Климат және ауа райы. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Жанды табиғат»
| Мектеп: | |||||||||||||||||
Мерзімі: 1-тоқсан | Модератор: Сейтахметова Ж.М. | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Климат және ауа райы | |||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.2.1 Жер климатының негізгі түрлерінің сипаттамаларын анықтау. | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология: Климат,климаттық белдеулер Пайдалы сөз тіркестер: Климаттық жағдайлар өсімдіктердің, жан-жануарлар мен жәндіктердің, адамдардың тіршілігіне .... | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық – бірлесе ұжым мен топ болып жұмыс жасау арқылы, жауапкершілік – оқушылардың әр тапсырмаға мұқият болып, нәтижеге ұмтылу арқылы көрініс табады. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География:Экватор, полюс ұғымдары талданады; Жаратылыстану:оқушылар климаттық белдеулерде өмір сүретін жануарларды анықтайды. | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Алдыңғы меңгерілген білімде оқушылардың 1 сыныпта «Бізді қоршаған орта» тарауында оқып танысқан,ауа райы, ауа райының құбылыстары, оныңадам өмірі мен шаруашылығына әсері, күнделікті ауа райын бақылау туралы білімдері қамтылған.Оқушылар 2 сыныптың «Қоршаған орта» тарауында өз өлкелеріндегі ауа райының қолайлы және қолайсыз тұстарын анықтап талдау жүргізген. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы
0-3 4-6 7-8 |
Ауа райының шартты белгілері бейнеленген қима қағаздар (температура, бұлттылық, жел, жауын-шашын) таратылады. Оқушылар таңдап алған қима қағаздарындағы белгілер бойынша топтасады, белгілердің мағынасын түсіндіреді. Талқылау барысында ауа-райы туралы білімдерін ортаға салады.
-Климат дегеніміз не? сұрағы қойылып, «Білемін. Білгім келеді. Білдім» кестесін толтыру ұсынылады:
Оқушылар климат туралы білетіндерін және білгісі келетіндерін 1,2 кестеге жазады. Топта әр оқушы өз жазғандарын талқылап, ортақ пікірді ұжымға ұсынады.
-климат ұғымын түсінеміз; -климат белдеулерін сипаттауды үйренеміз; | Ауа райының шартты белгілері жазылған карточкалар, Кесте:
Презентация Слайд№2 | ||||||||||||||||
Сабақ ортасы 9-14 15-23 24-34 |
Оқушылар климат туралы мәтінді оқып, жұпта бір-біріне түсіндіреді. «Климат» пен «Ауа райы» туралы мәліметтерді салыстырмалы кестеге жазып, олардың өздеріне тән ерекшелігін анықтайды.
Оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады: -Картаның қандай түрлерін білесіңдер? (физикалық карта, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, дүниежүзілік карта т.б) - «Дүние жүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасы көрсетіледі. Сұрақ: -Қалай ойлайсыңдар,бұл карта қалай аталады? Неліктен? Оқушылар өз ойларын айтады. «Дүние жүзінің климаттық белдеулері мен облыстары» картасы туралы қысқаша түсініктеме беріледі.
Оқушыларға жеке парақтар толтырылып, бағалау нормалары түсіндіріледі. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғанда парақтар жинақталып, араластырылып, қайта таратылады. Оқушылар ұстаз үлгісіне сүйене отырып бағалайды. Бағалау нәтижесі талданады. Сұрақтар: - Климат дегеніміз не? - Климаттың ауа райынан айырмашылығы неде? - Климаттың қандай негізгі түрлері бар? -Қазақстан Республикасы қандай климаттық белдеуде орналасқан? Бағалау критерийлері:
| Венн диаграммасы «Дниежүзінің климаттық» картасы /дидактикалық материалға қараңыз/ Таратпа материал Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз/ | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия
Оқушылар ББҮ кестесінің«Үйрендім» бөлігін толтырып, бір-бірімен талқылайды. Сабақ мақсатына жету деңгейлерін бағалайды. | Кесте:
| ||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Сабақ барысында оқушылардың бұрыңғы білімі мен тәжірибесін бөлісуге көп мән беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша «Климаттық белдеулерде өсетін негізгі өсімдіктер түрлерін анықтап,таныстырылым жаса» тапсырмасын ұсынуға болады. «Сұрақтар тізбесі» стратегиясы нәтижесі бойынша 5 ұпайдан төмен жинаған оқушыларға жоғары ұпай жинаған оқушымен «серуенге» шығу ұсынылады. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Оқушылардың білімін бағалайтын негізгі тапсырма «Сұрақтар тізбесі». Әр оқушы жеке параққа орындайды. Бағалау нормаларын әдістемелік нұсқаудан қараңыз. «ББҮ» стратегиясында үйрендім бағанын сабақ мақсатымен салыстыру арқылы оқушылардың қаншалықты оқу материалын меңгергенін анықтауға болады. | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?