Ойындар арқылы мәселені шешу. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 69 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар
Сабақтың тақырыбы: Ойындар арқылы мәселені шешу.
Оқу мақсаты: 6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу.
Сабақтың мақсаты: Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету.
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.
Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.
Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.
Белсенді дене қыздыру жаттығуларын жасау керек.
Допты дұрыс үрленгенін қарау, қатты үрленген доппен ойнамау.
Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.
Жыртылған доппен ойнамау
Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.
Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.
Допты ойынға қосу кезінде жұдырықпен допты ұрмау.
Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.
- Сабақтың ортасы.
Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:
1 тапсырма.
1-ші ойыншылар допты екі қолмен төменнен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қағып алуға тырысады. Осыдан кейін 2-ші ойыншылар лақтырады, ал біріншілер қағып алады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары қадағаланады. Допты лақтыру және қағып алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі.
2 тапсырма.
1-ші ойыншылар допты екі қолмен төменнен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден қайтаруға тырысады. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Осыдан кейін 2-ші ойыншылар лақтырады, ал біріншілер қайтарады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары, қабылдау мен қайтарулары қадағаланады. Допты лақтыру, қағып алу және қабылдау, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі.
Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек. Лақтырулар тек төменнен екі қолмен допты беру әдісімен орындалады.
Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге.
Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.
Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады.
Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мүлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалағыс да болуы мүмкін.
Сол сияқты жылдық оқу-жаттығу кезеңі жылдың екі кезеңіне бөлінуі.
Мүмкін, олар күзгі-қысқы және көктем-жазғы уақыттар болады. Бұл кезеңдерге сәйкес оқу-жаттығу процесі негізгі үш мерзімдік болып бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі шақ.Әрбір кезеңге тән жаттығу, ойын техникасын меңгеру, демалу мен ширау сияқты әдейі ұйымдастырылған оқу-жаттығу формалары бар. Машықтанушылардың спорттық жаттығушыға бапкерлер дербес жаттығуға тапсырмалар да беруге болады. Бұл – спортшының өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір шәкірт-спортшы өзінің командалық ойында атқартын қызметіне байланысты әрекетін сапалы атқарудың тәсілін күрделендірудің әдістемесін өз бетінше меңгеруіне жағдай жасайды және оның ойын процесінде кездесетін, оқиғаға алдын-ала дайындығын қамтамасыз етеді. Жаттығушы-спортшылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы командалық ойын өрнегін берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке спортшының ойыншы ретін де құнды қасиеттерін өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен оқу-жаттығудың әрбір кезеңінің міндеттері мен мақсаттарын және формаларын таңдап алу, біріншіден, жаттығу міндеттеріне, екіншіден, оқу-жаттығу көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, командадағы спортшылардың жаттығу-спорттық мүмкіншілігіне байланысты.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM https://www.youtube.com/watch?v=S98wO9zcjN8 https://www.youtube.com/watch?v=CToESO4-0jg Қозғалмалы ойынға сілтеме:http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру