Мен жергілікті жердің сұлбасын жасаймын. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- «Мәселені шешейік» тапсырмасы дамытушы сипатқа ие кіріспе тапсырма болып табылады. Ұсынылған екі нұсқадан басқа, оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсына алады. Қорытындылай келе, бұл жағдайда дұрыс жауап 2-ші нұсқа болып табылатынын айтып, оқушылардан сабақтың мақсаттарын болжауды сұраңыз.
- «№1 практикалық жұмыста» оқушылар мектеп партасының сұлбасын алгоритмге сай сызады:
а. Затты (нысанды) өлшейміз - ұзындығын және енін;
б. Бірнеше есеге өлшемін азайтамыз;
с. Масштабын анықтаймыз;
d. Сұлбаны параққа сызамыз;
e. Масштабын параққа жазамыз.
- Алгоритм алдын-ала таратылады және оқушылармен талқыланады. Қажет болса, оқушылар алгоритмге өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
- «Туристің жол бағыты» жағдаятты шешу жолдарын табуға арналған тапсырма. Тапсырма көкжиек тұстары туралы білімдерін қайталауға, жергілікті белгілер бойынша жергілікті жерді бағдарлауларына мүмкіндік береді.
- Практикалық жұмыс №2. Сұлбаны жақсылап сызу үшін мұғалім «масштаб», «шартты белгілер» «жергілікті жердің сұлбасы» туралы ұғымдарды беріп, 1 см-де 100 м бар екендігін айтады. Мысалы, «мектеп ғимараты», «бау бақша», «шөп-шалаң» және т.б. шартты белгілер таныстырылады.
- Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдардан дайын үлгіні таратып беріңіз. Оқушылар 1 минутқа көздерін жұмып, сабақ барысында не болғанын еске түсіріп, бір шолу жасап алғандары жөн. Содан кейін, кестені толтырулары керек. Келесі сабақты жоспарлау кезінде рефлексия нәтижелерін ескеріңіз.
- Теориялық материал:
Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб аркылы кішірейтіліп кескінделеді. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейді.
Масштабпен жер бетін кішірейтіп бейнелеуді жергілікті жердің сұлбасы деп атайды.
Жергілікті жерді бағдарлау – бақылаушының өзі тұрған жерін айналасына, көкжиек тұстарына және жер бедері элементтерінің кейбір өзгешеліктеріне қарап анықтауы. Бағдарлау тұсбағдар немесе карта көмегімен, аэрофото-түсірім мен жергілікті белгілерге, астрономиялық белгілерге, Күнге, Айға, жұлдыздарға қарап жүргізіледі.
Топографиялық шартты белгілер — жер беті бедерін топографиялық карталар мен пландарға түсіруде қолданылатын жергілікті заттардың шартты белгілері (сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык).
- Пайдалы сілтемелер
- Бағдарлау әдістері
http://www.13min.ru/otdyx/sposoby-orientacii-na-mestnosti/
- План және карта
https://www.youtube.com/watch?v=Nu_B2HfVbjY
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?