Жергілікті жерді бағдарлау. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

  • «Жағдаят» тапсырмасын оқушылар әр түрлі бағдарлау тәсілін пайдалану арқылы шешеді. Шешу жолдарын табуда көкжиектің тұстары туралы білімдерін, әр түрлі белгілерге сай бағдарлауларды (оның ішінде жұлдыздар бойынша) қайталауға мүмкіндік туады. Мұғалім оқушыларды «масштаб», «шартты белгілер», «жергілікті жердің сұлбасы» түсініктермен таныстырады.
  • «Гүл сыйла» стратегиясында оқушылар бейнематериалдың мазмұны туралы сұрақтар қояды (жұлдыздар бойынша көкжиек тұстарын анықтау). Мұғалім сұрақ қояды да, оқушыға гүл береді. Оқушы жауап беріп, сұрақ қойып келесі оқушыға гүлді береді. Қалған оқушылар бақылайды және біреуге қиындық тудырған сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Осылайша, жалғаса береді. Бұл әдіс материалды бекіту және қайталау үшін өте тиімді болып табылады.
  • Бейнематериалды көру Сабақта ұсынылған бейнематериал орыс тілінде. Сыныптың тілдік деңгейіне байланысты орысша материалды қалдыруға болады немесе дыбысын өшіріп өзіңіз қазақ тілінде әңгімілеп беріңіз.
  • Практикалық жұмыс. Сұлбаны жақсылап сызу үшін мұғалім «масштаб», «шартты белгілер», «жергілікті жердің сұлбасы» туралы ұғымдарды беріп, 1 см-де 100 м бар екендігін айтады.
  • Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдардан дайын үлгіні таратып беріңіз. Оқушылар сабақ барысында не болғанын еске түсіріп, бір шолу жасап алғандары жөн. Содан кейін кестені толтырулары керек. Келесі сабақты жоспарлау кезінде рефлексия нәтижелерін ескеріңіз.
  • Теориялық материал:

Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб  арқылы кішірейтіліп кескінделеді. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді. Масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеуді жергілікті жердің сұлбасы деп атайды.

Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты белгілері (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык).

Жергілікті жерді бағдарлау – бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдарлау тұсбағдар немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, астрономиялық белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап жүргізіледі.

Көкжиек дегеніміз – біздің төңірегіміздегі көзіміз жеткен жерге дейінгі кеңістік. Көкжиектің негізгі төрт тұсы ажыратылады. Олар: солтүстік, оңтүстік, батыс және шығыс.

Бағдарлау әдістерінің бірі көкжиек тұстарын бағдарлай білу, оның тәсілдерін меңгеру. Көкжиек тұсы жергілікті жерде тұсбағдарға немесе жұлдыздарға қарау арқылы және жергілікті белгілер бойынша анықталады. Күн, Ай, Темірқазық жұлдызы бойынша көкжиек тұстарын анықтауға болады, бірақ оның дәлдігі 20-25 градустан аспайды. Астрономиялық белгілер арқылы да бағдарлауға болады.

Көкжиек тұсы түнгі ашық аспанда әрқашан солтүстік бағытта көрінетін Темірқазық жұлдызы бойынша анықталады. Оны Жетіқарақшы шоқжұлдызымен оңай табуға болады.

https://geographyofrussia.com/sposoby-orientirovaniya-na-mestnosti/

  • Пайдалы сілтемелер
  • Бағдарлау әдістері

http://www.13min.ru/otdyx/sposoby-orientacii-na-mestnosti/

Қосымша:

«Шоқжұлдызды тап. Балаларға арналған астрономия» 2мин 45сек

https://www.youtube.com/watch?v=ODDa2-Rz-jg&index=10&list=PLZ7VcZmjdxtzZZu7nU2bZIGSQXVoDF8g3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу