Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім. Жеңіл атлетика дағдысы арқылы денсаулықты нығайту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қозғалыс қабілеті арқылы денсаулықты нығайту

Оқу мақсаттары

9.3.1.1 Салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін әсерін жеке бастың үлгісімен көрсету

 Сабақ мақсаттары

  • Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсету;
  • Жаттығуларды орындау барысында денсаулыққа тигізер әсерін түсіну

 Бағалау критерийлері

  • Салауатты өмңр салтының денсаулыққа тигізер әсерін түсінеді;
  • Түрлі қозғалыс арқылы денсаулықты нығайтады;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Денсаулық турады жалпы түсінік беру;
  • Адам денсаулығына арналған дене жаттығуларының маңызы туралы айту;

● Сауатты сөйлеуді, өмір сүруді құру.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

Қауіпсіздік, қимыл-қозғалыс дағдылары, физикалық жаттығулар, Денсаулық, психикалық, әлеуметтік ынтымақтастық, команда, қиындықтарды жеңу.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Қауіпсіздік техникасын сақтау үшін ...
  • Денсаулық-бұл…
  • Салауатты өмір салтының негізгі құрауыштарын атаңыз.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыйластық, адалдық, жауапкершілік, ынтымақтастық, командалық рух, командалық жұмыста өзара көмек көрсету арқылы құндылықтарды дарыту.

 Пәнаралық байланыстар

"Орыс тілі" пәнімен, сабақта оқыған дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша оқушылардың материалын баяндау арқылы байланыс. Адам денсаулығы үшін дене жаттығуларының маңызы туралы айта білу.

 АКТ қолдану дағдылары

Қауіпсіздік техникасы және дені сау адамның негізгі белгілері бойынша презентацияны қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау туралы кейбір түсініктерді үйренді. Денсаулықтың пайдасын түсініп, салауаттылықтың маңызын өзгеге түсіндіре біледі. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы денсаулықты нығайтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл күйлеріне мән беру. Шеңбер бойына тұрып, ашық сұрақ-жауап арқылы денсаулыққа қатысты түсініктерін кеңейту.

  • Қозғалыстың ағзаға тигізер пайдасы қандай?
  • Қандай жаттығулар пайдалы?
  • Салауаты өмір салтынынң денсаулыққа әсері бар ма?
  • Сіздер өз денсаулықтарынызды қалай күтесіздер?

Мұғалім оқушыларға ашық сұрақтар қояды, оқушылардың жауабын мұғалім стикерлер немесе түрлі смайликтерді жабыстыру арқылы бағалап отырады.

Содан кейін, мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады.

Оқушылар бірлесіп, қыздырыну жаттығуларын орындайды.

Қыздырыну жаттығуына қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.

«Қуыспақ» ойынының ережесі: Оқушыларды жұптастырады. Жұптасқан оқушылар ажырамай бірге қашады және бірін-бірі қуады.

Ойынды талдау, шапшаң ойын көрсеткен жұптарды бағалау.

  • Жалпы денені дамыту жаттығулары.

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, оқушыларға тақырыпқа сай, тапсырмалар беріледі. Оқушылар іс-әрекеттермен танысып, топта бірлесіп жұмыс жасауға кіріседі.

Үлкен бос кеңістік, мұғалім үшін ысқырық

Сабақтың ортасы

10-20 минут

20-35 минут

1.«Аңшылар мен үйректер» қозғалыс ойынын ойнату

Дайындық: Жерге барынша үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылар екі командаға «аңшылар» жэне «үйректер» болып бөлінеді. Аңшылар дөңгелек бойына түрады, ал үйректер дөңгелектің немесе төрт бұрыштың ішінде қалаған жерде тұрады. Аңшылардың бірінің қолында волейбол добы бар.

Ережесі: Жетекшінің белгісі бойынша аңшылар допты эр бағытта үйректерге лақтыра бастайды. Ал, доп тиген үйрек ойыннан шығуы керек. Дөңгелек ішіндегі үйректер допты өздеріне тигізбеуге тырысады. Осылай ойын ең соңғы үйректі атып алғанша жалғаса береді, осыдан соң рольдерімен алмасады. Ойынды уақытқа қарап өткізуге болады. Мысалы, 3 минуттан соң ойыншылар алмасады. Үйректер дөңгелектен шығып, аңшылар үйректердің орындарына барады.

Дескриптор: 1. Допты үйректерге лақтырган кезде аңиіылар сызъщтан аспаулары керек.

2. Доп ойыншының басынан басқа жеріне тисе, онда ол үсталган болып есептеледі.

3. Егер доп жерден барып тисе, онда ол есептелмейді.

4. Егер үйрек доцгелектен шыгып кетсе, ол үстаіган болып есептеледі.

5. Үсталган үйректер ойын аяцталганга дейін ойынга кіріспейді.

Ойынды талқылау, бағалау, қорытынды жасау. Оқушылардың ойларын тыңдау. Қандай қимыл-қозғалыс дағдылары дамығандығын сұрақ-жауап арқылы анықтау.

«Қарама-қарсы эстафета» ойыны

Дайындық: Ойыншылар 2 тең командаға бөлініп, 2 колонна құрады. Әр колонна ортасынан тең бөлініп, біріне-бірі қарама-карсы тұрады, арақашықтықтары 10-40 метрден. Бірінші тұрған ойыншылардың алдынан сызық сызылады, қолдарына эстафета таяғы немесе жалау беріледі.

Ережесі: Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншылар жүгіруді бастайды. Олар эстафета таяғын /жалауына/ өз командасының екінші бөлігін алдағы ойыншыға әкеліп береді де, өздері сол колоннаның соңына барып тұрады. Эстафета таяғын алған ойыншылар ойынды тэртіпте жалғастыра береді. Эстафета таяғы бірінші ойынды бастаған ойыншыға қайта келгенде, ойын аяқталады, ойынды кай команда бірінші бітірсе, сол жеңеді.

Дискриптор:

1. Ойынды белгі берілгеннен кейін бастайды.

2. Эстафета таягын /жалауша/ алмастан бұрын, сызықтан жүгіріп шығуға болмайды.

3. Егер жүгіріп келе жатып эстафета таяғын түсіріп алса, онда сол ойыншы таяқты алып әрі жүрігуі тиіс.

4. Қате жіберген команда айып ұпайын алады.

5. Ойынды біріші аяқтаған және айып ұпайды аз алган команда жеңімпаз болады.

Ойналған ойынға кері байланыс беру. Оқушылардың іс-әрекетін бағалау. Қорытынды жасау.

Үлкен, еркін кеңістік, доп, бор.

Қимыл-қозғалыс ойындарына сілтеме: http://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, эстафеталық таяқша, белгі.

Қимыл-қозғалыс ойындарына сілтеме: http://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

Талқылаулар арқылы ойындардағы әріптестік ынтымақтастықтың пайдасы мен белсенді қызметтен денсаулық үшін әлеуетті пайданы қарастырыңыз.

Сұраңыз: командада жақсы жұмыс жасадыңыз ба? Дене шынықтыру дайындығының қандай компоненттері осы белсенділікті дамытады? (мысалы, төзімділік, жылдамдық).

Топпен жұмыс жасау ұнады ма? Ойын барысында қимыл-қозғалыс дағдылары дамиды ма?

Ашық сұрап-жауаптар

Дайын карточкалар арқылы кері байланыс жүргізу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация:

- спорттық құралдар мен жабдықтар бойынша;

- топтарға бөлу бойынша;

- жаттығу кезінде жүктемені бөлу бойынша.

1. Бақылау әдісі. Бұл әдіс сабақ бойы қолданылады;

2. Өзара бағалау: оқушылар топтарда бір-бірін бағалайды. Қауіпсіздік техникасы сақталды ма? Ойынды ережемен ойнадыңыздар ма?

Жаттығуларды орындау кезінде және қозғалмалы ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу