Ойын кеңістігіндегі бағыт-бағдар дағдысы. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Дене шынықтыру сабағынан қысқа мерзімді жоспары

3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Павлодар қаласы ХББ НЗМ

7-бөлім –Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 10 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақ тақырыбы:

Ойын кеңістігіндегі бағыт -бағдар дағдысы.

 Осы сабақта қол

  жеткізілетін

 оқу мақсаттары

10.1.5.5. Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасау

10.2.8.8 Рөлдерді орындауда туындаған әртүрлі қозғалыс контекстің жеке ерекшеліктерін қарау

10.1.6.6. Қимыл қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жаңа стратегиялық дағдыларын дамыту

 

 Сабақ мақсаттары

- ойын кеңістігінде тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибеде қолдану;

- ойын барысында әр түрлі қозғалыс контекстің жеке ерекшеліктеріне қарай әр түрлі рөлдерді орындау;

- баскетбол ойыныңда қиындықтарды жеңу және жаңа стратегиялық дағдыларын дамыту.

 

 Жетістік критерийлері

- оқушылар қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- баскетболшының арнайы қимыл-қозғалыстарын орындайды;

- спорттық ойын барысында командамен жұмыс жасай алады және қажетті тактиканы қолдана алады.

 

 

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар: Спорт ойындарының жеке және командалық қозғалыс дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өзінің түсінігін талдап, көрсете алады.

Пәндік лексика және терминология

  • қабылдау, беру
  • лақтыру, пас, соққы
  • шабуыл, қорғаныс, нақтылық
  • тәсіл, стратегия, мәселе, шешім
  • қауіпсіздік, ереже, ойын
  • шабуылдаушы, қорғаушы, байланыстырушы
  • ойын қисыны

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шабуылдаушы әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Қорғаныс әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Ойын ережесін сақтадыңыз ба?
  • Жақсы ойнау үшін ойын қисынында нені жақсарту қажет?
  • Ойын барысында қауіпсіздік техникасын сақтау қажет пе?
  • Баскетбол ойынын ойнау үшін қауіпсіздік техникасының қандай ережелерін білесіз?

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылар арасында ынтымақтастық құндылығын дамыту арқылы сабақ кезіндегі оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физика сабағымен байланыстыру, жылдамдық, күш, төзімділік.

Бастапқы білім

9 сыныпта өткен баскетбол сабағынан алған білімдері бар.

Ғаламдық ойлау дағдыларын қалыптастыру

ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының жүлдеге іліккен елдері туралы мәлімет беру.

Баскетбол (әйелдер):

1.АҚШ; 2. Испания; 3. Сербия

Баскетбол (ерлер):

1. АҚШ; 2. Сербия; 3. Испания

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы ортаға талаптау, оқушылар ортаға шығып шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады және бүгінгі күнге тілек айтады..

2. Пазл құрастыру арқылы топқа бөлінеді және тақырыпқа шығады.

3. Оқушыларды сапқа тұрғызып бір орында; «Оңға!», «Солға!», «Кері бұрыл!».

4. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

5. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

6. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

7. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

8. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

9. Жалпы даму жаттығулары:

- Оқушыларды екі қатарға тұрғызылып жалпы дамыту жаттығуларын орында тұрып орындайды, мұғалім белгі берген кезде алаңның ортасына дейін жүгіріп орнына жүгіріп қайтулары керек.

Жабдық: секунд өлшегіш, фишкалар

Қауіпсіздік техникасы.

http://referat911.ru/Fizkultura-i-sport/basketbol-ojynny-aupszdk-erezheler/561673-3334138-place1.html

Сабақтың ортасы

1 тапсырма

Оқушыларға тактикалық іс-әрекеттерді орындауға тапсырма беріледі. Мұнда оқушылар алаңда доп жүргізбейді, тек бір-біріне пас беру арқылы допты себетке салу керек.

Дескриптор:

1. топпен бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындауы;

2. допқа қарай ашылу;

3. бір-біріне доп беру;

4. себетке доп салу.

2 тапсырма

Баскетбол ойынындағы топтық жұмыс. Екі және үш ойыншылардың бірлескен тактикалық әрекеттерін құрып, оны ойын түрінде көрсетеді. Бірінші топ шабуылдағы тактикалық әрекетті, ал екінші топ қорғаныстағы тактиканы құрып, көрсетеді. Бірінші топтың ойыншылары тапсырманы көрсету кезінде, екінші топтың ойыншылары бірінші топтың жұмысына баға береді. Мысалы: «Допты беріп, алға шық», «Үштік», «Үшбұрыш» және т.б. Осында оқушылар топ ішінде бір-бірімен ақылдасады, стратегияны ойластырады және оны тәжірибеде жасап көреді.

3 тапсырма

Оқушыларға екі жақты үйрету ойыны беріледі. Ойында допты беру, допты қағып алу, допты лақтыру және екі адым жасау арқылы допты себетке салу әдістерін оқушылар орындау керек.

Дескриптор:

- қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;

- ойын ережелерінің сақталуы;

-ойын барысында бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындайды;

- себетке доп салу;

- қажетті стратегияны қолданады.

Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік. Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш, таратпа материалдар.

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Карточка №1

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Карточка №2

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Сабақтың соңы

Жаңа материалдарды бекіту.

Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау.

Сұрақ-жауап арқылы өткізіледі.

Саралау

- барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады; - - оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады;

- көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған;

- оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі;

- жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтары жоғары деңгейде дамыған;

Бағалау

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Сабақ бойынша рефлекия:

1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1. Жаттығу адамды табандылыққа үйретеді;

2. Өзін-өзі ептілікке, табандылыққа баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1. Оқушылардың сабаққа берген рефлексиясы мен мінездемелері;

2. Сабаққа әріптестердің қатысуы, сабақтан кейінгі талдаулар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу