғам арасында байланысты таба алады.

Кестесі бар таратпа парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

микрофонның макеттері

https://www.youtube.com/watch?v=YnJyocp6HZE&t=434s

https://megalektsii.ru/s42230t3.html

https://aikyn.kz/2017/03/04/5928.html

А1 парақтары, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар, журнал қиқымдары, суреттер, желім, қайшы, оқушылар отбасыларының фотосуреттері

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы

37-40

Рефлексия«Синквейн»

Оқушылар "Отбасы"деген сөзге синквейн жазады.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық сипаттағы тапсырма ұсынуға болады: "сұхбаттасу"тапсырмасын орындау кезінде тілші рөлінде сөйлеуге болады.Олар Әл-Фараби трактатынан оларды жобаларды жасау кезінде пайдалану үшін сөздер дайындауы мүмкін.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

"Синквейн" стратегиясы оқушылардың сабақ тақырыбын және оқушы отбасындағы қарым-қатынасты түсінуін бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ талдау, жинақтау дағдыларын дамытады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу