Көшбасшының тұлғалық қасиеттері. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-тарау Адами құндылықтар

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Калилаева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көшбасшының тұлғалық қасиеттері

Оқу

мақсаттары

4.1.2.2 оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар арасындағы көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтау

 Бағалау критерийлері

  • Көшбасшыға тән тұлғалық қасиеттерді анықтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Мемлекет, басшы, көшбасшы, тұлға, қасиет, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

- құрмет;

- ынтымақтастық;

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе, математика, тарих

 АКТ

Оқушылар суреттер мен видеолар іздестіреді.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектептің өзін-өзі басқару ұйымы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

(Ұ) «Адасқан әріптер»

Мақсаты: жасырын сөздерді анықтап, сабақтың тақырыбына болжам жасау.

К А Ш Ы Ш С Ө Б

Оқушылар табылған сөз бойынша болжам жасайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Бағалау критерийлерін шығару.

презентация

Сабақ ортасы

30 минут

 

(МК, Ұ) «Сен білесің бе?»

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту

  • - Көшбасшы деген кім?

/Оқушылар өз ойларын ортаға салады, берілген сөздің анықтамасын беру барысында сөз құрамына мән беруіне мұғалім түрткі болу керек. Оқушылардың ойлары тыңдалады, ауызша бағаланады/.

(МК, Т, Ө) Суретпен жұмыс. «Көшбасшы тұлғалар» Сипатта.

Мақсаты: Тұлғалық қасиеттерді анықтау.

Оқушылар топқа бөлінеді. Әрбір топқа атақты тұлғалар, көшбасшылардың суреттері беріледі.

Тапсырма: Суретте берілген тұлғаны сипатта.

1-топ: Қазақ билері: Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би2-топ: Ел басшылары: Н.Ә.Назарбаев, Д.А.Қонаев3-топ: Педагогтар: А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, М Жұмабаев

4-топ: Өнер адамдары: Н Тілендиев, Ш.Жиенқұлова

/Әрбір топ берілген сурет бойынша постер құрастырады, ұжым алдында қорғайды, қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі/.

(Ұ) «Ортақ қасиетті анықта»

- Жоғарыда аталған тұлғалардың барлығына ортақ қандай қасиет бар деп ойлайсындар?

  • Оқушылар ортақ қасиеттерді тауып, жазады.
  • Сызба бойынша көшбасшы сөзіне түсініктеме беріледі.
  • /Оқушылар сызба бойынша анықта құрастырады.
  • Оқушыларға анықтама беріліп, салыстырмалы талдау жасалады.

Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Қазақстанның көшпелі мал шаруашылығынана сай қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс Көшбасшы басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен Көшбасшылыққа ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. Көшбасшы көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. 

(МК, Ұ, Ө) Дебат әдісі. «Пікіріңмен бөліс»

Оқушылар «Әрбір оқушы көшбасшы бола алады» және «Әрбір оқушы көшбасшы бола алмайды» тақырыбында пікір таласады.

(Т) (Қ) «Интеллект карта» әдісі

Көшбасшылыққа тән қасиеттердің интеллект-картасын жасайды (білімді, кез – келген жағдайда шешім қабылдайтын, толерантты, белсенді, көреген, әділ, басқалардың пікірлерімен санасатын т.б.)

/Оқушылардың білімі интелект-карта әдісі арқылы бағаланады/.

Суреттер

Постер құрастыру

Анықтама жазылған қима қағаздар

Интеллект-карта

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

-Не білдік?

-Не үйрендік?

-Не қызықты болды?

Өзін - өзі бағалау

Критерийлер бойынша бағалайды.Өз орнын баспалдақта табады.

Жетістік баспалдағы

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, батырдың қаруларын білу және сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды.

Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу