«Әділ ойын» және ынтымақтастық. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 78 сабақ.


6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар

Оқу мақсаты:

6.2.6.1. Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу

Сабақтың тақырыбы:

«Әділ ойын» және ынтымақтастық.

Сабақтың мақсаттары:

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне алады.

Тілдік мақсаттар

Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.

Мыналарды қамтиды:

Шабуыл, қорғаныс

Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас

Кеңістікте бағдар алу.

Командалық жұмыс

• Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет

Көшбасшылық дағды

Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру

Ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Белсенді әрекет дегеніміз не ?

Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

• Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты тура жоғарыдан ойынға қосу техникасымен таныстырылады.

1. Допты ойынға қосу кезінде ойыншы торға бетін бағыттап тұрады.

2. Допты ойынға қосарда сызықты баспайды.

3. Сермеу кезінде түзу оң(сол) қолды артқа апарады.

4. Допты 40-50 см жоғары лақтырады.

5. Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен алға-жоғары орындайды.

6. Доптың ұшу күші жоғалмау үшін соққыдан кейін қолын жоғары-алға қарай бағыттайды.

Осыдан кейін допты жоғарыдан ойынға қосу әдісін үйрену үшін білім алушыларды екі топқа бөліп, волейбол алаңының 3 м сызығының сыртына тұрғызып, тор арқылы келесі тапсырмалар беріледі:

1) допсыз қимылын (имитация) орындайды;

2) доппен орындайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Волейбол ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;

- Соққыны қарсы бағыттағы оң(сол) қолдың(қолдың буынын қатайтып ұстап) қимылымен алға-жоғары орындайды;

- Допты ойынға қосарда сызықты баспайды.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

1. Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

2. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

3. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.

4. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.

5. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.

6. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

7. Жыртылған доппен ойнамау

8. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

9. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау.

10. Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.

11. Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.

12. Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

13. Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.

14. Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.

15. Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

16. Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.

17. Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.

18. Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

(Т, Ж, ҚБ) Топтар тордан 3м сызық артындағы сапта орналасады. Екі топ ойыншылары кезекпен алты рет допты тура жоғарыдан ойынға қосады. Цифрлы шаршыға түсіруге және көп ұпай жинауға тырысады. Допты лақтыруда қате орындаған жағдайда қайта орындауға рұқсат берілмейді және ұпайлар есептелмейді. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Волейбол ойынындағы іс-әрекеттерін түсінеді;

- Ойын кезіндегі төрелік ету ережелерін түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол доптары. Алаңды белгілеу үшін фишкалар, конустар, бор.

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

Волейбол элементтері бар ойынға сілтеме::

http://pedlib.ru/Books/6/0301/6_0301-126.shtml

Допты жоғарыдан тура ойынға қосу әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=OrkKl7TC-zg

https://www.youtube.com/watch?v=xsbBlA_5Mk4

https://www.youtube.com/watch?v=Ix-udQuObVk&t=1s

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу