Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 51 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық №51

Сабақ тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Жаттығу және тыныс алу техникасы арқылы физикалық қасиеттерді дамыту

Оқу мақсаты : 8.3.4.1 денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендету, техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне білу;

8.3.2.1 денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құру және көрсету, оның маңыздылығын түсіну

Бағалау критериі : -Кросс дайындығы кезінде денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін қауіп-қатерді төмендете алады, техника қауіпсізді бойынша техника қауіпсіздігінің күрделі мәселелерін түсіне біледі.

-Кросс дайындығы кезінде денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кещенін құрады және көрсете алады.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін денсаулық ұғымы нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін біледі.

- Жаттығу мен қалпына келтіру әдістерінің негізгі компоненттерін түсінеді.

-Өздерінің тактикалық және коммуникативтік дағдыларын жетілдіру үшін жаттығулардағы реттілік пен комбинацияны түсіндіреді және көрсетеді.

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(Ж) «Миға шабуыл» (әдіс) өткізеді

Оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болады.

Оқушылар тамыр ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

(Б, Т, Ж, Ф) Оқушылар 2 командаға бөлінеді. Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншы фишкаға дейін жүгіреді. Ол командаға оралған кезде, оған екінші ойыншы «тіркеледі», енді екеуі қашықтықты белсенді жүгіреді. Командалардың барлық қатысушылары паровоз болып тіркеліп, қашықтықты жүгіріп өткенге дейін әрекет қайталанады. Тапсырманы бірінші болып орындаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор :

-қауіпсіздік ережесін біледі.

-жаттығу кезінде ағзадағы өзгерістерді біледі.

- тамыр соғысын дұрыс есептей алады..

-топта жұмыс барысында құрмет көрсетеді.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Сұраңыз: динамикалық созылу дегеніміз не? Статистикалық созылу дегеніміз не? Күштілікті дамыту үшін қандай жаттығулар қажет етеді?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Мұғалім оқушыларға «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

 2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН 

стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу