Ата заң – мемлекеттің негізі. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Адамгершілік»

Мектеп:

Мерзімі: 1-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ата заң – мемлекеттің негізі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.5.1 ҚР Конституциясының маңызын түсіндіру.

3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.

3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын дәлелдеу.

3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын түсіндіру.

3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастырады;
  • Сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын айқындайды;
  • Өз тәжірибелері мен бақылауларына сүйене отырып, ҚР Конститутциясының маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • Сыныптың өзін-өзі басқару 3 ережесін құрай алады;
  • Оқушы құқығы мен міндетін ажырата алады;
  • ҚР Конституциясының баптарын атай алады;
  • ҚР Конституциясының маңызын жазып жеткізе алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-Қазақстан Республикасы Конституциясының маңыздылығын түсіндіре алады;

Терминология:

  • Өзін-өзі басқару
  • Ұжымдық шешім
  • Құқық және міндет
  • Мектеп қауымдастығы
  • ҚР Конституциясы

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Өзін-өзі басқару» сөзіне түсінік бер.
  • ҚР Конституциясында қандай құқықтар мен міндеттер оқушыларға арналып жазылған?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Ата Заңым - қорғаным» тақырыбына ой толғау жазу.

Құндылықтарды дарыту

Адамдар арасындағы достықтың, жауапкершіліктің, бірлесе әрекеттегі сыйластықтың, патриотизмнің маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Құқық негіздері: заң, Конституция ұғымдары;

Қазақ тілі: эссе жазу дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар мектеп қауымдастығының құрылымы мен оның мүшелерінің қызметі туралы оқып танысқан. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік ресми рәміздерінің қолдану саласын оқып меңгерген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-9

10

  • Жұпқа бөліну

Оқушыларға «Бұлақ» ойынын ойнау ұсынылады. Ойын шарты әдістемелік нұсқаулықта берілген. Ойын соңында оқушылар сол жұптарымен жұмысты жалғастырады.

  • «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы (жұпта)
  • Оқушыларға жағдаят жазылған конверт ұсынылады. « Өзіңді сыныпқа келдім деп ойла.. Сыныпта мұғалім жоқ. Сен не істер едің?» Оқушылар жұппен талқылайды және өз пікірлерін жазады. Сосын әр жұп өзінің осы жағдаяттан қалай шығатыны жайында ұжымға айтады.
  • Қорытындылау барысында «Өзін – өзі басқару деген не?» ұғымына түсінік беріледі.
  • Әр топта сыныптың 3 ережесін құрастыру тапсырылады. «Сыныпта мұғалім жоқ болса да тәртіп болу үшін негізгі 3 ережені ұсыныңдар. Осындай ережелер қоғамда бар ма? Олар қалай аталуы мүмкін?»

Бағалау критерийлері:

  • Сыныптың өзін-өзі басқару 3 ережесін құрай алады;
  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастыру;
  • Сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын айқындау;
  • ҚР Конститутциясының маңызын түсіну.

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Ойынның видеонұсқасы: https://www.youtube.com/watch?v=xjAWptS2dZs

Конвертке салынған парақтар

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

Сабақ ортасы

11-14

15-25

26-35

  • «Т кестесі» стратегиясы (топта)

Сынып ережелеріне сүйене отырып оқушының құқығы мен міндеттерін «Т кестесіне» жазу ұсынылады.

құқығы міндеті

еңбек үлкенді сыйлау

тегін оқуға ата-анасын құрметтеуге т.б

Кестені қорытындылау сұрақтары:

  • Құқық дегеніміз не?
  • Міндет дегеніміз не?
  • Құқықтар мен міндеттердің айырмашылығы неде?
  • Құқықтар мен міндеттер қандай құжаттар көрсетілген?
  • Конституцияның маңыздылығы неде?
  • Конституция не үшін керек?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады, кері байланыс жасалады, толықтырулар енгізіледі.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушы құқығы мен міндетін ажырата алады;
  • «Талқыла. Дәлелде». Мәтінмен жұмыс (топта)

Мұғалім әр топқа Қазақстан Республикасының заңынан баптарды таратып береді.

  • Мәтінді оқып, баптарды үш топқа жіктеу керек.

1-топ: еңбекке қатысты баптар;

2-топ: білімге қатысты баптар;

3-топ: отбасына қатысты баптар.

  • Жіктеп болғаннан кейін, әр топ жұмыстарын қорғайды:

1-топ: еңбекке қатысты бапты оқып, оның қажеттілігін дәлелдейді.

2-топ: отбасына қатысты бапты талқылап, оның маңыздылығын дәлелдейді.

3-топ: білімге қатысты бапты талқылап, оның маңыздылығын дәледейді.

Бағалау критерийлері:

  • ҚР Конституциясының баптарын атай алады;
  • «Ата заңым- қорғаным» тақырыбында эссе жазу.

Мақсаты: Конституцияның маңыздылығын түсіну, Ата Заңды құрметтеуге баулу.

Оқушылар «Ата Заңым - қорғаным» тақырыбында эссе жазады.

Эссені бағалау критерийлері:

  • Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін біледі;
  • Оқушы құқығы мен міндетін ажырата алады;
  • ҚР Конституциясының баптарын атай алады;
  • ҚР Конституциясының маңызын түсіндіре алады;

Эсседегі сөйлем саны: минимум 5, максимум -12.

Грамматикалық қателер болмауы тиіс.

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Қазақстан Республикасының Конституциясы баптары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Сыныптың тәртіп ережесі.

Эссе талаптары жазылған парақ

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Сен маған, мен саған»

Оқушылар өзара тарау бойынша сұрақ-жауап алмасады. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Оқушы мақсаты: көбірек ұпай жинау. Қажеттілігіне қарай түзетулер мен толықтырулар енгізіледі.

-

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқуда кедергісі бар оқушыларды қолдау үшін қосымша бейнежазба көрсетіледі. .

  • Конституция неше тарау мен баптан тұрады?
  • Конституция қай жылы қабылданды?
  • Ата Заңымыздың маңыздылығы неде?

Оқушылардың жауаптары талқыланады, кері байланыс жасалады. Кейіннен «Ата заңым- қорғаным» тақырыбында эссе жазуға кірісуге боады. Қабілеті жоғары оқушылардың эссе талаптарындағы сөйлем санын арттыруға болады. (12 сөйлемге дейін)

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Талқыла. Дәлелде» тапсырмасында топ оқушылары берілген баптарды жіктеуді «+», «-»таңбалары арқылы өзара бағалайды, кері байланыс береді. «Ата заңым- қорғаным» тақырыбында жазылған шығармадан оқушылардың барлық оқу мақсатына жету деңгейлерін бағалауға болады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу