Қауіпсіздік техникасы. Спринттік жүгіру және мәре. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Жеңіл атлетика

Мектеп:

ФМБ НЗМ Қостанай қаласы

Мерзімі:

Мұғалім:

Баянбаев А.С.

Сынып:

8

Қатысатындар саны:

Сабақта Жоқ:

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік техникасы

Спринттік жүгіру және мәре

Сабақтың мақсаты

(оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.5.1. Қимыл іс-әрекеттерді жасау кезіндегі сақтандыру мен өзін-өзі сақтандыруды орындау

Жетістік критерийі

Барлық оқушылар үйренеді:

Қауіпсіздік техникасын біледі. Бір-бірлеріне құрметпен қарайды, жеңіл атлетика жайлы түсініктер қалыптасады.

Басым көпшілігі үйренеді:

Қашықтықтар түрін анықтай алады, қашыққа жүгіре алады.

Кейбіреуі үйренеді:

Берліген жүгіру түрлерін жетілдіріп, өздерінің басқаша әдіс-айлаларымен орындайды

Командалық ойындарға назар сала алады кейбір қимыл ойындарды өз деңгейінде шапшаң орындайды.

 Тілдік мақсат

Мыналарды қамтиды:

  • қашықтық
  • Мәре
  • сөре

 Құндылықтарды

 арттыру

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

АКТ қолдану дағдылар

Бейне жазба қарау, ғаламтордан допты қабылдау, соққы жасау жазбасын қарау

Өмірмен байланыс

Оқушылар жүгіргенде жүрек-қан тамырларын жақсартады және аяқ, қол бұлшық еттерін буындарын қатайтады және оқушылардың координацияларын дамытады.

Пәнаралық байланыстар

Физика, биология

Алдыңғы білім

Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру.

Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.

Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыны салу жаттығуларын орындау.

1.Жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушылар шеңбер жасап бір орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындайды. Әр оқушы екі жаттығудан көрсетеді. Жаттығуда қателік жасаса, оқушылар қателіктерін жөңдейді.

Кедергі тегергіштер, секіртпелер.

Негізгі бөлім

25 минут

(Б) Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

(Б, ЖЖ, Ф) Оқушылар жұптарға бөлініп, төмен старт қалпынан жүгіру техникасын орындайды. Сөрелік сызықтан шығатын 4 қадамдық жүгіру қашықтығында сызық сызыңыз. Келесі жүгіруде 10-20 м қашықтықты белгілеңіз.

Қорытыңды

5 минут

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету,мақтау мадақтау.

Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып,жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.

Өтілген сабақтың қортындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.

Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.

Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты жоспар бойынша нақты қойылған.

Қойылған оқу мақсатына сабақ соңында барлығы қол жеткізді.

Сабақ соңында саралау міндетті түрде жүргізіліп,сабақ қортындыланды.

Кіріспе бөліміне 10мин, негізгі бөлім 25мин, қортынды 5мин регламент сақталды.

Ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.

2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу