Жергілікті жерді бағдарлау. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім «Сәулет өнері» Мерзімі: 2-тоқсан Сынып: 3 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жергілікті жерді бағдарлау | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.1.2. Масштабты сақтап, шартты белгілерді пайдалана отырып, жергілікті жердің сұлбасын сызу 3.2.1.1. Көкжиек тұстарын астраномиялық белгілерге қарап анықтау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері | -кем дегенде 4 шартты белгіні пайдаланып, масштабты сақтап мектеп ауласының сұлбасын сыза алады; - астрономиялық белгілерге қарап солтүстікті анықтайды. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - Астрономиялық белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтауды түсіндіреді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Масштаб дегеніміз не? -Жергілікті жердің сұлбасы дегеніміз не? -Шартты белгілер дегеніміз не? Жазуға берілетін тапсырма: - Масштаб пен шартты белгілерді пайдаланып, мектеп ауласының сұлбасын сызу | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық – топтық бірлескен жұмыста көрінеді. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: Оқушылар масштабты қолданады (1 сантиметрде 100 метр бар) Бейнелеу өнері: оқушылар жергілікті жерді сызады. | |||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жергілікті жерді бағдарлау туралы түсініктері бар. Жергілікті жерді белгілеріне қарап және тұсбағдардың көмегімен анықтай алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-6 7-8 |
Әр топқа өмірден алынған оқиғалар жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар шешу жолдарын табады. Мысалы. «Балалар орманға саңырауқұлақ теруге барып адасып кетті? Үйге қайтар жолды қалай табуға болады? Көкжиек тұстарын қалай анықтауға болады?» Балалардың адасқан уақытын (күндіз немесе түнгі уақыт) анықтап, соған сәйкес бағдарлау тәсілін таңдау ұсынылады. Балалардың қай уақытта жоғалғандығына назар аудартыңыз және осыған сәйкес бағдарлау әдісін таңдап алуды ұсыныңыз.
- астрономиялық белгілерге қарап көкжиек тұстарын анықтау; - шартты белгілерді пайдалана отырып, масштабты сақтап жергілікті жердің сұлбасын сызу. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Таратпа карточкалар (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №3 | ||||||||||||
Сабақ ортасы 9-13 14-19 20-26 27-36 |
Оқушыларға «Астрономиялық белгілеріне қарап көкжиек бағыттарын анықтау» (күн, темірқазық жұлдызы) тақырыбында бейнефильм немесе презентация көрсетіңіз.
Оқушылар бейнематериалдың мазмұны туралы сұрақтар қояды (жұлдыздар бойынша көкжиек тұстарын анықтау). Мұғалім сұрақ қояды да, оқушыға гүл береді. Оқушы жауап беріп, сұрақ қойып келесі оқушыға гүлді береді. Қалған оқушылар бақылайды және біреуге қиындық тудырған сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Бағалау критерийлері:
«Дүниежүзілік физикалық картасын», «Дүниежүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасын, «Халықтың орналасу тығыздығы» картасын көрсетіңіз. Төмендегі сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіңіз. - Карталарды салыстырыңдар. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар. - Географиялық нысандарды кішірейтіп көрсететін не? (масштаб) -Картадағы географиялық нысандар қалай көрсетілген? (шартты белгілер) Топографиялық картамен жұмыс. Топқа жергілікті жердің көрінісі жоғарыдан түсірілген суреті бар топографиялық карта, аэротүсірілім және сұлба таратылады. Мұғалім жергілікті жердің сұлбасы туралы түсінік береді. Бірлесе отырып, карта мен жергілікті жердің сұлбасының ортақ белгілерін анықтайды. Ортақ белгілері: масштаб, шартты белгілер т.б. Оқушыларға осы тапсырма бойынша қорытынды жасауды сұраңыз.
Оқушылар шартты белгілерді (ағаштар, соқпақ жолдар, бұталар, жеміс бағы және т.б), 1см:100м масштабты пайдаланып, мектеп ауласының сұлбасын сызады. Талдап, қорытынды жасайды. «Галереяны шарлау» әдісі арқылы ең үздік жасалған мектеп ауласының сұлбасы таңдалынады. Ең үздік деп нақты және толық, мазмұны жағынан түсінікті сызылған сұлбалар танылады. Бағалау критерийлері:
| Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=_aHjHTjTdQ4 Темірқазық қайда? (орысша) 2мин39сек Гүл Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Тұсбағдар «Дүниежүзілік физикалық карта» , «Дүниежүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасы , «Халықтың орналасу тығыздығы» картасы. Астананың топографиялық картасы А4парақтары, қарындаштар, сызғыш
(дидактикалық материалға қараңыз) Шартты белгілер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 | Рефлексия (жеке): Оқушылар кестені толтырып, мұғалімге өткізеді:
|
Таратпа парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз | ||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Сабақта әртүрлі тапсырмалардың болуы оқушылардың әртүрлі шығармашылық қабілеттерін көрсетуіне мүмкіндік береді (мысалы, мектеп ауласы сұлбасын сызарда, оқушылар рөлдерді өзара бөліп алуларына болады). Қабілеті жоғары оқушыларға «Жұлдыздарға қарап қалай бағдарлауға болады?» деген тақырыпты тереңірек зерттеп, постер жасауды ұсынуға болады.
| Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. «Салыстыру» тапсырмасы «Бас бармақ» стратегиясына сәйкес бағаланады (жоғары қаратса – бәрі түсінікті, ортада көрсетсе - сұрақтар бар, төмен қаратса - көмек қажет). Практикалық жұмысты бағалауда бағалау критерийлері қолданылады. Оларды алдын-ала талдап алыңыз оқушылармен. Бұл сабақтағы рефлексия мазмұнды болып табылады және сабақтың мақсаттарына жету деңгейін көрсетеді. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?