Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту. Дене шынықтыру, 8 сынып, дидактикалық материал. 12 сабақ.
Назар аударыңыз!
Оқушылардың бұлшық еттері жыл сайын бір қалыпты және тұрақты түрде өсіп отырды. Алайда, әр түрлі бұлшық ет топтары күшінің жыл сайынғы өсуі бір қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап денені тік ұстайтын бұлшық еттердің күші елеулі түрде артады да, саусақ бұлшық еттерінң күші біршама тежеледі. Бұлшық еттер күшінің үдемелі түрде өсуі қыз балаларды 11–12 жаста, ал ер балаларды біршама кейінірек 12–12 жас аралығында басталады. Балаларда күш қабілетін жетілдіретін жаттығулар негізнен жүйелі түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабілетін жетілдіру кезінде денеге түсетін күш өте көп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы өсуін кідіртеді. Күшті арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштілік, төзімділік қасиет — қабілеттерін дамытудың негізгі болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздіксіз және жеткілікті мөлшерде орындап отыруы қажет. Өз беттерімен жаттығу кезінде күшті молайтатын жаттығулар икемділік пен жылдамдық қабілеттерін арттыратын жаттығулардан кейін, ал көп жағдайда төзімділікті арттыратын жаттығулрадың алдында орындалғаны жөн. Күш қабілетін жетілдіру үшін жаттығулардың төменгідей түрлерін орындау керек. [1] а) кермеге тартылу, биікке өрмелеу, аяқты көтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетімен жатып, қолды бүгіп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар көтеру (бірнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстінде отырған оқушылармен бірге қөтеріп алып жүру) серіппелі спорт құралдарымен, баппен (гантель) көтерумен жаттығу. Күш қабілетін жетілдіретін өзге де жаттығу түрлері бар. Дегенмен, жоғары да аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиі қолданылады. Өйткені ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 10–13 жастағы оқушыларға белгілі бір деңгейдегі күш, төзімділік қабілеттерін жетілдіретін жаттығулар керек. Себебі 10 жасқа дейінгі балалар жиі алаңдап, белгілі бір деңгейде күш жұмсауға қабілетсіз болса, 10 жастан кейін күш қабілеті едәуір артады. Төзімділік қабілетін жетілдіру үшін бірінші кезекте күрделілеу жаттығулар пайдаланылады.Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық қабырғаға және орындыққа қолды тіреп, бірнеше рет бүгіп — жазу, онша ауыр емес заттарды көтеру. [2] Жылдамдық қабілетін жетілдіру үшін ең бірінші қозғалыс шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсілі қолданылады. Әрбір келесі қимыл — әрекет бұрын көрсетілген шапшаңдықты арттыру міндетін алға қоюы керек. Жүгіру кезіндегі жылдамдықты бағалау үшін тест есебінен 20 м қашықтықты бірден жүгіріп өтудің орташа көрсеткіші мынадай: Жас Ер балалар Қыз балалар Уақыт (сек) Шапшаңдық (м/сек) Уақыт (сек) Шапшаңдық (м/сек) 12 3.0 6.7 3.3 6.0 13 3.0 6.7 3.2 6.3 Жылдамдық қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан төмнедей бастағанша қайталана беруі керек. Оларды сабақтың басында немесе ептілікті арттыратын жаттығуларды орындаудан кейін өтқізген жөн. Ептілік қабілетін жетілдіру үшін гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегі қимыл — қозғалыс жаттығуларын күрделендіре қолдануға болады. Мысалы:беткейден шаңғымен еңіске қарай жұптасып сырғанап түсу немесе заттарды көтеріп сырғанап түсу. Әдеттегі қозғалыстарды кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бір орыннан ұзындыққа секіру бір жақ жанымен немесе теріс қарап тұрып орындау),бір орында тұрып 180–360 қа бұрылып скеіру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлі қимыл — қозғалыс ойындары ептілікті жетілдіруге пайдалы болмақ. Ептілік қабілетін жетілдіруге арналған жаттығулар әдетте кіріспе бөлімінен кейін, сабақтын негізгі бөлімінің басында орындалады. Дене тәрбиесінде пайдаланылатын жаттығулар адам организміне белгілі бір дәрежеде әсерін тигізгді.Денеге түсетін күшті, яғни жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйесі және дәйекті болуын
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларыДене шынықтыру
Бөлім/тақырып | Лақтыру кезінде күш пен бұлшық ет төзімділігін дамыту |
Оқу мақсаты | 8.1.1.1 арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету; 8.3.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу |
Бағалау критерийі | Білім алушы - арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсетеді - басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды көрсете білу |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу түсіну қолдану |
Тапсырма | |
Сыныпты екі командаға бөлу. Оқушылар диаметрі 10-12м болатын шеңбердің бойына орналасады. Бірінші бір команданың ойыншысы, одан кейін екінші команданың ойыншысы кезекпен ортаға шығып, теннис добын барынша жоғарыға лақтырады. Ойынды басқарушы қолдан шыққаннан бастап, жерге түскенге дейінгі доптың ұщу уақытын өлшейді. Лақтыру неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның ұшу уақыты көбірек болады. Кімнің добы ауада көбірек болса, сол ойыншыға бір ұпай беріледі. Лақтырушылар лақтыру межесіне әр командадан кезекпен шығып, белгіленген аймақтарға лақтыруды орындайды: 1-ші аймақ лақтыру сызығынан 20м, 2-ші-25м, 3-ші- 30м қашықтықта орналасады. Әрбір аймақ келесідей белгіленген: 1-2-3 ұпай. Әр аймаққа тигізгені үшін, оқушыға, әртүрлі ұпайлар беріледі. | |
Дескриптор | |
-допты 1 аймаққа лақтырады - допты 2 аймаққа лақтырады - допты 3 аймаққа лақтырады | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру