Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Өзім туралы | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау. | |||||
Сабақ мақсаттары | Дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау. | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар қандай ұғымдар жақсылыққа, қайсысы жамандыққа жататынын көрсетеді. Өздерінің әдеп туралы ұғымын түсіндіреді.түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтайды. | |||||
Тілдік мақсаттар
|
| |||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушылар топпен, жұппен жұмыс кезінде өзара көмек беруге, қолдау көрсетуге ұмтылады. Құқықтары мен міндеттерін білу. | |||||
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/ /интернационализм | Жалпыға ортақ әдеп нормаларын сақтау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Әдебиет, тарих | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар осы сабақта АКТ пайдалану арқылы астарлы әңгімемен танысады. | |||||
Бастапқы білім | Әдептілік туралы білетін білімдеріне сүйенеді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Ұйымдастыру. (Ұ) Психологиялық дайындық Армысың, ару Күн! Армысың, жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн Білімге білім қос! | |||||
Сабақтың ортасы 25 минут
| Оқу мақсатымен таныстыру. Дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ әдеп нормаларын анықтау.
Әдептілікті сақтау қолымнан келе ме? (МК, Ұ) Сабақта оқушыларға айнаға қарауды ұсыну. Олар әртүрлі эмоцияларды көрсетуі керек: мейірім,қорқыныш, ақкөңілділік және т.б.
ренжіген адам бейнесін келтір.
Неге? Айнадағы эмоцияларын қағазға жаздыру. Балалар өзіне ұнайтын эмоцияларды (жақсылық, қорқыныш, қайырымды және т.б.) бейнелейді. Оқушылардан өз эмоцияларын парақшаларға жазып тақтаға ілуін сұрау. Тақтада қандай эмоция басым екенін анықтау, нәтижесін диаграммаға салу. Сұрақтарға жауап алу - Жақсылық дегенді қалай түсінесің? - Жамандық дегенді қалай түсінесің? -Досыңның қандай болғанын қалар едің? «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» -Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады.Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан. Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақ- сылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген екен. Біреуді таны –таныма жақсылық жасау әр оқушының парызы. Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін жақсылық жайлы мақал-мәтел жаттап жүруіміз керек. Негізгі ойды тауып, өмірден мысал келтіру. Жақсылық қылсаң-жасыр, Жақсылық көрсең – асыр. Өзгеге жасаған жақсылығың , Өзіңе жасаған жақсылығың Жақсылық жүрген жерде Тапшылық болмайды. (Ұ) Жақсылық пен жамандық арасындағы күрес туралы мәтін оқу. Мәтінмен жұмыс. Адам ішіндегі екі қасқыр. Талқылау сұрақтары:
(Т) «Әдептілік» терегін шағын топта құрастыру. Топта оқушылар өз бойында кездеспеген, бірақ басқалар жазған жақсы істер мен әдепті мінез-құлықты анықтайды. «Бұл менің де қолымнан келуі мүмкін, егер мен ...» деп өз дерегін сыныпқа ұсынады. Сен білесің бе? 13 -қарашада Дүниежүзілік Мейірімділік күні. Бұл күні 1998 жылы Жапонияның астанасы Токио қаласында бірінші рет Халықаралық жақсылық күніне арналған конференция өтті. Осы күні жақсы, шынайы, қайырымды іс жасағысы келетін адамдардың бәрі қосылуға болады. (МК) Өмір – бұл айна сияқты. Біз жақсы іс істесек те, жаман қылық жасасақ та, соның бәрі көрініп тұрады. Мысалы, біреуге күлімсіреп амандассақ, ол да бізге жымиып қарайды. Біреуге көмек көрсетсек, ол өз алғысын білдіреді. Өміріміздің жақсы немесе жаман болуы өзімізге байланысты. Өміріміздің айнасын қалай жақсарта аламыз? Оқушылардың пікірін білу. Орындап көр Бүгін қандай жақсы істер жасайсың? Жақсы істер сөздігін құрастыр. Жақсылық күніне арнап өз эмблемаңның суретін сал. | Кішкентай айналар; • жақсы және жаман істер бейнеленген суреттер; Интернет-ресурстар: • Екі қасқыр туралы астарлы әңгіме https://www.youtube.com/watch?v=6EVZfPJ6U-I | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс. | |||||
Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?