Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 36 сабақ.


3-бөлім Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Оқу мақсаты:

6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың тақырыбы:

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Сабақтың мақсаттары:

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету

Бағалау критерийлері :

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.

Мыналарды қамтиды:

гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;

мақсат, тәуекел, қауіпсіздік.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1-ші тапсырма

(Ж, ҚБ) Білім алушылар екі қанатты арыста жаттығуларды орындау үшін келесі арнайы дайындық жаттығуларын орындайды:

- Арыста таянып тұру;

- Таянып тұрып алға-артқа тербелу;

- Таянып тұрып, тербелу, тоқтау;

- Таянып тізені бүге кеудеге тарту;

- Таянып тұрып аяқты түзу алға созып 90 градус бұрыш жасап ұстап тұру;

- Арыста таянып тұрып, алға артқа тербеле секіріп түсу.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Гимнастика сабағындағы қондырғыларда жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;

- қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?

2-ші тапсырма. Аласа бөренеде жаттығулар орындау:

1. Б.қ. – н.т.;

2. бөренеге міну;

3. алмакезек би адымы;

4. бір аяқта тепе-теңдік сақтау «қарлығаш» бейнесін ұстау (3-5 сек.);

5. кері бұрылу, қолдар жоғарыға;

6. оң аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау, сол аяқты сермеу, астынан қол шапалақтау;

7. отыру қалпы, 90 градусқа бұрылып секіріп түсу.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Бірқатар дене жаттығуларының стратегияларын қолданады;

- Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырманы орындау кезінде қандай тактика, стратегияларды қолдандыңыздар? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Таңдалып алынған әрекет түріне гимнастикалық жабдықтар, гимнастикалық бөрене, маттар. Екі қанатты арыс, маттар.

Екі қанатты арыстағы жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=wkV3HMocam4

https://www.youtube.com/watch?v=cmAA5dfST0M

Гимнастикалық бөренедегі жаттығулар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=tDqEkT1-l64&t=1s

https://www.youtube.com/watch?v=o1te4itdIj0

https://www.youtube.com/watch?v=8S5YjJMCq-g&t=42s

«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу