Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 34 сабақ.


3-бөлім Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Оқу мақсаты:

6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың тақырыбы:

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Сабақтың мақсаттары:

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

Бағалау критерийлері :

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;

мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;

жылдамдық алу, көпірше жасау, аяқпен серпілу, ұшуға дейінгі қолмен серпіліс, қолмен итерілу, қонуға дейінгі қолмен интеріліп ұшу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші тапсырма.

(Т, Ж, ҚБ) Арқанға, сырыққа өрмелеп шығу.Үш тәсілмен арқанға өрмелеп шығу. Арқанға ілініп тұрған күйден, екі қолмен қолды созып арқанды ұстау. Бірінші тәсіл: Аяқты мүмкіндігінше көтеріп, арқанды қысып, аяқтың өкшесімен және тіземен қысып көтерілу(аяқты бүгіп ілініп тұру). Екінші тәсіл: Бүгілген аяқпен арқанды қысып, қол мен тартылып аяқты түзеу(бүгілген қолда ілініп тұру).

Үшінші тәсіл: Кезек-кезек қолмен жоғары тартылу, аяқпен қысып тұру.

Екі тәсілмен арқанға өрмелеу. Б.қ. - арқанға ілініп тұру, оң қол жоғарыда сол қол бастын бойында.

Бірінші тәсіл: Аяқты мүмкіндігінше жоғары көтеріп арқанды қысу.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар?

2-ші тапсырма

(Ж, ҚБ) Қолды тіреп секіру - биіктігі 100-110см ағаш аттан аяқ екі жаққа көлденеңінен секіру техникасын үйрену үшін келесі дайындық жаттығуларын орындайды:

- екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіру;

- екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі аяқты екі жаққа сермеу;

- екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қою;

- екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру;

- екі қолмен ағаш аттан ұстап тұрып, бір орында көпіршеде секіріп, екі тізені ағаш аттың үстіне қойып, ағаш аттың үстіне шығып тұру, ағаш аттан бүгіле аяқты қосып секіріп түсу;

- жүгіріп келіп гимнастикалық көпіршеден итерілу, екі қолды алға-жоғары көтеріп, екі қолмен итерілген кезде жамбас буынын бүгіп, иықпен қолды көтеріп, аяқты екі жаққа созып, бүгіле аяқты қосып түсу.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;

- қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық ағаш ат, көпірше, маттар, Гимнастикалық арқан немесе сырық, маттар.

Гимнастикалық ағаш аттан секіру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=Bs13G1_olbM

Арқанға өрмелеп шығу әдістері интернет ресурстарына сілтеме:

http://nsportal.ru/blog/nachalnaya-shkola/all/2012/11/19/lazanie-po-kanatu-metodika-obucheniya

Арқанға өрмелеп шығу әдісін үйрену интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=mzh__DLCR4M

https://www.youtube.com/watch?v=BmZujA6jixs

«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу