Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 6 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Дескрипторлар:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

Алыс қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дұрыс тыныс алады;

Бір қалыпты жылдамдық ұсталады.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз. Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

(Т, Ж, ҚБ) Тапсырманы орындар алдында бір келкі жылдамдық сақталу қажет екендігі және дұрыс тыныс алуға аса назар аударылу қажет екендігі айтылады. Оқушыларды төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді де, 1 айналымның ұзындығы 160 м болатын қашықтыққа жүгіреді. Сөре орнына белгіленген уақыт ішінде қайта оралып, алаң бойымен бір тізбекпен жүгіреді. Әрбір кейінгі сөреде көшбасшыларды ауыстырады. Жүгірген кезде топ мүшелері бір-бірінен қалмай, тізбекті бұзбай, бір қалыпты жылдамдықпен жүгірулері тиіс. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін қалыпқа келу жаттығуларын орындайды және жасалған жұмыс талданады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

Дұрыс тыныс алады;

бір қалыпты жылдамдық ұсталынады;

алыс қашықтыққа жүгіруге арналған қалыпқа келтіру жаттығуларын орындайды.

 Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде дұрыс тыныс алу қаншалықты маңызды? Не себептен бірқалыпты жылдамдық ұсталынуы қажет? Қысқа қашықтықтарға жүгіру мен алыс қашықтықтарға жүгірудің айырмашылығы қандай?

2-ші тапсырма:

, Ж, ҚБ) «Жүгіріп өту» ойыны өткізіледі. Ол үшін алаңның қарама-қарсы жақтарына сызықтармен аралары 10-20м қашықтықта екі «үй» белгіленеді. Қатысушылар екі топқа тең бөлініп, «үйлерде» орналасады. Алаңның ортасында «жүргізуші» тұрады. Ойыншылар бір үйден екіншісіне жүгіріп өту керек. «Жүргізуші» оларды өткізбей, жугірушілерге қолын тигізуге тырысады. «Жүргізуші» қолы тиген ойыншы ойыннан шығады. Ойын келісім бойынша бірнеше рет өткізіледі. Ойынның соңында қай команданың ойыншылары көп қалса, сол команда жеңіске жетеді. Оқушыларға осыған ұқсас басқа тапсырмаларды кіші топтарда жасап, өткізуді ұсынамын.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

- Алыс қашықтыққа жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.

 Сұраңыз:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік, жүгіру жолы, бор, жалаушалар, ысқырық, уақыт өлшеуіш, рефлексия парағы.

Жүгіру техникасы интернет ресурсының сілтемесі:

http://fizkult-ura.ru/sci/legkay_atletika/6

Жаттығудың денеге әсері интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mdfRx6FNLxk&list=PLI-5x-YK2SVFXUwRw0E6PY8ZG6FIdCPX4

Орта қашықтықтарға жүгіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=XJT5Tai7otY

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу