Ойындар арқылы мәселені шешу. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 68 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық
6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар
Сабақтың тақырыбы: Ойындар арқылы мәселені шешу.
Оқу мақсаты: 6.2.8.1. Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді сезініп, олардың айырмашылықтарын түсіндіре білу.
Сабақтың мақсаты: Түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді және олардың айырмашылықтарын түсіндіру.
- Сабақтың басы.
Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.
I.Жалпы қауіпсіздік ережелері
1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.
2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.
3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.
4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.
5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).
6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.
7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:
-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);
-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);
-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.
8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.
II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.
3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.
4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.
5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.
6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.
7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.
III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.
2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.
3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.
4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.
5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.
6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.
7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.
8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.
9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.
IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.
Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.
Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.
Белсенді дене қыздыру жаттығуларын жасау керек.
Допты дұрыс үрленгенін қарау, қатты үрленген доппен ойнамау.
Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.
Жыртылған доппен ойнамау
Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.
Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.
Допты ойынға қосу кезінде жұдырықпен допты ұрмау.
Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.
- Сабақтың ортасы.
1 тапсырма.
Тордың 1жағында тұрған ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші жағындағы ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап, бірден қайтаруға тырысады.Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі
2 тапсырма.
Тордың 1жағында тұрған допты жоғарыдан екі қолмен өзінің үстіне жоғарыдан допты қайтару әдісімен лақтырады да, түсіп келе жатқан допты әріптесіне жоғарыдан қайтару әдісімен жібереді, ал 2-ші жағындағы ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қағып алады да, 1-ші жақтағы ойыншылар орындағандай қайтарады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі
Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек. Лақтырулар тек жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен орындалады. Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге. Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайдыОйын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады.
Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:
- Волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдықәрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;
- Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назардаұстау;
- 10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен анатомиялық -физиологиялыққұрылымын зерделі тексеру;
- Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатынарнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;
- Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-ала белгілеу;
- Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;
- Алдағы болатынспорт жарыстарыныңмақсатыменміндетінойыншылар мен бірлесе отырып талқылау;
- Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетінжүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;
- Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағыорганикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;
10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спорттта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.
Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.
- Сабақтың соңы.
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.
Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU https://www.youtube.com/watch?v=PQh3gVGPXnQҚозғалмалы ойынға сілтеме:http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру