Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Сабақтың тақырыбы: Жүгіру секіру реттілігі

Оқу мақсаты: 6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың мақсаты: Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

  • Сабақтың басы.

 Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

  • Сабақтың ортасы.

1 тапсырма: Сынып оқушылары «Түлкі мен тиін». қозғалмалы ойынын ойнайды. Оқушылар өз араларында бір «түлкі» мен бір «тиін» таңдайды.

Қалғандары «ағаштарды» суреттеп тұрады. Олар қол ұстасып, ойын алаңына екі-екіден тарап кетеді де, бетпе-бет тұрып, қолдарын жоғары көтереді. «Түлкі» «тиінді» қуалап, оған қолын тигізуге тырысады. «Тиін» оны болдырмау үшін «ағаштың» астына тығыла алады. "Тиін" "ағаштың" үстінде тығылып алған болса, жұп-жұппен тұрған ойыншылар қолдарын жіберместен отыра қалады. Ол арқасымен тұрған ойыншы бұдан былай "тиін" болады. Әр ойыншы кезекпен "түлкі" немесе "тиін" рөлін ойнамайынша ойын жалғаса береді.

Мұғалім оқушыларға жеңіл атлетикалық тапсырмаларды орындау кезіндегі және ойындардағы қиыншылықтар мен қауіп-қатерлер жайында ескерту тиіс.

Ойын реакция мен қозғалыс жалдамдығын дамытатынын оқушыларға түсіндіру керек.

Сұраңыз: Аталған ойынды өткізу үшін қандай қауіпсіздік шараларын қолдану қажет?

2 тапсырма: Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасы көрсетіліп түсіндіріледі. Осыдан кейін олар тапсырманы практика жүзінде орындайды.

  • «Сөреге!» белгісі бойынша сөре сызығынан бір табан өлшеп,тірелетін аяғын және итерілетін аяқтың тізесін жерге қояды.
  • Қолдарын сөре сызығына жақын орналастырады. Тірелетін және итерілетін аяқтардың арасы 10см (өз алақанының көлемі).
  • Бас денеге қатысты тік ұсталынады. Дене салмағы қолдары және тірелетін аяқтың табаны мен тізесі арасында біркелкі үйлестірілген.
  • «Дайындал!» белгісі бойынша жүгіруші аяқтарын сәл түзеу ұстайды, итерілетін аяқтың тізесін көтереді.
  • Дене түзу ұсталынады. Жіліншіктер қатар келген қалыпта жамбас иықтан жоғары деңгейге 10-20 см көтеріледі.
  • «Жүгір!» белгісі бойынша оқушы тез алға қарай ұмтылады. Бұл қимыл аяқпен екпінді итеру мен қолдардың жылдам серпілуінен басталады. Итерілу екі аяқпен бір уақытта жасалады.
  • Итерілетін аяқ сәл ғана жазылады да жамбаспен алға тез қозғалады, сонымен қатар алдыңғы аяқ барлық буындарда кенет жазылады.

 Қысқа қашықтыққа жүгіру – жеңіл атлетиканың көптараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100 м, 200 м, 400 м, эстафеталық жүгіріс 4х100 м, 4х200 м, 4х400 метрлік болып келеді.

Қысқа қашықтыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады.

        • Сөре (жүгірудің басталуы – старттан шығу)
        • Сөрелік қозғалыс (стартық қозғалыс)
        • Қашықтық бойымен жүгіру.
        • Мəре (финиш)

 Қысқа қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық күш-қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. Жүгірістің бұл түріне тəн нəрсе – аяқтың қуатты түрде жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұлшық етті, буынды бос күйде ұстап жүгіру.

 Жоғары разрядтағы спортшылар қысқа қашықтыққа жүгіргенде сөрелік тірегішті қолданады. Жарыс кезінде əр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етеді, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 80 градусқа дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынадай түрге бөлінеді: əдеттегі сөреден шығарда алдыңғы тірегішті сөре сызығынан 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті тізе ұзындығы мөлшерінде орналастырады.

Сөреден шығар кезде артқы тірегішті алдыңғы тірегішке жақындастыруға болады, алдыңғы тірегішті сөре сызығынан алшақ қояюға да болады. Бұлай істеу сөре жағдайына байланысты болмақ.

 Старт (сөреге) – қысқа қашықтыққа жүгірген кезде қолданылады. Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы жеңіл атлетшінің арақашықтығына байланысты. Тірегіштің дұрыс қойылуы, сөреден дұрыс шығудың бірден-бір кепілі. «Сөреге» деген бұйрық берілгеннен кейін, жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяғының табанын алдыңғы тірегішке қояды. Содан кейін, жүрелеп отырып, екінші аяғының табанын артқы тірегішке қояды да, артқы қойылған аяғының тізесін жерге тірейді. Қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды, саусақтарын иықтың кеңдігіндей етіп тірейді, үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы, ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып қойылаы. Бұл кезде иық тура сөре сызығы үстінде, одан сəл ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене бос ұсталуы керек.

 «Дайындал» бұйрығы бойынша артқы тізені жерден көтеріп, денені сəл ғана алға қарай еңкейтіңкіреп, жүгірушінің жамбасы иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да екі аяқты тірегіштен босатпау керек. Дененің ауырлық күші алдыңғы тірегіштен аяқ пен қол арасында бірдей түсіріледі.

 Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру қажет. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, мəре сызығына қарау керек. Дыбыс берілгеннен кейін, жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырады да, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы тірегіштегі аяқ тірегіштен серпіліп, алға қарай қозғалады. Осыдан кейін алдыңғы тірегіштегі аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы əйгілі спринтшілерде (В.Борзов, ə.Тұяқов, Ғ.Қосанов, Э.Озолин) 32-44 градус, ал төмен разрядты балаларда 60-65 градус болған. Ал жаңа бастаған жастарда одан да төмен болған. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы тірегіштегі аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.

 Сөреден шығу қозғалысы қалай болады? Бірінші адым кезінде алдыңғы аяқтың табаны сөре сызығынан 20-40 см, жерге, өте жақын қойылады. Алдыңғы тірегіштегі аяқтың серпілуі аяқталғанда дене мен бас бір сызық деңгейінде болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта. Зор күшпен серпілу – сөрелік қозғалысты үдетуге көмектеседі. Адымның ұзындығы 40 см, жерге дейін өсіп отыруы керек. Осы кезде қолдың жедел қимылы

қозғалуға əсерін тигізеді. Адымның ұзындығының өсуіне қарай жылдамдық та артады.Жылдамдықтың жоғарылауы арқылы дене бірте-бірте түзеле береді. Сөреден шыққаннан кейін денені ертерек түзету, қозғалыс жылдамдығын баяулатады.

 Сөрелік қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты – адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жие қозғалтудың маңызы зор.адым жиелігінің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейтіні есте болсын.

 Сөреден екпіндей шығу деп, спринтермен қашықтықтың алғашқы бөлімін өту. Екпіней шығудың соңында жылдамдыққа жетеді, дұрыс жүгіруші жағдайын алады, қашықтықа жүгіру басталады. Арнаулы зерттеу көрсеткендей спортшы сөреден сейін 5-6 секундтан кейін жылдамдыққа жетеді. Жүгірудің жылдамдығы адымның жиелігіне жəне ұзындығына байланысты қашықтыққа жүгіру.

 Сөреден екпіндей шыққаннан кейін өте үлкен күш салуды тоқтатады. Спринттік жүгіруде ең басты сатысы болып итеру саналады. Мықты итеру қозғалысынан аяқтары, жамбасы, аяқтың ұшы түзеледі.

 Мəреден өту – бұл соңғы адымда жылдам алға қарай еңкейту, кеудемен немесе кішкене иығымен бұрылу. Спортшы мəреге жақындағанда адымның жиіліген жəне қолдың жүйелі түрдегі жұмысын сақтау керек. Мəреден сондай жылдамдықпен жүгіріп өту керек, алда тағыда 5-10 метрдей қалғандай сондай жылдамдықпен өту қажет.Мəреден өткен кезде басты артқа шалқайтуға, қолды жоғары көтеруге жəне кілт тоқтауға болмайды.

 Шаршау пайда болысымен-ақ адым жиілігі төмендей бастайды. Жеделдікті ұзақ сақтаудың бірден-бір кепілі денені бос ұстап, еркін жүру. Сызықтың бойымен түзу жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемі техниканы көрсетеді. Қысқа арақашықтыққа жүгіруде табанды тік, алға, бір бағытта қою керек. Ал табан сырт жаққа бұрылып қойылса, итеру нашарлайтындығын есте сақтау керек.

 Арақашықтық аяқталар кезде жоғары жылдамдықты ұстауға күш салған абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп, мəре сызығынан жүгіріп өту керек. Ал бірнеше адым қалғанда секіріп өтемін деп талпынсаң, онда тепе-теңдікті жоғалтып, кей жағдайда құлап қалуыда мүмкін жəне жылдамдық өсу орнына төмендейді. Екі не үш жүгіруші мəреге қатар жаткен кезде тең сайысқа еңкейудің немесе иықты бұрудың маңызы зор. Осындай қозғалыс көбіне жеңіске жеткізеді.

Сұраңыз: Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет? Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсіндіріңіз?

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, Рефлексия парағы.Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу