Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық жаттығулар кешені. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген сабаққа қысқа мерзімді сабақ жоспары

«Дене шынықтыру», «Валеология». 11 сынып

 Аңдатпа

 

 Сабақты Қостанай қаласындағы ФМН НЗМ дене шынықтыру мұғалімдері Д.Ченцов, А. Гачаев бірлесіп жасады. Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық жаттығулар кешені».

 Сабақтың мақсаты: «Денсаулықты жақсартуға бағытталған физикалық белсенділік көмегімен басқаларға қауіпсіз сабақтар өткізу». Бұл сабақ 10–11 сыныптарға алынған «Валеология» пәнінің кіріктірілген компонентін ескере отырып құрылды. Сабақта оқушылар жарақаттардың түрлерімен танысады және алғашқы көмек көрсету дағдыларын қолданады.

 Жоспар бойынша сабақтың қайталама дайындық бөлігінде, оқушылар жұптасып жұмыс істейтін жарақаттың түріне байланысты бір-біріне алғашқы медициналық көмек көрсету тапсырмасын орындайды. Сабақтың негізгі бөлігінде физикалық қасиеттерді дамытуға арналған жаттығуларды (ЖДЖ) топтарда құрастырады.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім 3: «Гимнастика».

Мектеп: Қостанай қ. ФМН НЗМ

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Гачаев А.А. Ченцов Д.С.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі

Акробатикалық жаттығулар кешені

Оқу мақсаты

11.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға бағытталған физикалық белсенділік арқылы басқалар үшін кауіпсіз сабақ өткізу

Сабақ мақсаты

Оқушылар жасай алады:

  • Физикалық жаттығуларды орындаудағы қиындықтар мен қауіптерді түсіну;
  • Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету;
  • Денсаулықты жақсартатын гимнастикалық жаттығуларды жасау.

 Бағалау критерийі:

1.Физикалық жаттығуларды жасағанда ҚЕ сақтау.

2.Гимнастикалық жаттығуларды дұрыс орындау, денсаулықты насихаттау.

3.Жарақат алған кезде алғашқы көмекті көрсету.

 Тілдік мақсат

Оқушылар жасай алады:

Сабақ барысында гимнастиканың қауіпсіздік ережелеріне байланысты дағдыларды талқылайды, әр түрлі жарақатарға көмектеседі.

Пәндік лексика және терминология:

  • бағыт: артқа, алға, бір жаққа
  • динамика: жылдам, баяу
  • қарым-қатынас,идеялар, әрекеттер,жүйелілік
  • ептілік тепе-теңдік
  • үйлестіру,күш,төзімділік,икемділік
  • жарақат
  • алғашқы көмек

 Құндылықтарды

арттыру

 

Сабақ академиялық адалдық, ұйымшылдық және сабақта қауіпсіздік ережелін сақтау қабілеттерін дамытуға бағытталған

 Пән аралық байланыс

Қауіпсіздік негіздерін зерделеу кезінде валиологиямен байланыс

АКТ қолдану дағдылар

Көрсетілген слайдттардан қажетті ақпаратты алу мүмкіндігі

 Алдыңғы білім

Оқушылар дене тәрбиесі сабақтарында алдыңғы сабақтарда алынған гимнастикалық жаттығулардың орындау дағдыларын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-12 мин

Ұйымдастыру кезі.

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критерилерін таныстыру.

Жарақаттанудың алдын алуы

(С) Оқушылар жарақат алудын мәселесін талқылайды.

Жарақат алудың түрлері мен себептері. Жарақат түрлері. Жарақаттарға алғашқы көмек. Адамның мінез-құлқынан туындаған жарақаттар. Сыныптағы әртүрлі жағдайларда қауіпсіз адамның мінез-құлқы.

Алғашқы көмек жинағы.

(Ж,Қ) Оқушылар жарақат алу түріне байланысты кезекпен бір-біріне көмек көрсетеді. Тәжірибелік жұмыс: алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту.

Оқушылар ҚЕ сақтай отырып тапсырманы орындайды. Жаттығулар дененің бірте-бірте дамуына ықпал етеді.

Жүру.

1.Жаттығулар дұрыс тұрақтылықтың дамуына ықпал етеді. Оқушылар арқаны түзу ұстап жүруіне көз жеткізу.

- қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.

- қолды белге қойып өкшемен жүру.

- жартылай отырып жүру.

- табанның ішкі жағымен жүру;

- табанның сыртқы жағымен жүру.

Жүгіру :

Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

Бір бағаннан төрт бағанға бір қатар және екі қатар арқылы бөліну.

ЖДЖ доппен. Оқушы өткізеді.

Кешенді жаттығуларды жасау кезінде оқушыларды бағалаңыз, қателіктерді түзетіңіз

Дескрипторы:

-Қауіпсіздік ережені біледі;

-Жаттығу кезінде қауіпсіздік ережені сақтайды;

- Жүктеме алдындағы жаттығуды не үшін жасау керектігін біледі.

Төрт бағаннан бір бағанға бір және екі қатар арқылы сапқа тұру.

Проектор. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийі, слайдтары

Проектор. Слайд.

Гимнастика сабағында жарақат түрлерін презентация арқылы көрсету.

Алғашқы көмекке арналған медициналық жинақ.

«Гимнастика сабағында әдеттегі жарақаттар» мақаласына сілтеме

1.https://studopedia.info/2-100956.html

2.https://www.uchmet.ru/library/material/163961/100008/

Мұғалімнің көрсетуі.

Карточка ЖДЖ.

Негізгі бөлім

25-28 мин

(Ж,Т,Ж)

Жалпы дамыту жаттығулар кешені

(Ж, Д ,Ж)

Оқушылар физикалық қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын жасайды.

Жалпы дамыту жаттығулар кешенін жасағанда әр түрлі бұлшықет топтарындағы жұмыстарға назар аудару оқушылардың әл-ауқатын бақылау.Ағзаны қалыпқа келтіру кезінде жасалатын кешенді жаттығуларда үзіліс беру.

Скакалка, гимнастикалық кілемшелер, гимнастикалық таяқ, скакалка. ЖДЖ карточкалары, интернеттегі кешенді жаттығулар нұсқаларын тәуелсіз іздеуге арналған планшет, ноутбук

Қорытыңды

3-5 мин

Бір сапқа тұру

Төмен қарқында қозғалмалы ойын

Рефлексия өткізу

Сабақты қортындылау.

Спортзалдан шығу.

Ойынға сілтеме https://infourok.ru/metodicheskaya-razrabotka-podvizhnie-igri-maloy-intensivnosti-2296221.html

Талқылауға арналған сұрақтар, слайдттар.

Дифференциация - Сіз неғұрлым қолдау көрсетуді қалай іске асырасыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?перед более способными учащимися?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға тапсырмада сәтті нәтижеге жету үшін қажетті дағдыларды түсіндіруге және көрсетуге көмек көрсетіледі.

11.3.4.4 сәйкес оқушылардың білімі мен дағдыларына қалыптастырушы бағалау.Денсаулықты нығайтуға бағытталған физикалық белсенділік арқылы басқалар үшін қауіпсіз іс-шаралар жүргізу. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар оқу материялын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер бойынша бағаланады.

Оқушылар гимнастикалық жаттығуларды жасағанда қауіпсіздік ережені сақтайды

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:

2:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу