Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 85 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

  • Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.
  • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.
  • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.
  • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.
  • Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.
  • Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.
  • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.
  • Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.
  • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тисуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс.
  • Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді.
  • Футбол ойынына сәйкес спорттық киім кию, (кроссовка).
  • Футбол ойынының техникасы мен такикасын орындау кезінде өте мұқият болу.

Ойнаушылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмеу.

Жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын біріңғай тлаптарды.

Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштың түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Допты алып жүру кезіндегі қауіпсіздік:

  • Жылдамдықты азайтып, тоқтай білу;
  • «финтті» қолдана білу;
  • Қарсыласының орын ауыстырылуларын сезіне білу;

Бір –бірін итермеу.

ОҚУШЫЛАРҒА СПОРТ ЗАЛЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША НҰСҚАУ

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

ФУТБОЛ ТЕХНИКАСЫН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ ?

Футбол — көптеген қасиеттерді талап ететін жан-жақты ойын. Жақсы футбол ойыншысы болу үшін қатты жүгіру мен допты қатты тебу аздық етеді. Допты қаға білу, допты келесі ойыншыға дәл беру, яғни футболдың жалпы техникасын меңгеру маңызды болып табылады.

 1. Допты ойнату техникасын арттыратын бірнеше ойын жаттығулары белгілі. Олар «Шекіме», кедергілермен немесе қарапайым түрде доппен жүгіру, «шаршы» және «жоғарыға тебу».

 2.Шекіме жаттығуы дегеніміз — допты жерге түсірмей бірнеше рет тебу жаттығуы. Бұл жаттығуға күн сайын 15 минут бөлу керек, негізі 30 минут жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Жаттығу кезінде бір орында тұрмаңыз. Аяғыңызды кезекпен алмастырып немесе тізеңізді пайдаланып допты жерге түсірмей теуіп үйреніңіз.

 3. Доппен  жүгіруде техниканы арттыруға көмектеседі: сіз қозғалыс кезінде допты басқаруды және жүгіру кезінде доппен бірге болуды үйренесіз. Күн сайын осындай әдіспен 1 шақырым жүгіріңіз. Жүгіру кезінде баяулатып немесе тез жүгіріп дайындалу керек. Жоғарғы жылдамдықта доппен бірге жүгіруді үйренгеннен кейін, алдап үйренгеніңіз жөн.

 4. Кедергімен жүгіру әрбір кәсіби футболшыға таныс: алаңға қарсылас команда есебінде әртүрлі кедергілер, яғни белгілер қойылады. Міндет сол кедергілерді жанап кетпей жүгіріп өту.

Алдымен аз жылдамдықта дайындалып көріңіз, артынан шеберлігіңіз артқаннан кейін жоғарғы жылдамдықта дайындала аласыз.

 5. Шаршы — бұл бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан төрт ойыншының өзара жаттығу ойыны. Шаршының негізгі талабы — төрт ойыншының 1 рет допты тебу арқылы жанындағы ойыншыға допты дәл беру. Бұл жаттығу қысқа қашықтықта допты дәл беруге және допты допты қабылдау техникасына үйретеді.

 6. Футболшылардың қолданатын тағы бір жаттығуы "жоғарыға тебу".  Бұл жаттығудың негізгі талабы — бір-бірінен қашықта орналасқан екі ойыншы допты жерге түсірмей жоғарымен бір-біріне дәл беру.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақтың күні

Бүгін менің білгенім: ……

Қиындық туғызды: ……

Менде жақсы шықты: ….

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Бүгін мен білгенім: ……

Қиындық туғызды: ……

Менде жақсы шықты:

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Бүгін менің білгенім: ……

Қиындық туғызды: ……

Менде жақсы шықты: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Футбол доптары, фишкалар, конустар, рефлексия парақшалары.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:https://gigabaza.ru/doc/105337.html Ғаламтор ресурстарына сілтеме:Қозғалмалы ойындар.https://summercamp.ru/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%B2%D0%B8%D0%B6%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D1%81_%D0%BC%D1%8F%D1%87%D0%BE%D0%BCҒаламтор ресурстарына сілтеме: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындарhttps://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html

Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s

Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

https://www.uniface.kz/index.php?post=article&section=3&id=533

ФУТБОЛ ТЕХНИКАСЫН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАДЫ ?

http://kenester.kz/%D1%84%D1%83%D1%82%D0%B1%D0%BE%D0%BB-%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B9-%D0%B6%D0%B0%D2%9B%D1%81%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D2%93%D0%B0-%D0%B1/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу