Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 50 сабақ.
5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Оқу мақсаты:
6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу
Сабақтың тақырыбы:
Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту.
Сабақтың мақсаттары:
Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру.Бағалау критерийлері :
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезіндегі денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне біледі.
Тілдік мақсаттар
Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысыТалқылауға арналған сұрақтар:Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.
1-ші тапсырма.
(С, ҚБ) Оқушыларға шаңғыны тарату. Шаңғы және шаңғы таяғын іріктеп алу кестесі.Деннің ұзындығы 150, 155, 160, 165, 170, 175, 180, 185 смДене салмағы40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 75 кгШаңғының ұзындығы180, 190, 195, 200, 205, 210, 215, 220 смТаяқтың ұзындығы110, 115, 120, 125, 130, 135, 140, 145 смДалаға шығаруШаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.Шаңғы сабағында қауіпсіздік ережесемен таныстыру.Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осы тапсырманың дескрипторлары:
Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
1. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.2. Шарықтар кең болғаны жөн, жылы болу үшін шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек.3. Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.4. Шаңғының бекіткіші мен шарықтың дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.6. Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады. Тауға көтерілу арнайы белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақ таудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым салынады
2-ші тапсырма
Саптағы жаттығулар:Оңға, солға, айналып бұрылу. Секіріп бұрылу.Шаңғыларын кию.Саптағы жаттығулар шаңғымен.- аяқ ұшын айналып бұрылу- аяқ өкшесін айналып бұрылу - сілтей 180 градусқа бұрылу Оқу-жаттығу алаңына шаңғымен шығу. Таяқсыз сырғанау.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды; - Жаттығуларды орындау кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588 Шаңғы жабдықтарыШаңғымен бір орындағы бұрылулар, аттап басулар интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=jRf7HN5KKTk https://www.youtube.com/watch?v=bi7kxX4HArUНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру